«MEN QALDYRǴAN ECO-IZ» Республикалық көркем суреттер мен сандық суреттер байқауы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
18.09.2020
999
700

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы, «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалардың қауымдастығы, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы «Men qaldyrǵan eco-iz» республикалық эко-марафонының аясында көркем суреттер мен сандық суреттер байқауының басталғанын хабарлайды.

 Егер сен қоршаған ортаны қорғау тақырыбына бей-жай қарамасаң, сен қалдықтарды сұрыптау бастамасын белсенді қолдасаң, суретке түсіруді және сурет салуды ұнатсаң және ең бастысы, егер экологиялық мәселелерді шешуге өз үлесіңді қосқың келсе – суреттер мен фотосуреттердің ең резонанстық республикалық экологиялық байқауына қатыс!

Байқау үш номинация бойынша өтеді.

«Аяласаң,табиғатты аяла» көркем сурет номинацисында табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығы, экологиялық проблемаларды шешу қажеттілігі және жауапты тұтыну қағидаттарын насихаттауға бағытталған суреттер қабылданады.

«Бізді қоршаған әлем» номинациясында бірегей және ерекше табиғи құбылыстардың, Қазақстандағы таңғажайып жерлердің мобильді фотосуреттері, сондай-ақ, биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығы және табиғаттың қайталанбас сұлулығын көрсететін фотосуреттер қабылданады.

«Сұрыптау – жаңа өмір стилі» – концептуалды фотосурет номинациясында қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу қажеттілігі туралы үндеулер кәсіби суреттерде сән әлемінің элементтері мен түс түрлерін пайдалану арқылы көрініс табуы қажет. Фотосуреттерді әр түрлі объектілерді қолданып тақырыптық сюжетке біріктіруге болады.

Үздік көркем суреттер мен фотосуреттер Алматыдағы билбордтар мен аялдамаларға ілінетін болады.  Арнайы тақырыптық электронды альбом шығарылады. Барлық қатысушылар сертфикатпен, ал жеңімпаздар сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.

Байқауға 12-ден – 35 жас аралығындағын  БАРЛЫҚ үміткерлер қатыса алады (жас санаттары: 12-16 жас, 17-25 жас, 26-35 жас). Байқауға қатысу тегін. Жұмыстарды қабылдау 2020 жылдың 16 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында жүреді.

«Қатысқың келе ме? Олай болса, ұнаған номинацияны таңда да, өз жұмысыңды жібер!

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdvhIC2LNBKl58FIyfb4pQ2ygKNfcCmRm03no0WAoi50FG9YQ/viewform

Тамаша Алматының көшелерін дәл сенің суретін көркейте түсуі мүмкін!

Байқау географиясы: Қазақстан Республикасы

Ұйымдастыру комитеті: тел: +7 (727) 394 32 32, +7 700 394 32 https://www.instagram.com/eco_marathon_kz?/

Ред.ескерткіші*: бұл жоба әлеуметтік сипатқа ие және қатысушылардың шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған

Ред.ескерткіші*: осы байқауға жіберілген жұмыстар басқа байқауларға қатыспаған болуы керек, интернет аумағында да кездеспеуі керек.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку