Мұқағали Мақатаев – 90 жыл: Тараздағы Зияткерлік мектепте мерейтой айлығы басталды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
01.02.2021
999
700

Ақпанның алғашқы күнінен бастап Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын тойлау айлығы ресми түрде басталды.

Бірқатар шаралар жоспары бекітіліп, түрлі бағыттар бойынша танымдық-тәрбиелік бағдарламалар әзірленді. Мерейтой айлығына «Өз ұлтының тәуелсіздігін аңсаған азаттықтың ақыны – Мұқағали Мақатаев» тақырыбы берілді.

Бастама Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Ұлы дала ақындары» атты танымдық жобасы аясында қолға алынды. Жоба танымал классик ақын-жазушылардың еңбектерін насихаттауды мақсат етеді. Жоба аясында тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары екі жылдан астам уақыт М.Мақатаевтың өмірі және шығармашылығын зерттеп-зерделеп келеді.

Айлық кезінде «Даналық бейсенбі» жобасы аясында жазушының ұлы Жұлдыз Мақатаевпен онлайн кездесу, «Поэзия менің жүрегімде» атты мәнерлеп оқу байқауы, «Деректер сыр шертеді» тақырыбындағы әдеби кеш,  «Аққудың қанатына жазылған жыр» виртуалды сурет көрмесін өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, шаралар кестесіне «Үздік мұқағалитанушы» желілік блиц-турнирі, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын жатқа оқу жарысы, «Мұқағали әлемі» желілік интеллектуалдық ойыны, «Sprout of NIS» ән байқауы да енді.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку