Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту мақсатымен пилоттық режимде «Ауыл мектебі» жобасы қолға алынған. Жоба аясында Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жинақтаған тәжірибесін облыс аумағындағы ауылдық мектеп педагогтарына таратуды жүйелі жүзеге асырып келеді. Осы бағыттағы басқосулардың бірі Teams платформасында бүгін вебинар түрінде жалғасын тапты.
Вебинарға Жамбыл аудандық Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Байзақ аудандық Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің басшылары мен орынбасарлары, ӘБ жетекшілері, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері, жалпы саны 150-ге тарта педагог қатысты.
Бағдарламаға сай тыңдаушылар мұғалімдердің кәсіби даму жүйесін құру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында сабақты жоспарлау және қадағалау, көлденең және тік жоспарлауды ұйымдастыру, оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау, мұғалім қызметіндегі Lesson Study, Hertscam зерттеулері туралы толыққанды ақпарат алды. Кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ, оқытудың белсенді әдістері бағытындағы шеберлік сыныптарына қатысты. Зияткерлік мектептің заңгері вебинар тыңдаушыларын мектептің сараптамалық, тәртіптік кеңестерінің қызметін ұйымдастыру жайымен таныстырды.
Шара барысында негізгі басымдық қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге берілді. Ауылдық мектеп ұстаздары қашықтан оқыту кезінде тиімді сабақ өткізуге кедергі келтіретін бірнеше факторларды атады, олар: Интернеттің әлсіздігі, сабаққа берілген уақыттың жеткіліксіздігі, оқушылардан кері байланыс алу мен олардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етудің қиындығы. Олар осы және басқа да мәселелер туындаған жағдайда тығырықтан шығудың жолдарымен жақынырақ танысып, сұрақтарына жауап ала алды.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.