Тараздың Зияткерлік мектебі мен кореялық Lives’ Talk компаниясы меморандумға қол қойды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
25.04.2019
999
700

Елордада Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп пен Оңтүстік Кореяның Lives’ Talk стартап компаниясының арасында әріптестік меморандумына қол қойылды.

Меморандум ғылым саласы, әсіресе фермерлерге арналған арнайы GPS трекер жұмысын жандандыру жолында жаңа көкжиектер ашады.

– Оңтүстіккореялық компаниямен меморандумға қол қою мектеп үшін маңызды оқиға. Біз балаларды стартаптармен жұмыс істеуге үйретіп, халықаралық жобалар жасауға ынталандыруға тырысамыз, – дейді Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп директоры Талғат Байназаров.

Айта кету керек, осыған дейін Тараздағы Зияткерлік мектептің 12 сынып оқушылары Бекнұр Калмаханбет пен Дәурен Тенельбаев жоба жетекшілері Мирлан Джусамбаев және Қамбар Ташеновпен бірігіп кореялықтардың жайылымда жүрген малдың орнын анықтау жобасын жетілдіруді қолға алған. Олар GPS Tracker-ді үздіксіз электр қуатымен қамтамасыздандыратын ұзындық генераторын жасап шығарды.

– Біз қазақстандық оқушылармен бірігіп жұмыс жасайтынымызға қуаныштымыз. Олардың болашақта ауқымды компаниялардың CEO – басшылары болатынына кәміл сенемін, – деді Lives’ Talk компаниясының директоры Юн Юнчанг.

Енді кореялық компанияның инвестицияларының арқасында жоба жетілдіріледі. Алдымыздағы жаз айларында стартаперлар командасы өнертабысты Алматы облысында апробацияламақшы. Болашақта трекер Қазақстандағы фермерлерге тегін ұсынылатын болады деп жоспарлануда.

– Біз жаңа технологияларды еліміздің барлық аграрлық секторына енгізіп, жобаны іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз, – деп ағынан жарылды НЗМ оқушыларының ғылыми жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі Мирлан Джусамбаев.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку