Алматыда ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп “Музыка бейбітшілік пен дамудың игілігі үшін” байқауын өткізді. Байқау “ALMATY-YOUTH SPACE” жастар шығармашылық фестивалін өткізу аясында ұйымдастырылды.
Алматы ЮНЕСКО-ның креативті қалалары желісінің музыкалық қаласы болғандықтан, бұл жобаның басты мақсаты қаланың музыкалық мәдениетін көтермелеу және жас азаматтарды тұрақты дамудың құралы ретінде музыка мен шығармашылық әлеуетін ашатын жаңа жобаларды әзірлеуге және жасауға шақыру болып табылды.
Байқауға музыкалық шығармашылықпен әуестенетін және оны мәдениетаралық диалогқа, гендерлік теңдікке, бейбіт және инклюзивті қоғамға қол жеткізу үшін, сондай-ақ, ұрпақаралық алшақтықты қысқарту үшін аспапқа айналдыра білетін 16 жастан 35 жасқа дейінгі барлық жастар шақырылды.
Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Кенешбекова Аружан, Құсанбай Нұрдана, Мыңжасар Зина, Серікова Ақерке, Шадияр Айкүміс “Музыка әлем үшін”, “Музыка – ұрпақтар байланысы”, “Музыка – біздің мұра” номинациялары бойынша өз жобаларын ұсынып, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат атынан алғыс ретінде диплом алды.
Қазылар алқасының құрамына белгілі өнер және музыка қайраткерлері, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының мамандары кірді.
I-орын; «Биология» пәні бойынша Пернебек Аделя,Бейсембек Дания. Жетекшісі: Койшыгараева А.Т. «Ағылшын тілі» бойынша Келесова Мерей. Жетекшісі: Сейдуалиева З.Ш. «Орыс тілі» пәнінен Студенцов Никита. Жетекшісі: Белозерова О.И. II-орын; «Информатика» пәні бойынша Жансейт Арсен, Мейрамбек Нұрасыл. Жетекшісі: Колоханов Н.Е. «Орыс тілі» пәнінен Түкен Бибінұр, Куат Аруана. Жетекшілері: Станишевская Г.А. және Танибекова Р.Ж. «География» пәнінен Рахымжан Ерасыл. Жетекшісі: […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Нұрай Едіге Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды. Бұл мектебіміз үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектебіміздің тарихында біздің оқушымыз Катар мемлекетінен білім алатын болады. Northwestern Университеті әлемдік рейтингінде #24-ші орында, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет. Northwestern Qatar университетінен […]
NIS базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиада еліміздің 21 аймағында және көршілес Қырғызстан мемлекетінің ірі қалаларында 6-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл олимпиада жобасы 2016-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің негізінде математиканың үздік дәстүрлерінің лайықты жалғасы ретінде құрылған. Олимпиадаға өз бақтарын сынауға Жамбыл облысынан орта мектеп оқушыларымен қатар, БИЛ, Дарын, СШОД оқу […]
Зияткерлер арасынан “Believe – жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн. Кезекті жоба “CarboNick – парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.