NIS оқушысы Катардағы Northwestern университетінен толық қаржыландыруға ие болды!

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
14.05.2024
999
700

Күннің жағымды жаңалығы: Біздің жарық жұлдызымыз, 12-сынып оқушысы Сабыралы Назира Катардағы Northwestern университетінен толық қаржыландыруға ие болды! 🎓🌍

Назира – табандылық пен мақсатқа, адалдық үлкен мүмкіндіктерге қалай жол табуды көрсететін үлгілі оқушы.Ол соңғы 4 жылдағы жоғары GPA бар академиялық көшбасшы ғана емес, сонымен қатар ол өмірдің кез келген саласында нағыз көшбасшы.

📚 Оның жетістіктері оқумен ғана шектелмейді. Назира баскетбол командасының үздік ойыншысы, өзін-өзі басқару ұйымының президенті, сонымен қатар вице-президент ретінде MUN клубында маңызды жұмыс жасады. Ол мектептен тыс уақытта да белсенділік танытып,волонтерлік іс-шараларға қатысып, қоғамға пайдалы іс-шаралардан қалыс қалмайды.

Міне оның еңбегі мен таланты марапатталады! Катардағы Northwestern университетінің толық қаржыландыруымен Назира білімін жоғары деңгейде жалғастырып қана қоймай, басқаларды табысқа жету жолында шабыттандырады деген үміттеміз.

Назираны осы керемет жетістігімен құттықтаймыз! Оның үлкен болашағын бұдан әрі жетістіктер күтіп тұр, оның үздіксіз білімімен әлемді бағындыратынына сенімдіміз.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку