ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ -2021» ӨЛКЕТАНУ-ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
02.11.2021
999
700

«Тәуелсіздік ел  тірегі- білімді ұрпақ!» дәл осындай ұранмен Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  оқушылары «Туған елге тағзым-2021» зерттеу экспедициясына аттанды.

Экспедиция барысында өрендер Жамбыл облысында орналасқан  тарихи, мәдени, өндірістік орындарға саяхат жасап,  сакралды бағыттағы тарихи және мәдени ескерткіштерді  зерттейді. Сонымен қатар материалдық емес мұраларды насихаттайды. Қорытындысы бойынша ғылыми есептер жасап, жобалар дайындайтын болады.

Алғашқы күні оқушылар Жерұйық мекен- Жуалыға табан тіреді. Жуалыда олар батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының мұражайында болып, оның өмірі, шығармашылығы, ерлігі туралы тың ақпараттар біліп қайтты. Сонымен қатар «Burnoe Solar-1»- күн электр станциясының жұмысымен танысты. Тараз қаласындағы өнідіріс орындары  «ЦАСК» Тараз қант зауыты, «Депо» локомотиві мен «Казфосфат» ЖШС-нын аралап қайтты.

Мұнан соң  «Туған елге тағзым  – 2021» экспедиция жұмысының салтанатты ашылуы рәсімі өтті.

-Бұл жобаға алғаш рет 7-сынып оқушылар қатысып  отыр. Экспедиция оқушыларға туған өлкесін зерттеп, тарихын тануға мүмкіндік береді. Солардың негізінде түрлі жобаға қатысуға мүмкіндік болады,- деді мектеп директоры Қаракөз Абдрахманова.

Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Асыл әжелер» ансаблі ән-мен жырдан шашу шашып, оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку