Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ЮНЕСКО сыйақысы табысталды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
17.12.2019
999
700

Қытайдағы Цзинаньда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО Wenhui Award сыйақысы табысталды! Бұл Зияткерлік мектептердің үлкен әрі кәсіби ұжымы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттық білім беру жүйесі үшін де маңызды оқиға. NIS білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды.
Дипломмен мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған 20 мың доллар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидиноваға тапсырылды.
Wenhui Award «Білім беру – 2030» күн тәртібін ілгерілету үшін университет пен мектеп арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. 2019 жылдың финалдық кезеңінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланканың үздік университеттері болған.

ЮНЕСКО-ның сыйлығы сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпал ететін жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы сәтті серіктестік үшін – балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және дүниежүзілік жаһандық азаматтыққа дайындаған қазақстанның инновациялық мектептеріне берілді.

Беделді марапатқа ие болу туралы қазан айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарияланды. Құттықтау хатында Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат атап өтті.

– Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының атынан өзімнің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген аса құрметімді білдіріп, асқан қуанышпен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы ынтымақтастық саласындағы үздік оқу орындарының бірі ретінде танылды.

Алғашқылардың бірі болып NIS-ті жаңа табысымен 2011 жылдан бастап Қазақстанның инновациялық мектептерінің серіктесі болып табылатын Кембридж университеті құттықтады. Кембридж университеті білім беру мектебінің ресми сайтында: «Әріптестік факультеті мектебі білім беру инновациясының марапатын алды «Білім берудегі инновациялар» деген ақпарат жарияланған.
– НЗМ салмақты байқауда жеңіске жетіп, «мектептер мен студенттер арасындағы серіктестік» бағытын сәтті құрғаны үшін марапат алды. Құрылған күннен бастап, НЗМ ұлттық және халықаралық университеттермен бірге түлектерге қолдау көрсету және олардың жетістіктерін тану мақсатында ынтымақтастық орнатты. Назарбаев Зияткерлік мектептерін фантастикалық жетістігі мен осы марапатқа ие болуымен құттықтаймыз.

Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері қазақстанның үздік университеттерімен серіктестік қарым-қатынаста: Назарбаев Университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, КИМЭП, Сәтпаев университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы Менеджмент университеті, Нархоз университеті «Бизнесті әкімшіліктендіру бакалавры» мамандығы бойынша, Сүлеймен Демирел атындағы университеті және тағы басқалары.

Бүгінгі таңда NIS-programme оқу бағдарламасы мен НЗМ 12-сынып сертификатын бірқатар халықаралық ұйымдар мойындады: Ұлыбританияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы (UK NARIC), Голландияның білім беруді интернационалдандыру бойынша ұйымы (NUFFIC), Германия федералды жерлерінің және білім министрлерінің тұрақты конференциясының кеңесі және Швейцариядағы қонақүй менеджменті саласындағы провайдері Swiss Education Group.

NIS-programme оқу бағдарламасы мен Сертификатты шетелдік жоғары оқу орындары мойындады: Кембридж Университеті, Борнмут университеті, Глазго Каледония университеті, Гонконг қалалық университеті (ҚХР), Гонконг политехникалық университеті, Пусан ұлттық университеті, Йонсей университеті (Оңтүстік Корея), Монаш университеті (Австралия), олар НЗМ түлектерін жоғары оқу орнына дейінгі курсты өтпей-ақ бакалавриат бағдарламаларына қабылдайды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку