I-орын; «Биология» пәні бойынша Пернебек Аделя,Бейсембек Дания. Жетекшісі: Койшыгараева А.Т. «Ағылшын тілі» бойынша Келесова Мерей. Жетекшісі: Сейдуалиева З.Ш. «Орыс тілі» пәнінен Студенцов Никита. Жетекшісі: Белозерова О.И. II-орын; «Информатика» пәні бойынша Жансейт Арсен, Мейрамбек Нұрасыл. Жетекшісі: Колоханов Н.Е. «Орыс тілі» пәнінен Түкен Бибінұр, Куат Аруана. Жетекшілері: Станишевская Г.А. және Танибекова Р.Ж. «География» пәнінен Рахымжан Ерасыл. Жетекшісі: […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Нұрай Едіге Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды. Бұл мектебіміз үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектебіміздің тарихында біздің оқушымыз Катар мемлекетінен білім алатын болады. Northwestern Университеті әлемдік рейтингінде #24-ші орында, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет. Northwestern Qatar университетінен […]
NIS базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиада еліміздің 21 аймағында және көршілес Қырғызстан мемлекетінің ірі қалаларында 6-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл олимпиада жобасы 2016-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің негізінде математиканың үздік дәстүрлерінің лайықты жалғасы ретінде құрылған. Олимпиадаға өз бақтарын сынауға Жамбыл облысынан орта мектеп оқушыларымен қатар, БИЛ, Дарын, СШОД оқу […]
Зияткерлер арасынан “Believe – жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн. Кезекті жоба “CarboNick – парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және […]
Конференцияның мақсаты: мектеп оқушыларының «STEAM» ғылыми қоғамдастығы мүшелерінің жетістіктерін арттыру арқылы мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу идеяларын кеңейту. Жобалық және зерттеу жұмыстарымен айналысатын барлық қызығушылық танытқан оқушылар қатысуға шақырылады. Ғылыми жоба байқауларында немесе басқа да осыған ұқсас байқауларда бұрын орын алған жобалар конференцияға ұсынылмайды. БАҒЫТЫ/СЕКЦИЯЛАРЫ 1) «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» • Секциялар: Техника, Физика, […]
“Ашық алаң” зияткерлік орталығы ұйымдастырған республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауына қатысып, Ермахан Әсемай 1-орынды жеңіп алды. Байқауды ұйымдастырудың мақсаты жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру және дарынды оқушыларға қолдау жасау. Байқауға мектебіміздің жас суретшісін дайындағаны үшін жетекшісі Абаева Г.М «Алғыс хатпен» марапатталды. Жеңісті күндер жалғасуда!
Күннің жағымды жаңалығы: Біздің жарық жұлдызымыз, 12-сынып оқушысы Сабыралы Назира Катардағы Northwestern университетінен толық қаржыландыруға ие болды! 🎓🌍 Назира – табандылық пен мақсатқа, адалдық үлкен мүмкіндіктерге қалай жол табуды көрсететін үлгілі оқушы.Ол соңғы 4 жылдағы жоғары GPA бар академиялық көшбасшы ғана емес, сонымен қатар ол өмірдің кез келген саласында нағыз көшбасшы. 📚 Оның жетістіктері оқумен […]
Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды. 2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы. Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]
Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]
Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты. Соның ішінде Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды. Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]
🌱Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары: 🔹Бакирова Фатима-I-орын «Химия» пәні; 📌Жетекшілері: Котов Станислав Олегович , Рыбалкин Максим Андреевич. 🔹Айдархан Амирхан -ІІ орын«Информатика»; 🔹Бекбулат Жангерей –ІІ орын «Информатика»; 📌Жетекші: Сарсенбек Акниет Шадиярбекулы. 🔹Мухамедшарип Дана-II орын «Қоршаған ортаны қорғау»; 📌Жетекші: Аксенова Инна Валерьевна 🔹Алкан Алия – IІІ орын «Өлкетану»; 📌Жетекшілері: Исатаева Любовь Жантаевна және Аманбаева […]
“Shoqan Ecology” жас ғалымдарының ғылыми форумында, ғылыми зерттеулердің үздік нәтижесін көрсеткен мектебіміздің оқушылары Қалдыбай Барысхан, Кошмамбетов Аймер, Тәжіхан Қанат, Жұмақадыр Сұлтан, Тәжіхан Мади І-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ форумда Файзрахман Айбек ІІ-орын, Серікбай Аяулым, Көбейсін Нұрай ІІІ-орынды жеңіп алса, белсенділік танытқаны үшін Албай Сәуле қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Зияткерлер форумда алға шықты🔥
8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]
Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]
Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]
Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз
Мектебімізде Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашокеевтің қатысуымен облыстық жастар форумы өткізілді. Форум барысында түрлі жобалар таныстырылып, “Әулиеата жастары” энциклопедиясының тұсауы кесілді. Форум жас таланттардың ғылыми жобаларымен таныстырылымнан басталды. Жас талапкерлердің үздік деп танылған 15 жобасы таныстырылды. Соның ішінде мектебіміздің оқушылары Қанат Тәжібай,Барысхан Қалдыбай, Амирхан Айдархан және Жангерей Бекбулат, Аймер Кошмамбетов жарыққа шыққан жобаларымен бөлісті. Жарыста […]
“Экологиялық білім берудің үздік ұйымы” Ұлттық байқауында “Үздік экологиялық” жоба номинациясы бойынша мектебіміздің оқушылары Жұмақадыр Сұлтан, Қалдыбай Барысхан,Тәжіхан Қанат,Тәжіхан Мади І орын жеңіп алды. Байқауға арнайы ұсынылған жоба “Future Solar Power Plant– күн панельдерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндірудің жаңа түрін ойлап тапты.Арнайы жасалған қалқымалы құрылымның және автономды IT жүйесінің (ақылды күн трекері және күн […]
EdGiving Alumni NIS: білім мен тәжірибені оқушылармен бөлісу үшін мектепке оралды. Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 9-12 сынып оқушыларымен NIS түлектері және мұғалімдердің қатысуымен «SAMGAU» форумы өтті. Бүкіл еліміз бойынша 22 Назарбаев Зияткерлік мектептері ұясынан ұшқан түлектері үшін есіктерін айқара ашып қарсы алуда. Жиынға мектепті әр жылы тамамдаған түлектер қатысып, ұтқыр ойларымен бөлісті. […]
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасында өткізілетін информатикадан ХV Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы. 11-12 желтоқсан аралығында Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында Қазақстан,Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің XV Еуразиялық олимпиадасы өтті. Олимпиада 3 мектеп оқушысы мен 1 жетекшіден тұратын командалық жарыс. Финалдық кезеңге 75 команда, оның ішінде НЗМ оқушыларымен 8 команда жолдама алды. Олимпиада нәтижесінде НЗМ қоржынына […]
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқауда 30 жеңімпазға 3 млн теңгеден сыйақы табысталды. Гранттар жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыруға ұмтылған жастарға берілді. Бұл жолы конкурс жалпы 5 бағыт бойынша жүзеге асты. «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», және «Медиа» саласынан 1000 нан астам жоба авторы сайысқа қатысып ең үздік деген 30 […]
Қоржынға +1 Жеңіс! Құрметті әріптестер “TURAQTY JOL” экологиялық идеялар мен жобалардың Республикалық, ұлттық экономикалық эконауқан аясында өткізілген “Су ресурстарын қорғау” тақырыбындағы шығармашылық байқауда физика пән мұғалімі Джусамбаев М.Т. тағы да жеңісті жобаны қорғады. Қазақстанның түкпір түкпірінен жиналған 700-ден астам қатысушылардың арасынан алға шығып, графикалық дизайн және фотосурет наминациясы бойынша “Су гармония графикасы” жобасының жеңімпазы атанды. […]
Қазақстан және шет елдерден, соның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Түркменстан мемлекеттерінен математикадан 186, физикадан 69, информатикадан 37 мұғалім қатысқан дода да мектебіміздің мұғалімдері де бақ сынасты. Дәстүрлі байқау биыл 10–шы рет Алматы қаласында өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты мұғалімдердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, басқа елдердің педагогтарымен өзара байланысын арттыру. Байқауға Тараз қаласы […]
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті. Шапағат байқауы ғылыми жобалар мен өнертапқыштар үшін таптырмас мүмкіндік. Осы жылы байқау 18-ші рет өтуде.Бұл уақыт аралығында бұл нағыз таланттар үшін ең үлкен мерекеге айналды. Байқаудың мақсаты – қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін және отандық кәсіпорындардың көрнекті жетістіктерін қолдау және […]
📍Еуропадағы халықаралық ғылым, мәдениет және өнер академиясындағы ресми халықаралық жарыстарда, соның ішінде Париж “Euro Vedia Star Group” Француз республикасында байқауға қатысқан зияткерлер жетістікке жетті. Марапаттау рәсіміне Париж және Ницца қалаларына шақырту келді. 🔹Diploma laureate 1prix Saule AlbayТақырыбы: “Органикалық қалдықтарды құнарландыра отырып жануарлар жемін дайындау”.Жетекшісі: Култасова Сериккул Утеновна🔹Diploma laureate 1prix Aitzhan Abdiraim Тақырыбы: ” Талас өзенінің […]
Мектебіміз Тараз қаласының әскери госпиталімен бірлесе отырып ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандумның мақсаты тараптар арасында шефтік жұмыс көрсету, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және өмір қауіпсіздік негіздеріне, алғашқы көмек көрсету әдістеріне оқыту, олардың кәсібилігін арттыру мақсатындағы ынтымақтастық болып табылады. Алдағы уақытта бірлесе отырып дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, практикалық сабақтар жүргізу жоспарға енгізілді. Ынтымақтастық аясында […]
Kyeongpuk национальный университет Республики Корея и Назарбаев Интеллектуальная школа города Тараз подписали меморандум о сотрудничестве. Соглашение открывает новые возможности двухстороннего сотрудничества в сфере науки и углубление понимания экономических, культурных, экологических и академических преимуществ. Планируется, что в дальнейшем создана программа по обмену опытом и сотрудничества между их соответствующими учреждениями. Координатором данной встречи является Нагима Кенжебековна, преподаватель […]
«Химия» секциясы бойынша Үшінші орын Зере Есентай – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Өлкетану» секциясы бойынша Үшінші орын Жибек Турарова – Тараздағы NIS Мансур Талипбек – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Қолданбалы математика» секциясы бойынша Екінші орын Аружан Жақсылық – Тараздағы NIS Әлназар Маратұлы – Тараздағы NIS Жеңістеріңіз құтты болсын!
2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп “Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу” тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары […]
Смет Асылхан – 1 орын Рустемова Аяжан – 2 орын Ұлан Аяла – 3 орын Мектеп атын қорғаған үш оқушымыз география және биология пәнінен бағын сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Барлық жеңімпаздарды және жетекшілерін шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!
Назарбаев Зияткерлік мектептері NIS-тің әлемдік стандарттарын растайтын беделді еуропалық сертификатқа ие болды Германиядағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде Күләш Шәмшидиноваға NIS Педагогикалық шеберлік орталығын жаңа сертификаттау туралы куәлік табысталды. Германияның Байройт қаласындағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жетістігі туралы куәлік табыс етілді. Бұл – мұғалімдердің кәсіби дамуындағы «Мектеп командасы: […]
«Alumni NIS» қағидаттарына айналған OTANYŃDY SUI, ÄLEMDI ÖZGERT, ADAL BOL сөздері Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында өткен кездесуінде айтылды. – NIS-тің мен үшін нағыз әлеуметтік лифтке айналып, үлкен мүмкіндіктер берген мекен екенін мақтанышпен айту үшін осындай тамаша сәтті күттім, – деп мойындады Hochschule Rhein-Waal студенті Амина Бақтиярова: – Мен Өскемен […]
Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін сайтта онлайн-брондау сервисі арқылы талон алу мүмкіндігі болмаған жағдайда Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларына келіп, кезек тәртібімен құжат тапсыруға болады.
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Олимпиаданың» мектепішілік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Мектеп директоры осындай олимпиадаларға қатысып, өз бақтарын сынап, білім деңгейін жоғарылатып жатқан оқушыларға ризашылығын білдірді. Республикалық кезеңге өткен оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Алматыда өткен XI Халықаралық шығармашылық байқауды математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамытып, құзыреттілігін арттырып, тәжірибе, білім алмастыру мақсатында «Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Олимпиада аясында ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев байқауға қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі. Олимпиадаға жалпы 280 мұғалім қатысты. Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Арайлым Түктібаева үшінші […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Даналық бейсенбі» жобасы аясындағы «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлымен кездесу ұйымдастырылды. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған кездесу мақсаты: мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру. Жиын Махметғали Нұрғалиұлы туралы ақпараттық бейнероликтен бастау алды. Сұхбат аясында оқушылар Махметғалы Нұрғалиұлының балалық шағының қызықты естеліктерімен, қызмет барысындағы тағылымды тәжірибесімен танысты. Махметғали Нұрғалиұлы оқушыларға өрелі өмірінің қызығы […]
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XV Президенттік олимпиадасынан 3 орынды иемденді. Құттықтаймыз!
Жамбыл облыстық маслихат хатшысы Махметғали Нұрғалиұлы жұмыстар қойылған көрмені тамашалап, оқушылардың еңбегіне жоғары баға берді. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері келген қонағымыз Махметғали Нұрғалиұлымен мектепішілік экскурсия жасады. Өз кезегінде маслихат хатшысы оқушылардың еңбегін ерекше бағалап «Даналық бейсенбі» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуде «Болашақ білімділердің қолында» екенін атап өтті.
Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия, биология, ағылшын тілі, информатика, география, казақ тілі, қазақстан тарихы, дене шынықтыру пәнінің ұстаздары ашық сабақ өткізудегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Кітапхана қызметкері мен педагог – кураторлар “Оқушылардың ақпараттық және функционалдық сауаттылығын дамытуда кітапханының ролі», «Оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдаларын қалыптастыру», «Туған елге тағзым жобасының ұйымдастырылу ерекшеліктері» тақырыбтарында семинар-тренингтер ұйымдастырды. […]
Студенттер облыстық конференция жұмысымен танысты. Мектептің «Ағылшын тілі» әдістемелік бірлестігінің ұстаздары мен кітапхана қызметкері Әсел Журумбаева ұйымдастырған арнайы шебер-сыныптарына қатысты. Кездесу мақсаты – студенттерге қаладағы ең үздік мектептерді, ондағы педагогикалық қызметтің ұйымдастырылуы мен барысының қыр-сырымен таныстыру. Студенттер жиыннан жақсы әсер алды. Әр студент өз ісінің маманы болу үшін осындай практикалық жұмыстар өз септігін тигізері сөзсіз.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан жас дарындарымыз Ошан Әсел, Рүстемова Аяжан, Хусаинов Исламнұр, Ұлан Аяла, Чиналиева Аиданың ата-аналарына министрдің алғыс хаттарын мектеп директоры Қаракөз Ізбасарқызы табыстады. «Құрметті ата-ана! Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан жас дарындарымызды мақтан етеміз! Ойы ұшқыр, жалынды […]
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды. Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізіледі. Кешенді тестілеу 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді. Зияткерлік мектептерге оқушыларды қабылдау […]
NIS оқушылары арасында волейболдан дәстүрлі желілік спартакиадада Тараз спортшылары 1 орынға ие болды. Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен ата-аналар ерекше көңіл-күйде жеңімпаздарды күтіп алды. Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектепте өткен аймақтық кезеңге Қызылорда, Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қаласынан 100-ге жуық волейболшы жиналып, жүлделі орын алу үшін бақ сынады. Оқушылардың дайындығы мен жеңіске деген құлшынысының […]
Қызылордада волейболдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі командалар шеруімен басталды. – Оқушыларымыз жоғары кәсібиліктерін көрсетіп, жанкүйерлеріне қызыққа толы тартысты ойын көрсететіндеріне сенімдімін. Спартакиада барысында жас спортшылар жаңа достар тауып, демалыстарын тиімді өткізеді деген ойдамын, – деп Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ барлық қатысушыларды спорттық мерекенің басталуымен құттықтады. Сыр бойындағы Зияткерлік мектеп директоры […]
Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі, белгілі педагог және мемлекет қайраткері Шәмша Беркімбаеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған еске алу іс-шаралары аяқталды. NIS Шәмша Көпбайқызымен дос болған, бірге оқып, қызмет атқарған тұлғалардың басын қосты. Ауқымды шараның Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ашылуының терең мағыналық мәні бар. Тәуелсіз Қазақстанда жоғары оқу орынның табысты жандануы 2003 жылы Шәмша […]
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдары оқушылары арасында желілік «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан спартакиада ұйымдастырылды Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Осы тұста Назарбаев Зияткерлік мектептері де жарыс ұйымдастырып өз үлесін қосуда. Ойынды оқушылар онлайн ойнады. Әр мектептен төрт оқушы қатысты. Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектептен Қыдырбек Ералы, Аташбек Данара, Нұрланқызы Бибігүл, […]
«Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында «Қазақ тілі және әдебиеті» әдістемелік бірлестігі 7- сынып оқушылары арасында «Асыл сөздің қайнары – мақал-мәтел» тақырыбында тапқырлар байқауын ұйымдастырды. Байқауда оқушылар «Көкжиек кеңістігі», «Суреттер сөйлейді», «Тапқыр болсаң, тауып көр!» деген үш кезеңмен бақ сынады. Әр сыныптан 4 оқушы қатысты. Іс-шара мақсаты: мақал-мәтелдің өміріміздегі маңызын арттыру, оқушыларды шешен сөйлеуге, тапқырлыққа […]
«Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және қыш өңдеу ісі мен зымыран құрылымын жасау үйірмелерінің жетекшілері балаларды қол өнерге баулу мақсатында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шеберлік сағатында NIS оқушылары өз білімдерімен бөлісіп, балалар бірге әдемі ұшақтар және қыштан бұйымдар жасады. Балалар ұйымдастырылған іс-шарада бір-бірімен таныса отырып, жақсы көңіл күймен достық сезімдерін […]
Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы ұйымдастырған Халықаралық өнер фестивалінде Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мөлдір Сералы жеңімпаз атанды. Бұл өнер фестиваліне Индия, Филиппин, Корея, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен 12-17 жас аралығындағы 46 адам қатысты. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті. Өнер додасына қатысқан қылқалам шеберлері бір қалаға жиналып танысып, ерекше көңіл-күйде тарқасты.
Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Асқар тау алыстаған сайын көріне түседі» Әуезов ғұмырнамасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Абилакимовамен 10 «Н» сынып оқушылары Ағаділ Бағдәулет, Абдулла Айлара, Амангелді Нұрислам, Охапов […]
Знание иностранного языка открывает для человека целый новый мир В 2016 году я окончила Назарбаев Интеллектуальную школу города Тараз, а спустя шесть лет вернулась в школу, теперь уже учителем. Мне хорошо давались математика с физикой, чего нельзя было сказать об английском. Однако за 3 года обучения мой уровень значительно повысился, за что спасибо школе и […]
Биылғы жылы 96 оқушы жақсы оқып, жақсы дамуға салтанатты түрде ант берді.
35-тен астам елде өз тиімділігін дәлелдеген «Берік отбасы» халықаралық жобасы 2018 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асырылуда. Жоба мақсаты – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтарға – отбасы құндылығын сақтауға, ата-аналарға, қамқоршыларға балаларына қолдау көрсете білуді, күн тәртібін бұзбай, бала тәрбиесімен айналысуға икемдеуді, сонымен қатар балалардың болашаққа деген сенімін арттырып, олардың ата-анасымен жақсы қарым-қатынас орнатуына […]
Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Бұл күн мектеп үшін өте маңызды, өйткені біздің басты мақсатымыз – интеллектуалды, дені сау және көптілді тұлға құру. Қазақ тілі кафедрасының ұстаздары оқушыларға Тіл туралы мақал – мәтелдер айту, “Тil battle” тіл туралы сұрақтар қою арқылы ойындар ұйымдастырды. Жақсы жауап берген оқушыларға сыйлық […]
Қонақта Диас Ахмет 2016 жылы Тараздағы NIS түлегі атанып, Гонконг политехникалық университетіне толық грант бойынша оқуға түскен. 2017-2018 оқу жылы үздік студенттерге арналған декан тізіміне енген; 2020 жылы университетті екінші ерекшелік дәрежесімен (екінші үздік, жоғары сынып) бітірген; 2020 жылдың күзінен 2021 жылдың көктеміне дейін екі орта мектеп оқушысын 8 ай бойы IELTS емтиханына дайындап, оларға […]
География пәнінен олимпиадаға дайындалу мақсатында элективті курс оқушылары Алмалы аңғарына (Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь-Шань) экспедицияға барды. Мақсат теориялық білімді практикамен ұштастыру және 11-сынып оқушыларына сыртқы жиынтық бағалауға дайындалуға мүмкіндік беру. Бұл саяхатта зияткерлер еліміздің ғажайып табиғатын зерттеді, құрал-жабдықтармен жұмыс жасады. Гид рөлін атқарған Ташманбетов Құдайберген КСРО-ның ең биік шыңдарын қалай бағындырғанын, «Қарлы Барыс» атағын алу […]
IRPro Халықаралық жарысына 22 елден, 75 қатысушы өз жобаларын қорғады. Онлайн форматта өткен сайыста Ілияс Қазақстанды өз елінің болашағын ойлайтын патриот ретінде керемет таныстырып көзге түсті. – Халықаралық денгейдегі жарысқа бірінші рет қатыстым, сайыс тамаша әсер қалдырды, қорқыныш сезімі болғанын да жасырмаймын себебі, шетелдік қатысушылар да мықты жобалар ұсынғанын көрдім. Ата-анам жеңісімді естіп қуанғанда, жүрегімде […]
Тараздағы NIS оқушысы Саят Әбдіқұл «TARTYL FEST» спорт фестиваліне қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды. Турникте 26-рет тартылған Саят, екінші орынға тартысты ойында турникте 30 рет көтерілу көрсеткішімен 18 жасқа дейінгі 55-70 салмақ дәрежесіндегі қарсыласын әділ жеңді. – Жалпы спортпен шұғылданғанды жақсы көремін, мен үшін алған орнымда, берілетін сыйақы да маңызды емес. Осындай жарыс өткізіліп […]
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Infomatrix-Asia 2022» халықаралық компьютерлік жобалар байқауынан 1 алтын және 2 күміс медалін жеңіп алды. Алтын медаль иегері атанған Адия Керимкулова «Computer Art» категориясы бойынша «Enlightenment» жобасын қорғады. Жетекшілері: Юлия Прячникова. Күміс жүлде иегері Саят Абдикул «Бағдарламалау» категориясында «Website for ielts speaking qasqyr» тақырыбын ұсынды. Жетекшілері: Аңсар Әкім, […]
Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021-2022 оқу жылының аяқталуына орай «Соңғы қоңырау» салтанаты өтті. 88 түлек алтын ұя мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алды. Мерекелік жиында мектеп директоры Қаракөз Абдрахманова мен қамқоршылар кеңесінің төрайымы Айман Каримова жиналған қауымды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп бітірушілерге сәт сапар тіледі. «NIS Alumni» түлектер ассоциациясының менеджері, 2019 жылдың […]
Тараздағы NIS оқушыларына еліміздің іргелі оқу орны Astana IT университетінің өкілдерімен кездеу ұйымдастырылды. Басқосуда универститет ректоры Қазақстан Республикасының мектеп бітірушілері мен колледж түлектері арасындағы IT-жобалар Республикалық конкурсында 3-орын иеленгені үшін Ильяс Бибарысқа Astana IT университеті ректоры оқу грантының сертификатын табыс етті. Зияткер аталған байқауға «Су қоймаларын пластик қалдықтарынан тазартуға арналған автономды құрылғы» жобасын ұсынған болатын. […]
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Халықаралық “Химик- зерттеуші” байқауынан жеңіспен оралды. Әр қатысушы жеке жоба әзірлеп, оны қазылар алқасының алдында презентация түрінде қорғады. Жалпы, мұндай байқау 7-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын ұйымдастырылады. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу, мектеп оқушыларының химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және ынталандыру. Қазақстан Республикасының ғылым […]
Тараздағы NIS оқушысы Бағлан Жұбатқанов халықаралық Балтық ғылыми-инженерлік байқауында 2- орын қанжығалады. Бағлан байқауға жетекшілері Максим Рыбалкин мен Балжан Дүйсекеевамен бірлесіп, «Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптаушы Робот» жобасын ұсынды. – Осы құрылғы арқылы біздің өңіріміз ғана емес, республикалық деңгейдегі экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндігіміз бар. Аталған жұмыстың өзектілігі сол робот тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үшін тиімді жіктеп, […]
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Олимпиаданың облыстық кезеңінен Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары он жеті жүлделі орынмен оралды. Желілік білім бәйгесі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Қостанай қалаларындағы Зияткерлік мектеп базаларында өтіп, республиканың 700-ден астам зияткерлерін бір ортаға жинады. Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 30-дан астам оқушысы олимпиадаға қатысты. Білім сайысына бірінші болып […]
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен ЖО Білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастырумен жалпы білім беру мектеп мұғалімдері мен «Ауыл мектебі» жобасына енген мектеп мұғалімдеріне «Тиімді оқыту: оқыту әдістері мен тәжірибеде қолдану» тақырыбында тәжірбие тарату семинары өтті. Тәжірбие алмасу семинарына 283 мұғалім қатысты. Мектебіміздің география, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қазақ тілі […]
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Аружан Жақсылық Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында қола медаль жеңіп алды. Жас зерттеуші волейбол ойынында жеңіске жетудің математикалық есептеулерін жасап шығарды, сонымен қатар ойыншылардың ойын барысындағы қозғалыстарын бағалауға арналған бағдарлама жазды. Аружанның ғылыми жұмысы математика мен информатика пәнін біріктірген пәнаралық зерттеу […]
Білім бәсекесінде 800-ге жуық оқушы бақ сынаған болатын. Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары аталған сайыста үш алтын, үш күміс, екі қола медаль қанжығалады. Биология пәнінің сарапшы мұғалімі Инна Аксенова жетекшілік еткен үш бірдей оқушы «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша Ақәділ Айту (Создание установки для очистки водохранилища Тасөткел от […]
«Оқушылардың жаратылыстану және ғылыми сауаттылығын, креативті ойлау мен оқу сауаттылығын сабақта дамыту» мақсатында Тараз қаласы-физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік кабинетімен біріге отырып, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған семинар -практикум өткізді. Семинардың практикум барысында сабақта оқушылардың жаратылыстану- математикалық сауаттылығын дамыту бойынша оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оқытудың […]
Республикалық ғылыми жобалар сайысында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары топ жарды. Атап айтсақ, 1-орын: «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша – Ақәділ Айту. «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша Зарифжон Рахимов. «Биология» бағыты бойынша – Арсен Жұмағали 2-орын: «Тарих» бағыты бойынша – Мерей Марат, Фариза Құрманбекова. «Математика» бағыты бойынша – Аружан Манарбекова. 3-орын: «Өлкетану» бағыты бойынша […]
Математика, физика және информатика олимпиадалық резерв мұғалімдері мен жаттықтырушыларына арналған IMPACT Olympiad – ІV Халықаралық ашық шығармашылық конкурсында Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Айнұр Жақыпбек қола жүлде иегері атанды. Конкурс кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен жаттықтырушыларды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу мақсатында өткізілді. Байқауда Қазақстан және […]
Аймақтағы дарынды балалармен кездесу мақсатында өткен «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ДАРЫНДЫ ҰЛАНДАРЫ» атты форумға 500 дарынды оқушылар, мектеп басшылары және пән мұғалімдері қатысты. Олардың қатарында Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары да бар. Аружан Манарбекова- «Халықаралық математика және жобалау» халықаралық ғылыми байқауының 1 орын жеңімпазы, Вернадский атындағы жалпыресейлік оқушылардың ғылыми зерттеу конкурсының лауреаты, Назарбаев Зияткерлік […]
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 21 мұғалімі Макаода өткен WALS-2021 (Дүниежүзілік сабақ зерттеу қауымдастығы) «Revisiting Lesson and Learning Studies: Accessibility, Quality, and Sustainability» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференция жұмысында өздерінің іс әрекеттегі және сабақты зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Конференция барысында Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қашықтан оқыту жағдайында жүзеге асқан мұғалімдердің кәсіби дамуына […]
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары математика, физика, информатика мұғалімдерінің VIII Халықаралық шығармашылық байқауында 1 және 3 орын иегері атанды. 1-орын иегері информатика пәнінің мұғалімі Ақниет Сәрсенбек, 3-орын жеңімпазы математика пәнінің мұғалімі Айнұр Жақыпбек, сондай-ақ математика пәнінің мұғалімі Арайлым Түктібаева алғыс хатпен марапатталды. 200-ден астам қатысушының басын қосқан халықаралық байқау Қазақстан математика пәні […]
1-3 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан ІV желілік спартакиадада мектеп намысын қорғаған Данара Аташбек 7-9 сынып оқушылары (қыздар) арасында жеңіске жетіп,1-орын иегері атанды. Бала кезінен тоғызқұмалақ ойынын қызыға ойнайтын Данара бүгінде талай жетістіктерге жеткен. Облыстық, қалалық жарыстардың жеңімпазы,спорт шеберлігіне үміткер. Жарыста Назарбаев Зияткерлік мектептерінен жалпы 90 оқушы бақ сынады. Данараны жеңісімен құттықтаймыз!
Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында жыл сайын өткізілетін желілік ғылыми жобалар сайысында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі командалық есепте 1-орын иегері атанып, әртүрлі пәндерден 9 жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ, 1-орын: «Таза табиғи орта- «Қазақстан-2050» жүзеге асырудың негізі» бағыты бойынша – Арсен Жұмағали, Ақәділ Айту, Зарифжон Рахимов. «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» бағыты […]
«Туған елге тағзым-2021» зерттеу экспедициясының екінші күні жас өлкетанушылар Тараздағы кесенелердің тарихымен танысты. Оқушылар ең алдымен «Қазақ хандығы» монументінде болды. Бұл монумент Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне Жамбыл облысынан енгізілген 27 нысанның бірі. Мүсіндік композициядан тұратын монументте ақ мәрмәрдан жасалған 27 метрлік стела және Керей мен Жәнібек хандардың 5 метрлік мүсіндері бар.Ескерткіш Қазақ хандығының 550 […]
«Тәуелсіздік ел тірегі- білімді ұрпақ!» дәл осындай ұранмен Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Туған елге тағзым-2021» зерттеу экспедициясына аттанды. Экспедиция барысында өрендер Жамбыл облысында орналасқан тарихи, мәдени, өндірістік орындарға саяхат жасап, сакралды бағыттағы тарихи және мәдени ескерткіштерді зерттейді. Сонымен қатар материалдық емес мұраларды насихаттайды. Қорытындысы бойынша ғылыми есептер жасап, жобалар дайындайтын болады. […]
Летом 2021 года прошёл курс по «Дизайн-мышлению» при поддержке Фонда Girls Power и National Alumni Network. По его окончанию 9 октября прошёл оффлайн-хакатон по решениям социальных проблем на котором, девушкам предлагались различные кейсы, решение которых они должны были предложить в течении 3 часов. По результатам старт ап хакатона команда NIS Power AIKI Team Машанло Камилла, […]
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2021 жылғы «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында шығармашылық жұмыстар мен жобалардың желілік байқауы қорытындыланды. Биыл екінші рет өткен дәстүрлі экспедицияда тараздық 35 оқушы 27 зерттеу жұмыстары таныстырды. Мектепшілік кезеңнен іріктеліп шыққан жұмыстар – «Туған өлкем-жұмақ мекен», «Ұлт руханияты-бабалар аманаты», «Селт еткізер-ерен той», «Туған жерім-тұғырым», «Өндірістік инновация кепілі-зияткерлік әлеует», «Әлеуметтік кәсіпкерлік және […]
30 қыркүйек күні Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары «Ауыл мектебі» жобасы аясында Б. Бесбаев және Н. Ақшабаев мектептерінің ұжымына арнап семинар ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – ауыл мектептері кадрларының біліктілігін арттыруға әдістемелік қолдау көрсету, оқушылардың сау-саламаттылығын қамтамасыз ету және балалардың білімін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру бағытында зияткерлік мектептегі үздік тәжірибелермен бөлісу болатын. Іс-шара үш […]
Қуанышты жаңалық! Тараз қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі мұғалімі республикалық «Үздік педагог-2021» республикалық конкурсының жүлдегері атанды: тарих пәнінің мұғалім-сарапшысы Исатаева Любовь Жантаевна және қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалім-сарапшысы Молдабек Эльмира Жандарқызы. Исатаева Любовь Жантаевна – өзінің іс -тәжірибесінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс – тәсілдерін, атап айтар болсақ: жеке тұлғаның дамуына бағытталған […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы облыстың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырып аясында облыстық тәжірибелік семинар өткізді Семинар оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру, соның ішінде оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептеріне дайындау үшін жалпы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, оқытудың заманауи педагогикалық тәсілдерін қолдануда мұғалімдердің құзыреттілік деңгейін қалыптастыру, […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің мұғалімдері және оқушылары АҚШ-тың Арканзас штатыда орналасқан Дюма жоғары мектебімен онлайн кездесу өткізді. Бұл кездесудің басты мақсаты – оқушыларды жаһандық азаматтыққа баулу, еліміздің ұлттық құндылықтарын шет елдік оқушыларға таныстыра отырып, білім, мәдениет және технология аясында серіктестік қарым- қатынас орнату. Алғашқы кездесуде оқушылар ұлт – аралық келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп […]
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, 119 оқушы мектепті тамамдауда. Олардың 5 оқушысы «Алтын белгі» және 16 оқушы «Үлгілі аттестат» иегерлері. Жалпы 39 түлегіміз әртүрлі шетелдік университеттерге шартты шақырту алса, 23 жуығы Назарбаев Университетіне «Foundation» курсына жолдама алды. Салтанатты шара әсем әнмен, көңілді бимен әрленді. Ата -аналар,түлектер тілегінде,мектепке, мектеп ұжымына, мемлекетке алғыстарын жеткізілді.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобасының “RoboTaraz” сайысы өтіп, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды. Ғылыми жобалары үздіктер қатарынан табылған 11 А сынып оқушысы Жұбатқанов Бағлан бірінші орынға ие болды. Ал, «DEVILEYES» тобы «Шаң сенсоры» жобасымен үшінші орынды қанжығалады. Бұл жобаның авторлары: Рыскельдиев Нұрболат, Жолдасбаев Арман, Қалиқызы Дания, Баялы […]
Ақтау қаласындағы NIS-те «Caspian Startup – 2021» халықаралық стартап-жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Үшінші «Caspian Startup» байқауының тақырыбы ретінде жаңаратын энергия көздері таңдалды – ұйымдастырушылар жастарды да, кәсіпкерлерді де баламалы энергия көздерімен таныстыру мақсатын ұстанды. Сарапшылар мен кәсіпкерлерден жиналған конкурстық комиссияның назарына Қазақстан, Әзірбайжан және Түрікменстанның жас зерттеушілері қатысқан 89 жоба ұсынылды. Байқаудың ақтық сынына 15 […]
Тараздағы NIS-тің он екінші сынып оқушысы Тимур Амангелдиев AITU iCode бағдарламалау бойынша Республикалық олимпиаданың финалдық кезеңінде екінші орын алды. Сондай-ақ, Олимпиада ұйымдастырушысы Astana IT University Тимурға аталған ЖОО-да оқуға грант сыйлады. Тимурдың өзі олимпиадаға қатысу оған бағдарламалау дағдыларын жетілдіруге көмектескенін айтады. Бағдарламалау тапсырмаларын шешумен қатар, қатысушылар IT индустриясының мамандарынан шеберлік сабақтарын алған. Биыл олимпиадаға Қазақстанның […]
«Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылардың халықаралық ғылыми конференциясында Тараз қаласы Зияткерлік мектебінің оқушылары 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Мектеп қоржынына медальдарды 1 орын иегерлері Ж.Е. Закирхан, М.Е. Жақсылықова, А.А. Жұмағали, А.А. Анарбаева, Н.Т. Наршибаева, 2 орын иегерлері А.Е. Шерхан, Н.Т. Наршибаева, М.Нұржанов, Е.Шәкен, Б.Қошанай, А. Ярмухаметов, […]
“Bilim Land “компаниясы, Назарбаев Зияткерлік мектептері “ДББҰ және Елбасы академиясы ұйымдастырған педагогикалық онлайн-конференцияда пандемия жағдайында қашықтықтан оқыту режимінде өткен 2020-2021 оқу жылының қорытындысы шықты. Конференция аясында “Online Mektep” жобасының үздік пән әзірлеушілерінің есімдері жарияланды, олардың қатарынан біздің мектептің мұғалімдері: И.В. Аксенова, биология пәнінің мұғалім-сарапшысы және Г. А. Станишевская, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалім-сарапшысы табылды. Инна […]
Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі озық тәжірибені тарату бағытындағы тұрақты әрі табысты еңбегі үшін Жамбыл облысының ауыл мектептерінің ұжымы атынан алғыс алды. Кеше, 18 мамыр күні Зияткерлік мектеп ұстаздары «Ауыл мектебі» жобасы аясында семинар мен шеберлік сыныптар ұйымдастырып, ауыл мектептерінің әдістемелік әлеуеті мен кадрларының біліктіліктерін көтеру бағытында өз білімдерімен бөлісті. Іс-шара екі бағытта өрбіді: бірінші […]
Тараздағы Зияткерлік мектептің ақпараттық технологиялар саласындағы жас кәсіпқойлары үш күндік онлайн-конкурстың қорытындысы бойынша 2 күміс медальға ие болды. Олар:”Qazaq language study” жобасын қорғап шыққан Ерасыл Пиржанов және “Hydroelectric power” жобасын қорғаған Айана Мырзаханова. Тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары барлық үш бағыт – компьютерлік бағдарламалау, есептеу техникасы және математика бойынша байқауға қатысты. Тартысты күрес нәтижелері бойынша ұсынылған […]
Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушысының жобасы «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми байқауында үздіктер қатарына енді. Аружан Манарбекованың «Математикалық есептеулер арқылы көру қабілетіне әсер ететін факторларды бағалау» атты зерттеу жұмысы 1-ші орынды иеленді. Дәстүр бойынша конкурс Мәскеуде (Ресей Федерациясы) өтіп келеді, бірақ биыл жас әзірлеушілер қашықтан қатысты. Қатысуға Ресей және шетелдердің жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып […]
Тараздық зияткер Нұрболат Рыскелдиев желілік «Жас Сарбаз» интеллектуалды сайысында 2 орын иегері атанды. Шараны Отан қорғаушылар күніне орай Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өткізді. Сайыс 2 раундтан тұрды. Ойыншылар әр раундта берілген 3 сұраққа кідірмей әрі шапшаң жауап беруі шарт болған. Әскери-патриоттық сайыс жастардың патриоттық сезімін, туған елге, батырларға және әскери іске деген […]
Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова рухына арнап көше аты да берілді, ескерткіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағызымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні еді. «Әлия» әні – қазақтың «100 әні» тізіміне енген, сұлулық пен қайсарлықтың символын білдіретін әуендердің бірі. Қазақ қызының асқан қайсарлығын, […]
Қазақстандық 1500-ден астам оқушы бақ сынаған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасы қорытындыланды. Тараздық екі зияткер география және биология пәндерінен жүлделі орындарға ие болды.⠀ География пәнінен екінші орынды еншілеген Аида Чиналиева олимпиадаға қатысуды жетінші сыныптан бастағандығын, оған қатысу арқылы пәнді тереңірек игергендігін айтады, әрі география оның бала күнінен сүйіп оқитын пәні екенін жеткізді. […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар бойына мектеп құндылықтарын сіңіру, мейірімділікке, қамқорлық пен кішіпейілділікке баулуға бағытталған жоспарлы шаралары мектеп қызметкерлерінің Жеңіс күні қарсаңында ҰОС және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетуімен жалғасын тапты. «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасының «Шын жүректен» жобасы аясындағы қамқорлық акциясы кезінде соғыс ардагерлеріне азық-түлік себеттері мен оқушылар қолымен жасалған кәдесыйлар, құттықтау хаттар табыс етілді. Мектеп […]
Тараздық NIS командасы 8 қатысушы арасында өткен «Креатив-бой» желілік байқауында 1 орыны жеңіа алды. Зияткерлік ойында мектеп намысын 4 оқушы қорғады: капитан – Владислав Ким, хатшы – Айбек Файзрахман, спикер – Акбар Назаров, таймкипер – Сұлтан Жұмақадыр. Жеңімпаздарға физика пәнінің мұғалімі Эльмира Захарова жетекшілік еткен. «Креатив-бой» онлайн-режимде өтті. Тапсырмалар ретінде, жалғыз дұрыс шешімі жоқ ашық […]
2021 жылы 5 мамырда Тараз қаласындағы ФМБ НЗМ-де орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері бірлестігі, фашистік басқыншыларды жеңудің 76 жылдығына арналған «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» атты әдеби кездесу өткізді. Бұл іс-шара әрқайсымыз үшін маңызды. Іс-шараға жалпы 8 – сынып оқушылары және олардың мұғалімдері қатысты: Баубекова А.М, Белозерова О.И, Сапралиева Л.М және Омирбаева Ж.К. Әдеби […]
Сәуір айының соңынан бастап Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларда тарихи естелік қалыптастыру, өз елі үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу және ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында «Отан үшін от кешкен, біз батырдың ұрпағымыз» дәстүрлі марафоны аясындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған іс-шаралар өткізуде. Онлайн ашық кураторлық сағаттар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін ұлықтау, онлайн ойындар мен […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушылары «Жастар жырлайды» желілік мәнерлеп оқу байқауында жүлделі орындарға ие болды. Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткен шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Замандастар жырлайды» жобасы аясында өткізілді. Жалпы сайыс екі бағыттан тұрды. 1-кезең бойынша оқушылар өз өңірлерінің жергілікті ақынымен кездесіп, сұхбаттасып, егемендік тақырыбында бір өлеңін оқып берді. […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» обасы аясында викторина өткізілді. Жоба мақсаты – жас ұрпақтың бойында ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазынасы мақал-мәтелдерді дәріптеп, оқушылардың тіл байлықтарын дамытуға, ана тіліне сүйіспеншілігін арттырып, халық мұрасын өмірде қолдана білуге, тіл шеберлігін дамытуға бағытталған. Онлайн түрде өткен шараға 8-сынып оқушылары қатысты. Шара «Ел бірлігі, халық […]
Тараз NIS оқушысы Аружан Манарбекова В. И. Вернадский атындағы XXVIII Бүкілресейлік жасөспірімдер оқуларында» ЛАУРЕАТ атанды. Зерттеу тақырыбы – “Математикалық есептеулер арқылы көру қабілетіне әсер ететін факторларды бағалау”. Аружан лауреат атанумен қатар, «Үздік пәнаралық зерттеу» номинациясын иеленіп, мәселені зерттеуге жүйелі көзқарасы үшін грамотамен марапатталды. Жоба жетекшілері – Қанат Қаражігітова мен Балжан Дүйсекееваға арнайы алғыс хат берілді. […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары – Азат Қажымұхан және Саяжан Онласын Хакатонға қатысып, 100 мың ресей рублін (574 мың теңге) жеңіп алды және Мәскеуге финалға шақыру алды! Аталмыш хакатонды Wallet One халықаралық төлем сервисі, Наймикс электрондық алаңы, Ресейдің Өзін-өзі жұмыспен қамту Одағы және бизнесті цифрлық трансформациялау жөніндегі сарапшылар ұйымдастырды. Халықаралық Хакатонның мақсаты-стартап жобаларды дамыту […]
Тараз қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында іс-шаралар легі өткізілді. Бірінші шара – «Ән көңілдің ажары» тақырыбындағы викториналық ойын. Quizizz бағдарламасында онлайн өткізілген шараның басты мақсаты – оқушылардың «Қазақтың 100 әні» тізіміне енген әндерді, әннің авторлары мен орындаушыларын қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Екінші шара – «Келіңдер ән салайық» тақырыбында […]
Тараз қаласындағы NIS ағартушы педагог, ақын, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы қарсаңында «Дала қоңырауы» атты зияткерлік- танымдық сайысын ұйымдастырды. Сайысқа жалпы Тараз қаласындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицейі-интернаты, дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты және […]
Тараз NIS оқушылары Халықаралық «THE BIG PROGRESS» ғылыми-жобалар байқауында екінші орынға ие болды. Байқауға 10 «С» сыныбында оқитын Аяжан Есімова және Інжумаржан Оралбек «Бөлме өсімдігі Гузманияның (Guzmania) адам өміріне қауіп тудыратын ұшатын органикалық-токсинді қосылыстарды (VOC) жою қабілетін зерттеу» жобасымен қатысты. Халықаралық сайыстың мақсаты – оқушының ғылыми зерттеумен айналысуға деген қызығушылығын арттыру, жеке қасиеттерін дамыту болып […]
Тараз қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қоғамдық негізде тұрақты жұмыс істейтін, Қамқоршылық Кеңесінің отырысын өткізді. «Microsoft Teams» платформасында онлайн форматта өткен жиынға: «Бином» ЖШС директоры – Серік Олжабеков; Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі – Олжас Қаржауов; «Казфосфат» ЖШС Бас директоры – Мұқаш Искандиров; Білім орталығының директоры – Гүлмира Апсаматова; «Арайстроймаркет-2003» ЖШС кеңесшісі – Айман […]
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибесін тарату мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған тәжірибелік семинар өтті. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесіп өткен шараның тақырыбы – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысы аясында оқушылардың SOFT SKILLS дағдыларын дамыту ерекшеліктері. Жалпы облыстық және қалалық оқу ордаларынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән […]
Тараз қаласындағы NIS мұғалімдері “Ауыл мектебі” пилоттық жобасы аясында озық тәжірибені тарату жұмысын жалғастырды. Microsoft Teams платформасында өткен онлайн жиынға Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Н.Ақшабаев атындағы орта мектептерінен 80-ге жуық ұстаз қатысты. Жалпы тәжірибе таратуда «Оқу үрдісінде саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» шеберлік сыныбы мен «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» тренингі ұйымдастырылды. Мектебіміздің химия, физика, дене шынықтыру, қазақ […]
Мектеп оқушылары мен студенттердің арасында өткізілетін Бүкілресейлік жаратылыстану-ғылыми, инженерлік байқау еліміздің түкпір-түкпірінде ғылыми-техникалық шығармашыл зерттеулермен айналысатын жастарды қолдау мен жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Оның мақсаты – инновациялық идеяларды қолдау арқылы ғылыми, техникалық, инженерлік және мейкерлік шешімдерді анықтау және іске асыру мақсатында оқушылар мен студенттерді жобалық қызметке тарту. Дарина Мухамеджанованың жобасының тақырыбы – топырақтағы тұздың […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Онлайн «Hackathon </beCoder> 2021» хакатонының жүлдегерлер қатарына кірді. Санкт-Петербург Политехнологиялық университетінің ұйымдастыруымен өткен шараға қатысқан команда құрамы: Саяжан Онласын, Султан Мустафин, Данияр Егеубай, Азат Кажымухан финалист атанып, арнайы номинациямен марапатталды. Халықаралық хакатонда оқушыларға бизнес-кейс беріліп, олар 36 сағат ішінде осы кейс моделін бағдарламалап, ЖОО студенттерімен жарысты. Жобаның ең ірі […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Жансая Байнабаева мен Ақнұр Шерхан өздерінің шығармашылығы мен жоспарлары жайлы «Jambyl tv» облыстық телеарнасының «Қайырлы таң, Жамбыл» бағдарламасына сұхбат берді. Жансая Байнабаева – 2020 жылы «Мен жастарға сенемін…» атты ІІ республикалық жас ақындар мүшайрасына қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды. 10 жасынан өлең шығара бастаған жас ақын болашақта журналист […]
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты. Курсқа робототехника бойынша үздік қазақстандық тренерлер мен американдық ЖОО профессорларының вебинарлары мен онлайн сабақтары енді.⠀ Оқыту «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының онлайн-мектебі базасында өтуде.⠀ – Кішкентай кезімнен бастап мені құрастыру идеясы қызықтырды, сондықтан Назарбаев […]
Қазақстан Республикасының 12 сәуір – ғылым қызметкерлері күніне орай а.ж. 10-11 сәуір аралығында дәстүрлі «Химик-зерттеуші» ІV Халықаралық «Үздік ғылыми жоба» конкурсы өтті. Халықаралық дәрежеде өткен конкурстың мақсаты – оқушылардың химия пәні бойынша танымдық білімін тереңдете отырып, оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, ғылым саласындағы тәжіибелерін шыңдау және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Барлығы 17 оқу орнынан ғылыми жобалар […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің ұстаздары «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» бағдарламасы аясында жергілікті әріптестеріне іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін ұсынды. Аталмыш бағдарлама «ұстаздардың лауазымға тәуелсіз көшбасшылығы» идеясы мен тәжірибесін білім беру жүйесіне таратуға бағытталған үш жылдық бастама болып саналады. Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен іске асып жатқан бағдарлама Қазақстанның аймақтарында мұғалімдердің лауазымға тәуелсіз көшбасшылығын дамытуды көздейді. Алғы сөз кезегі Сорос-Қазақстан […]
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен 7-12 сынып оқушылары арасында «Greentelligent Solutions – 2021» I онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, оларды шығармашылық және эксперименталды болуға және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауда Тараз NIS оқушылары жүлделі III орынға ие болды. 9 сынып оқушылары Рәтбек Бекнұр […]
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Не? Қайда? Қашан?» желілік зияткерлік турнирін ұйымдастырды. TEAMS платформасында онлайн форматта өткізілген турнирде Тараз NIS командасы жеңімпаз атанды. Тарих, география, әдебиет, мәдениет және қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сұрақтарға мүдірмей жауап қатқан оқушыларға I дәрежелі диплом мен арнайы сертификаттар тапсырылды. Жалпы ойын барысы […]
Қазіргі таңда білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Себебі, жас ұрпақтың тағдыры, болашағы – мұғалімнің қолында екені сөзсіз. Осыған орай, Тараздық NIS мұғалімдері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ustaz институтының “Педагогика” мамандығының 4 курс студенттеріне онлайн вебинар өткізді. 125 тыңдаушы қатысқан шара педагог мамандарды даярлауда ҚР ЖОО-ларға әдістемелік көмек көрсету шеңберінде […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесіп озық тәжірибені таратуға арналған жоспарлы семинар-практикумын өткізді. Жиынға облыстың барлық аудандары мен қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Мектеп басшылары мен педагог қызметкерлерінен құралған жалпы саны 700-ге жуық педагог қамтылды. Бұл жолғы семинарда Зияткерлік мектеп педагогтары ғана емес, ауыл мен аудан ұстаздары да өз тәжірибелерін ортаға салды. Олар бірлесе […]
Назарбаев Университеті ұйымдастырған дәстүрлі HackNU хакатонының жүлдегерлерінің қатарына Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары кірді. Барша қазақстандық және шет елдік оқу орындарының студенттері мен оқушылары Google, BTS Digital, Facebook және Microsoft сынды ірі IT компаниялардың бизнес тапсырмаларын орындады. Тараздық Зияткерлік мектептің 12-ші және 10-шы сынып оқушылары Сұлтан Мұстафин, Азат Қажымұқан және Саяжан Онласын BTS Digital […]
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстыру, нәтижелерімен бөлісу мақсатында 10 сынып оқушылары – Жазықбай Лейла, Баймаханова Фатима мен 11 сынып оқушылары – Марат Мерей, Құрманбаева Фаризаның жұмыстары қоғамдық тыңдалымнан өтті. Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік маңызы бар 2 ғылыми-зерттеу жұмысы таныстырылды. «Шындықты іздеудегі өмір: Амантай Айзахметовтың тұлғасы, шығармашылығы және зерттеулері» атты зерттеу «Знамя Труда» газетінде қызмет еткен журналист […]
Наурыз мерекесі қарсаңында Тараздағы NIS-тің бірден 10 оқушысы «Елбасы Медалімен» марапатталды. Беделді марапатқа жобаға қатысып, өз дағдылары мен мүмкіндіктерін толықтай аша білген зияткерлер лайық деп танылды. – Челленджге қатыса отырып, өзімізді жетілдіріп қана қоймай, мүддесі мен мақсаты ортақ жаңа достар таптық. Күн сайын физикалық жағдайымызды жақсартып, дағдыларымызды дамыттық, айналамыздағыларға барынша көмек бердік. Жоба қызықты әрі […]
Бүгін – NIS жүйесінде көктемнің игі дәстүріне айналған Наурыз кездесулерінің 3-ші күні өтуде. Осымен оныншы рет ұйымдастырылған шараның биылғы тақырыбы жер шарының жасыл болашағы мен экологиялық мәдениетке арналды. Жылдың басты кездесуіне Жамбылдан жиырма өрен қатысуда. Олардың 10-ы Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушылары болса, 10-ы аймақтың жалпы білімі беретін мектептерінен. Солардың бірі Шу ауданы Е.Бекмаханов атындағы орта […]
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CASPIAN STARTUP – 2021 халықаралық байқауын бастайды. Үшінші CASPIAN STARTUP пандемияға байланысты құрамдас форматта өтеді, тіркелу мен іріктеу кезеңдері онлайн форматта ұйымдастырылып, он үздік финалистер өз жобаларын әділ қазы алқаларының алдында қорғайды деп жоспарлануда. Халықаралық байқауда қазақстандық оқушылар ғана емес, Каспий маңындағы Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан сынды елдерден де оқушылар […]
Тараздағы NIS-тің тоғызыншы сынып оқушысы Айана Айжарық Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Ұмытылмас желтоқсан» республикалық шығармашылық байқауында жеңіске жетті. Айананың теріден тігілген «Көкпар» атты туындысы байқаудың алтын медаліне ие болды. – Былғарыдан бұйымдар жасау – бұл уақытты пайдалы өткізіп қана қоймай, ескі затты жаңартып, оған екінші өмір сыйлауға мүмкіндік беретін шығармашылықтың бір түрі. Қазіргі уақытта […]
Мамандық таңдау әр баланың өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ата-аналардың оны шешудегі көмегі өте құнды. Ата-аналар университетінің кезекті сабағында аналар мен әкелер болашақ мамандық таңдауда баланың мүддесін ескеру жолдары мен баланы таңдау жасауға қалай үйрету керектігін білді. Кәсіби бағдар беруші Индира Абсадикова мектептегі кәсіби бағдар жұмысының негізгі бағыттары мен құрылымы туралы айтып берді. Сондай-ақ, […]
Бұл жолы конференцияға кіші буын оқушылары үлкен қызығушылық танытты. Олар Абайдың адамгершілік өсиеттері, аман қалғандардың жүйелі қателігі, таңдау қорқынышы сияқты түрлі тақырыптарда сөйледі. Оқушы Балжан Сержанқызы өзінің он минуттық баяндамасында Абай шығармаларында көрініс тапқан негізгі адамгершілік құндылықтар жайында қысқаша және түсінікті жеткізе алды. Ол құрдастарын көрнекті философ пен ақынның идеялары мен ойларын тереңірек білуге шақырды. […]
Тараздағы физика-математика бағытындағы NIS-тің алты зияткері жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша Желілік Олимпиада медалін тақты. Күміс жүлдені Аида Чиналиева, Асылхан Смет және Аяжан Рустемова иеленсе, қола медальді Тимур Амангелльдиев, Ерасыл Пиржанов пен Алихан Қалмаханбет жеңіп алды. Алғаш рет қашықтан өткен NIS желілік олимпиадасы жеңімпаздарының есімдері бүгін салтанатты жабылу рәсімінде белгілі болды. Онлайн мәреге 15 пән бойынша […]
Тараздағы NIS оқушыларының UnApp Space стартап командасы жыл сайынғы Techstars StartUp Weekend конкурсында жеңіске жетіп, жобаны дамытуға 1000$ көлемінде грант алды. Дамытылған жоба наурыздың соңында Орталық Азия кезеңінде ел намысын қорғайтын болады. Байқауды Қазақстанның ең ірі стартап инкубаторларының бірі – MOST ұйымдастырды. – Байқаудың екі күнінде біз өз өнімімізді жетілдіру мақсатында тынымсыз жұмыс жасадық. Бүгінгі […]
Алғыс айту күні Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ақ раушан гүлдерінің жұпар иісіне толды. Мерекеде оқушылар мектеп пен мектеп жанындағы интернатта жұмыс істейтін 30-ға жуық кіші қызметкерге ақ раушан гүлдерін сыйға тартты. Зияткерлер оларға құрмет көрсете отырып, шағын концерттік бағдарламасын да арнады. Домбыра мен қобыздың жұптасуында Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Аққу» мен «Әлқисса» күйлері орындалды. Бейнеқұттықтаулар легін […]
Тараздағы NIS-те Назарбаев Университеті қолдауымен мұғалімдерге арналған әдістемелік секциялар сериясы ұйымдастырылды. Мақсаты мұғалімдердің жоғары импакт факторы бар журналдардағы жарияланымдары мен зерттеулерінің сапасын жақсарту болып табылады. Бірінші әдістемелік секция «Ғылыми жарияланымдарға мақала жазу: кейс-стади және әдебиетке жүйелі шолу» тақырыбына арналды. Аталған тақырып аясында Назарбаев Университетінің Жоғарғы мектеп докторанты Лаура Ибраева өз тәжірибесімен бөлісті. Өз баяндамасында Л.Ибраева […]
Тараздық NIS оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналары көпшілік алдында еркін сөйлеу мен ораторлық шеберлік бойынша дәріс алды. Дәріс сағатын «Даналық бейсенбіде» Мәскеу риторика және ораторлық шеберлік университетінің сертификатталған тренері, «NAIZA» Ораторлық шеберлік және бизнес академиясының тренері Эльмира Найзабекова өткізді. Эльмира Дүйсенбекқызы тыңдаушыларға көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі мен дағдысы болмаса, яғни, материал нашар дайындалса, оның дәлдігіне сенімі […]
Ағылшын тіліне деген махаббат үш Аружанды бір ортаға жинады Бүгінгі күннің ерекше жағдайы – Олимпиадаға ағылшыннан тараздық үш Аружан есімді қыздардың қатысуы болды, олар: Аружан Жақсылық, Аружан Досходжаева, Аружан Нұрманова. Есімдерінен бөлек олардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтары да бір. Оған дәлел оқушы қыздардың IELTS емтиханынан жоғары нәтиже көрсетуі – А.Досходжаева мен А.Нұрманова 7,0 баллдан жинаған. […]
Жанбикемен бірге уақыт саяхаты 11-сынып оқушысы Жанбике Жекешова Нұр-Сұлтандағы Зияткерлік мектепте білім алып жүр, алайда, бүгін ол Олимпиада тапсырмаларын Таразда отырып орындады. Бұл қалай болды дерсіңіз, бәлкім Жанбике уақытта саяхаттау құпияларын меңгерген болар: – Олимпиадаға қатысу бойынша өтінімді Тараздағы NIS-те оқып жүргенде бердім. Артынша отбасылық жағдайлармен елордаға ауысып кеттім. Ереже бойынша тараздық ретінде қатысуым […]
Жангерей Бекболат: «Ата-апамның батасын ала шықтым» Желілік олимпиаданың бүгінгі қатысушысы 8-сынып оқушысы Жангерей Бекболат таңертең жеңіске деген сенімімен қатар ата-апасының батасын ала шыққанын айтады: – Осындай жауапты жарыс алдында үйдегі үлкендердің қолдауы маған үлкен жігер мен сенімділік сыйлайды. Бүгін де олар маған сәттілік тілеп шығарып салды, өзім де бар ынтаммен дайындалдым. Білім додасына Жангерей математикадан […]
Бүгін тараздық NIS мұғалімдері ауылдық мектеп педагогтарына кезекті онлайн семинар өткізді. «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы негізіндегі шара облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Семинарға Зияткерлік мектепке бекітілген Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің 70-ке жуық педагогы қатысты. Тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Құлымбетова сабақ барысында визуалды деректермен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретсе, ағылшын тілі мұғалімдері Балнұр […]
– Наурыз айынан бастап жас олимпиадашылар үшін дайындық үйірмесін ашуды жоспарлап отырмын, – деген ойымен бөлісті Желілік олимпиадаға үшінші рет қатысып отырған 11-сынып оқушысы Әміржан Бекбанов. – Оған тәжірибем жеткілікті деп ойлаймын, енді білгендеріммен бөлісетін кез келді, – деп сөзін аяқтады ол. 10-сынып оқушысы Ақбота Кеңесхан – мектептің стартаперлер командасының мүшесі. Олардың Crepiks Academy / […]
Бүгін NIS желілік олимпиадасының тараздық қатысушылары химия және биология пәндерінің есептерін шешуге кірісті. Олимпиада екі турдан тұрды, олардың ұзақтығы шамамен 4 сағатты құрады. Бірінші күні аталған пәндер бойынша өз білімдерін Іңкәр Инаятқызы, Бақытжан Ешенқұл, Аяжан Рүстемова, Алтынай Сауранбаева, Мұхамедали Түйтебаев, Қалмұхаммед Жұмабек, Арнат Мұхтарұлы тексерді. – Енді ботаника мен анатомияға көп көңіл бөлетін боламын, себебі […]
Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында өтетін дәстүрлі желілік олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Олимпиада 22 ақпаннан 3 наурызға дейін жалғасады. Жылдың ең басты білім бәйгесінде Тараздағы NIS-тің 27 оқушысы 11 пәннен өз білімдерін сарапқа салмақ. Қазылар алқасының құрамында әр жылдары республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған NIS түлектері бар. Олар Олимпиаданың республикалық деңгейінде ұйымның намысын […]
Мұғалім тәжірибесін жетілдіру жолдары қандай? Жас мамандарға әдістемелік қолдау қалай көрсетілуі тиіс? Жазылым тапсырмалары арқылы оқушылардың зерттеу дағдысын қалай дамытуға болады? Осы және өзге де өзекті тақырыптар төңірегінде Тараздағы NIS ұстаздары семинар-практикум кезінде әңгіме өрбітті. Бөліскен тәжірибені облыстың 500-ге тарта педагогы тыңдады. Шараны Зияткерлік мектеп облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе өткізді. Семинар-практикум негізінен қоғамдық-гуманитарлық […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өрендерінің зерттеу жұмыстары «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орындарды жеңіп алды. Байқаудың «Өлкетану» бағыты бойынша «Перспективалы туристік маршрут: Ботамойнақ-Тараз қалашығы» жұмысын ұсынған 12-сынып оқушылары Балнұр Ибраш пен Аружан Жақсылық күмістен медаль тақты. Зерттеуші қыздардың жұмысына мектептің тарих пәнінен сарапшы мұғалім Любовь Исатаева жетекшілік еткен. Қола медальді 12-сыныпта оқитын Абылай Сыдықов […]
О тонкостях поступления в зарубежные и казахстанские ВУЗы рассказали выпускники разных лет Назарбаев Интеллектуальной школы Тараза во время встречи «Менің мамандығым – менің болашағым!». Встреча прошла с учащимися 10-12-х классов. Своими ценными советами поделились Айдана Смат (City University of Hong Kong), Дайана Бестерекова (Minerva Schools at KGI), Нұртөре Амангелді (Назарбаев Университет), Қымбат Халымбетова (Астана IT […]
Аталған сұрақтың жауабымен Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологтары аймақтың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтарына арналған вебинар барысында бөлісті. NIS психологиялық қызметінің өкілдері Наталья Балакина, Нұрбану Байтелиева және Ирина Магай өз әріптестеріне «тәуекел тобындағы» оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Қашықтан оқыту кезеңінде оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет ерекшеліктеріне қатысты […]
Тараздық Зияткерлік мектебінің оқушылары мен педагогтары өздерінің шығармашылық жетістіктерімен және табыстарымен таң қалдыруда. Қосымша білім беру мұғалімі Индира Губашеваның жұмысы «Rive de Reve/Берег мечты» Халықаралық қашықтық шығармашылық байқауында 1 орын алды. Өз тәлімгерінен үлгі алған Hand Craft қолөнер үйірмесінің оқушылары дәл осы байқауға қатысып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Байқаудың «Бейнелеу өнері» бағыты бойынша […]
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын», – деп жырлаған Мұқағали ақынның туғанына биыл 90 жыл толып отыр. Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мерейтой айлығы жарияланды. Айлық аясында мектеп жобасы «Даналық бейсенбіде» ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаевпен тағылымды онлайн сұхбат өтті. Өмірден өтсе де, бар […]
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын тойлау айлығы аясында Тараздық NIS-тің жатақхана ұжымы мен қазақ тілі және әдебиеті пәні ӘБ ел аумағындағы зияткерлер арасында «Үздік мұқағалитанушы» желілік онлайн блиц-турнирін өткізді. Ұйымдастырушылар оқушылар арасында ақынның шығармаларын насихаттап, олардың поэзияға деген құштарлығын арттырумен қатар, көшбасшылыққа баулуды мақсат етті. Танымдық шараға еліміздегі Зияткерлік мектептерден 19 оқушы қатысып, ІV кезең […]
IQ сайысына 5 команданы құраған мектептің 25 жетінші сынып оқушылары қатысты. Ойыншыларға әр түрлі деңгейдегі және ғылым саласындағы сұрақтар қойылып, бірқатар логикалық бейне сұрақтар келіп түсті. Шынайы сайыс атмосферасы орнап, балалардан толқу мен жеңіске деген ұмтылыс байқалды. Шиеленісті тартыс нәтижесінде бірінші орынды 7 “А” сыныбының “Жас данышпандар” командасы жеңіп алды. Оқушылар білім мен білімпаздықтың ең […]
Ақпанның алғашқы күнінен бастап Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын тойлау айлығы ресми түрде басталды. Бірқатар шаралар жоспары бекітіліп, түрлі бағыттар бойынша танымдық-тәрбиелік бағдарламалар әзірленді. Мерейтой айлығына «Өз ұлтының тәуелсіздігін аңсаған азаттықтың ақыны – Мұқағали Мақатаев» тақырыбы берілді. Бастама Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Ұлы дала ақындары» атты танымдық жобасы аясында қолға […]
1-7 сынып оқушыларының “Зерде” зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVІ республикалық конкурсында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Аймер Кошмамбетов жеңіске жетті. Аймер байқауда өзінің «Arduino контроллеріне негізделген бақылауыштан күн ауа коллекторын жасау» атты зерттеу жұмысын сәтті қорғап күміс медальға ие болды. – Бізде шалғай ауылдар орталық жылу мен газ жүйесіне қосылмаған, олар әлі […]
29 қаңтарда Тараз қаласының TEDx NIS виртуалды алаңында мектептің 3 оқушысы қызықты және озық идеяларымен бөлісті. Олар өз баяндамаларын Teams платформасының тікелей эфирінде ұсынды, соның арқасында мектептің ондаған басқа оқушылары спикерлердің баяндамаларын тыңдай алды. Спикерлердің алғашқысы болып 11-сынып оқушысы Аида Чиналиева сөз алды. Ол «Вегетарианизм – көптеген мәселелердің тұрақты шешімі» тақырыбын таңдап, ет жеуден бас […]
Бүгін Zoom алаңында тараздық Зияткерлік мектеп педагогтары мен Жуалы аудандық білім бөліміне қарасты мектеп мұғалімдерінің кездесуі өтті. Тәжірибелік вебинар түріндегі шара екі ұйым арасындағы өзара ынтымақтастықты орнату, әдістемелік және зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жасалған меморандум негізінде ұйымдастырылды. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбындағы облыстық вебинар төрт бағытты қамтыды: тәрбие, кітапхана қызметі, […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері «TLK – Қазақстан мұғалімдерінің көшбасшылығы» халықаралық жобасы аясында өткен №2 мектепаралық онлайн кездесуде 6 жобасын таныстырды. Өз тәжірибелерімен және жинақтаған материалдарымен математика пәні мұғалімдері Қанат Қаражігітова, Рысбек Жүсіпназаров, Гүлнұр Ахмедиева, Рай Даниярбек, физика пәні мұғалімдері Айгүл Өмірәлиева және Ләззат Ауғамбаева, сондай-ақ ағылшын тілі мұғалімі Анар Исмагулова бөлісті. Пленарлық бөлімде «Қазақстан […]
Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту мақсатымен пилоттық режимде «Ауыл мектебі» жобасы қолға алынған. Жоба аясында Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жинақтаған тәжірибесін облыс аумағындағы ауылдық мектеп педагогтарына таратуды жүйелі жүзеге асырып келеді. Осы бағыттағы басқосулардың бірі Teams платформасында бүгін вебинар түрінде жалғасын тапты. Вебинарға Жамбыл аудандық Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Байзақ аудандық […]
2020 жылғы 22 қаңтарында орта мектептермен жұмыс жоспарына сәйкес Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы мектеп педагогтары, білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен тәлімгерлерге арналған вебинар өтті. «Қашықтықтан оқыту үрдісіндегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылу формасы» тақырыбындағы жиынға 100-ге жуық тәрбие саласының мамандары қатысты. Вебинарда қашықтан оқыту үдерісінде НЗМ жобаларын […]
Бүгін Жамбыл облысының орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» атты тәжірибелік семинары өз жұмысын аяқтады. Шараның екінші күнінде Зияткерлік мектептің математика, информатика, химия, орыс және ағылшын тілі пәндері мұғалімдері өңірдің 725 педагогымен тәжірибе бөлісті. Семинарда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдерге, әсіресе жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету […]
Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің облыстың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбындағы 2 күндік облыстық тәжірибелік семинар басталды. Орта білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында қолға алынған басқосуды Зияткерлік мектеп директоры Тимур Нуркешов алғы сөзімен ашып берді. Сондай-ақ, мектепте жұмыс […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен педагогтары «Даналық бейсенбінің» кезекті кейіпкері – Нұр-Сұлтандағы LingvaTen тіл орталығының директоры, полиглот Владислав Тенмен жүздесті. Бүгінде ол өз орталығында қазақ тілін білмейтін қазақстандықтарға қазақша сөйлеуді үйретіп, өзге үйренушілерге ағылшын, кәріс тілдерін оқытуда. Гастроэнетролог-дәрігер мамандығын тәмамдаған ол мемлекеттік тілмен қатар орыс, корей, ағылшын, өзбек тілдерінде еркін сөйлейді. Тілді үйретудің тиімді […]
Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының IMPACT Olympiad ІІІ Халықаралық ашық шығармашылық конкурсында тоғыз жүлделі орынға ие болды. Математика пәнінің мұғалімі Мөлдір Таштанбекова мен физика пәнінің мұғалімі Эльмира Кусбекова күміс медаль тақты; информатика пәні мұғалімдері Нұрманап Колоханов пен Аңсар Әкім, сондай-ақ математика мұғалімдері Асқар Урынбаев, Шыңғыс […]
Бүгін, 13 қаңтарда Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдердің «Action research. Lesson Study. Hertscam» зерттеулері бойынша мектепішілік курстарының тиімділігін аралық талдауға бағытталған «Идеялар жәрмеңкесі» атты онлайн шағын-конференциясы өтті. Инновациялық идеяларын мектепішілік курстардың 46 тыңдаушы мұғалімдерінен құралған 18 зерттеу тобы ұсынды. – Конференция мақсаты – мұғалімдердің зерттеу дағдыларын жетілдіру және жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша коллаборативті платформа құру […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зиякерлік мектебінде 7-сыныпта оқуға үміткер оқушылардың құжаттарын қабылдау жүріп жатыр. Құжат қабылдау 2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап, 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін жүзеге асады. Биылғы жылы санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына келушілер үшін брондау қызметі іске қосылды. Бұл қызмет құжат тапсырушыларға мектепке келу күні мен уақытын алдын […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ата-аналар университетінің екінші модулі өтті. Телеэфир форматында ұйымдастырылған шарада «Психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы талқыға түсті. 7-12 сынып оқушыларының ата-аналары жиынға онлайн түрде қосылды. Телеэфирдің қонақтары ретінде білім беру саласының құрметті ардагерлері Гүлзия Заурбекова мен Есенкүл Кохаева, Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ шақырылды. Сондай-ақ, кездесуде Тараздағы Назарбаев Зияткерлік […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Балнұр Ибраш Абу-Дабидегі (БАӘ) Нью-Йорк университетінің студенті атанғаны туралы ресми хаттан білді, ал грант көлемі бір оқу жылы үшін 77 000$ құрады. – Мектеп бітіргеннен кейін мен оқуымды Абу-Дабиде жалғастырып, химия мен биологияны тереңірек зерттейтін боламын. Университет менің осы ЖОО-дағы оқуымды, Әмірліктерде тұруымды және басқа да ілеспе шығыстарымды […]
Тараздық Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиешілері мен тәрбиеші көмекшілері Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана тәрбиешілеріне «Қолөнер – сырлы өнер» атты онлайн шеберлік-сыныбын өткізді. Әріптестер арасында дымқыл және құрғақ жүннен жұмыс жасау техникасымен бөлісу, ынтымақтастыққа негізделген тәжірибе алмасу алаңын құру мақсатындағы шеберлік-сыныбы барысында киіз басу технологиясы, құрғақ жүннен кәдесый (алма, түйе, тұмар) жасау бойынша […]
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыру қолға алынды.⠀ Мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы болып отыр. Алғашқы боп Білім және ғылым министрлігі «Ы. […]
Тәуелсіздік күніне орай Тараз және Ақтөбе қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты онлайн-кездесуде бас қосты. Кездесу екі оқу ордасының педагог-ұйымдастырушы-кураторларының бірлескен күшімен ұйымдастырылды. Оқушылар тәуелсіздік тарихымен тереңірек таныстыратын бейнеролик тамашалап, «Кахут» бағдарламасын қолдана отырып, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді. Ақтөбелік зияткер Дінмұхамбет Қанымқұлов Құрманғазының «Балбырауынын» тамылжыта орындаса, тараздық өрендер Отан, туған […]
Жамбыл облысындағы орта білім ұйымдарының оқушылары Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған «Бауыржан Момышұлы: тұлға, патриот, стратег» атты TEDх форматындағы конференциясында бас қосты. Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткен онлайн жиынға Б.Момышұлының есімі берілген 7 мектеп оқушылары, Шымкент, Тараз қалаларыныдағы Зияткерлік мектеп оқушылары мен Мәскеу қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №1912 мектеп оқушылары қатысты. […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сания Қайнарқызы еліміздің ең ірі челленджінен «Елбасы медалін» алды. Салтанатты марапаттау облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» форумы кезінде өтті. – Осы челленджге қатыса отырып, мен өзімді жетілдіріп қана қоймай, мүддесі мен мақсаты ортақ жаңа достар таптым. Ең алдымен, жоба өзіммен күресуге және өзімді жеңе білуге […]
Кеше Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Туған елге тағзым-2020» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында ұсынылған жобалар мен шығармашылық жұмыстардың желілік байқауы аяқталды. Қашықтық байқауында Туған өлкем – жұмақ мекен», «Ұлт руханияты – бабалар аманаты», «Ұлы Дала өркениеті – тарихи мұра», «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует», «Селт еткізер, ерен ой», «Туған жер – тұғырым» номинациялары бойынша 200 жоба мен […]
Машина Голдберга, созданная семейной командой ученика 11-класса NIS города Тараза Нурболата Рыскельдинова победила в номинации «Лучшая презентация» конкурса инженерного творчества Назарбаев Интеллектуальных школ.⠀ Согласно заданию конкурса командам необходимо было спроектировать механизм, который финальным действием нажимает на дозатор для антисептика. Тема задания актуальная и логичная в контексте пандемии – «Дезинфекция рук – залог здоровья». – Когда […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары TEDx халықаралық танылған форматында таратуға лайықты идеяларды талқылау және тыңдау үшін виртуалды алаңда жиналды. Конференция аясында мектептің 9-11 сынып оқушылары мен түлектері өз идеяларын ұсынып, түрлі тақырыптарды көтерді. Олар еріктілік қызметі адамға не беретіні жайында, қоғамдағы және жалпы адамзат өркениетіндегі өзгерістер туралы және солардан туындайтын мәселелер туралы ой қозғады. Әр […]
Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларының көшбасшылар форумы мәресіне жетті. Форум «Проактивті ойлау VS реактивті ойлау» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы президенті Темірлан Сейсенбай Форум туралы өз әсерімен бөлісті: – Диалогтік алаң кезінде біз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен […]
Вчера прошла торжественная церемония открытия сетевого дистанционного конкурса проектов и творческих работ участников исследовательской краеведческой экспедиции «Туған елге тағзым». ⠀ ⠀Проект, который реализуется с 2012 года, впервые проходит в дистанционном режиме с рекордным количеством участников и проектов. Всего жюри предстоит рассмотреть более двухсот работ. В ближайшие дни юные исследователи Назарбаев Интеллектуальных школ представят на конкурс […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зиякерлік мектебінде 7-сыныпта оқуға үміткер оқушылардың құжаттарын қабылдау жүріп жатыр. Құжат қабылдау 2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап, 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін жүзеге асады. Биылғы жылы санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына келушілер үшін брондау қызметі іске қосылды. Бұл қызмет құжат тапсырушыларға мектепке келу күні мен уақытын алдын […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ТМД ғылыми білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «Үздік жас ғалым – 2020» халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды. 11-сынып оқушысы Нұркелді Ермекбай мен 12-сынып оқушысы Ардақ Әліпова 9 елден 1200 қатысушыны басып озып, халықаралық жобада жеңіске жетті. Бірінші орынға олардың «Жүйенің тепе-теңдігін сипаттауда Муавр формуласын қолдану» атты жобасы лайық деп танылды. […]
Тараздық Зияткерлік мектеп қауымы ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Ұлт көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың рөлі» атты телеэфирін тамашалады. Телеэфир мемлкеттік әнұранмен ашылып, Ұлт көшбасшысы тұсындағы жетістіктер хронологиясымен жалғасты. Әр жылдардағы домбырашылар флешмобына шолу жасалып, оқушылар ән мен күйден шашу шашты. Зияткерлердің бірі Елбасының қанатты сөздерін жатқа айтса, келесілері өз арнауларын ұсынды. Эфирдің толық нұсқасын […]
Өзара ынтымақтастықты орнату, әдістемелік және зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нуркешов пен Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Назиля Турмаханбетова екі жақты меморандумға қол қойды. Екі жақты келісілген меморандумының аясында білім беру мекемелері басшыларымен оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми бағыттарында және кітапхана жұмысы бойынша ортақ жоспарға сәйкес семинар өткізілді. Сондай-ақ, […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президент күнін тойлау онкүндігі бастау алды. Мерекелік шаралар тізбегін жатақхана тәрбиешілерінің оқушылармен өткізген «Елбасы бастамасы Қазақстан тарихында» онлайн викторинасы ашты. Қатысушылар Н.Назарбаевтың өмір жолынан бастап, әлем тарихында қалатын бастамалары жайында сұрақтарға жарыса жауап берді. Мерекелік жоспардағы бірегей әрі дәстүрлі шара – домбырашылар флешмобы. Қарашаның соңғы күні бір мезетте 30-ға […]
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында Тараздағы Зияткерлік мектебі онлайн форматта «Бір әннің тарихы» атты сазды шарасын өткізді. Мектеп шаңырақтары шара барысында «Әуенді тап!» ойынын ойнап, Алтынбек Қоразбаевтың әні мен Серікбай Оспановтың сөзіне жазылған «Сағындым Алматымды» әнінің шығу тарихына шолу жасады. Зияткерлік мектептердегі «Қазақтың 100 әні» жобасы тәрбие жұмысы бағыттарының бірі. Жоба қазақ […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аға педагог-кітапханашысы Асель Журумбаева облыстық және қалалық кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен кітапхана қызметшілерімен «Жаңа жағдайдағы кітапхананың ақпараттық-білімдік ортасын құру және қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісті. Тәжірибе бөлісу облыстық білім басқармасының әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Білім беру ұйымының ақпараттық кеңістігін арттырудағы кітапхананың ролі» атты вебинары барысында жүзеге асты. […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті бірлесіп «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмысындағы жаңа жобалардың маңыздылығы» тақырыбында облыстық онлайн іс-тәжірибелік семинарын өткізді. Семинар орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлырына, сынып жетекшілеріне арналды. Жалпы саны облыс бойынша 311 педагог қатысты. Семинар жұмысы білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық […]
Оқу жылының басынан бері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Ата-аналар университеттері жұмысын бастады, олардың мақсаты балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық мәдениеті мен құзыреттілігін арттыру болып табылады. Университеттің жұмыс кестесіне сәйкес Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары 7-12 сыныптардың ата-аналарына арналған вебинарлар сериясын өткізді. Вебинарларға ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері және 7-сынып оқушысы Айзере Төлендінің […]
Тараз НЗМ оқушылары Enactus Kazfest 2020 Инновациялық жобалар фестиваль-көрмесінде екі жүлделі орынға ие болды. Әлеуметтік-экономикалық номинация бойыншада 1-ші орынды Unifi жобасы алды. Unifi – бұл мектеп оқушыларына ең оңтайлы ЖОО таңдауда көмек беретін платформа. Жоба менеджері Іңкәр Ибрагим жоба туралы өз ойымен бөлісті: – Біз шетелдік жоғары оқу орындарына түсу процесін жеңілдететін өнім жасадық. Алдағы […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары халықаралық IELTS емтиханынан жақсы көрсеткіштерге ие болды. Тілдік тестілеуге жалпы саны 119 оқушы қатысып, олардың ішінде 8 түлек – 8,0 бал, 33 түлек – 7,5 бал, 34 өрен – 7,0 бал, 24 бітіруші – 6,5, 17-сі – 6,0 және 3 оқушы 5,5 ұпай жинаған. Орташа бал көрсеткіші өткен жылғымен […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Даналық бейсенбі» тәрбие жұмысы жобасы аясында «Қазақ күресі» Ассоциациясының жетекші спортшысы, қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаевпен кездесу өтті. Шараның басты мақсаты чемпионның өмірлік ұстанымдары мен спорттағы жетістіктерін оқушыларға үлгі-өнеге ете отырып, ер мінезді, отансүйгіш, адал, еңбекқор болып өсулеріне ықпал етуге бағытталды. […]
Ел Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауында қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайту мәселесін қозғады. Осы орайда аймақтық әкімдіктер пилотты режимде «Ауыл мектебі» жобасын жүзеге асыруды бастады. Жоба аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін есепке ала отырып, орта білім беру ұйымдарында оқытудың, бағалаудың, тәрбие беру жұмыстарының инновациялық тәжірибелері мен технологияларын енгізу қарастырылған. […]
Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 17 оқушысы жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша әл-Фараби атындағы Халықаралық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері атанды. Олимпиаданың бірінші орындарын Әлия Анарбаева мен Инабат Амантай иеленді. Екінші орынға Мерей Жақсылықова, Данабек Салиев, Нұрай Наршыбаева, Динара Сауытбек, Айқерім Нарбота, Қасымхан Қанатбек, Мейрамбек Санжар ие болды. Үшінші орынды Бекзат Тоқболат, Аңсар Әсілбек, Нұрай Қасымова, Азамат Дүйсет, Жанель […]
Бүгін жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған екікүндік тәжірибелік семинар өз мәресіне жетті. «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері» деп аталған шараның екінші күні облыстың 640-қа тарта ұстазы тәжірибе шыңдады. Облыс мектептерінің мұғалімдеріне қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетуді көздейтін семинар Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жүзеге […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өзін-өзі басқару ұйымының жаңа президенті тағайындалды. Аталған лауазымға сайлаушылардың басым дауысына ие болған 11-сынып оқушысы Темірлан Сейсенбай лайықты деп танылды. Жақында Teams платформасында өткен жиында ұйымның жаңа басшысын ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп директоры Тимур Нуркешов Темірланға Президент төлқұжатын табыстап, сәттілік тіледі. Мектеп Президентімен қатар, онымен бірге жыл бойына қызмет атқаратын […]
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталады. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті. – Әрине, біз қашықтан ұйымдастырылған ойын алдында қобалжыдық, – дейді Павлодардағы NIS оқушысы Санжар Бозтай, – бірақ жаттықтырушыларымыздың арқасында дайындығымыз жоғары деңгейде болды. Семей қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Айым Әкімбергенова бұл ойынмен екінші […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Qazaq Star dance music festival» Халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы байқауының екі Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Мектеп хореографы Аян Әуесбектің жетекшілігімен жеті бозбаладан құралған «Reflection» би тобы танымал кавказдық «Лезгинка» биін орындады. Қазылар алқасы ұжымның үйлесімді қозғалысы мен кәсібилігін жоғары бағалады. Жас бишілер байқаудың «Хореография»номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Crepiks Academy» командасы NURIS Cluster компаниясы ұсынған ABC Incubation xTCA бағдарламасының финалисті атанды. Жас стартаперлер өздерінің инновациялық өнімін дамытуға 500 000 теңге мөлшерінде қаржыландыру алды. 9 қазанда жас кәсіпкерлер байқауға қатысушы басқа 19 финалистпен қатар өз жобаларын таныстырды. Бұл Crepiks Academy-үш тілде бағдарламалауды үйрететін интерактивті платформа, сілтеме бойынша қол жетімді https://crepiks.com. […]
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды. Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев оқушылардың ғылыми жобаларының нәтижелерімен танысты. Өңір басшысына ұсынылған ғылыми-зерттеу жобаларының арасында облыстық денсаулық сақтау департаментінің қолдауына ие болған COVID-19 клиникалық симптомдарын бақылау жүйесі бар. Бердібек Сапарбаев өзекті жобаға жоғары баға беріп, оның авторлары, 12-сынып оқушылары Абылай Сыдықов пен Анелия Әбдімәлікке бір […]
Мұғалімдер күні қарсаңында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірқатар педагогтары білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мектептің 30-дан астам мұғалімі Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы К. Шәмшидинованың, облыстық білім басқармасының, Тараз қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің марапаттарына […]
Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы, «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалардың қауымдастығы, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы «Men qaldyrǵan eco-iz» республикалық эко-марафонының аясында көркем суреттер мен сандық суреттер байқауының басталғанын хабарлайды. Егер сен қоршаған ортаны қорғау тақырыбына бей-жай қарамасаң, сен қалдықтарды сұрыптау бастамасын белсенді қолдасаң, суретке түсіруді және сурет салуды ұнатсаң және ең бастысы, егер экологиялық […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қаржы және экономика бойынша АХҚО олимпиадасының жүлегерлері атанды. Олимпиаданың күміс медалін Арыстан Абдыхалық жеңіп алса, қола медальді Бауыржан Апил еншіледі. – Республикалық олимпиадаға қатысып, жақсы әсер алдым. Бізде аптасына бірнеше рет дәрістер, сонымен қатар әдебиет те өтті. Алған ұпайларымыз 80% финалдық емтиханнан және 20% аралық тесттерден тұрды, – дейді 11-сынып […]
Жаңа оқу жылы қарсаңында Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері еселі еңбектері үшін марапаттарға ие болды. Оқу ордасының тарих пәнінің сарапшы-мұғалімі Любовь Исатаева білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісін алды. Еліміздің білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін физика пәнінің сарапшы-мұғалімі Мирлан Джусамбаев […]
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша мектеп қауымы! 1 қыркүйек – Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мереке. Әрбір адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын, жарық та, жылы сезімдерге толы мейрам. Жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан […]
1 қыркүйек күні тараздық Зияткерлік мектебінде дәстүрлі жиын онлайн форматта өтті. «Конституция – мемлекет тәуелсіздігінің негізі» атты іс-шара еліміздің Негізгі Заңы – Конституцияның 25 жылдығына арналды. Шараға тікелей эфир арқылы осы жылы оқуға кірісетін 716 оқушы, оның ішінде жаңадан қабылданған 109 жетінші сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар қызметкерлер мен ата-аналар шақырылды. Отыз минуттық линейкада әндер […]
7-сынып оқушыларын бейімдеу аптасы – Тараздық NIS үшін дәстүрлі оқиға. Алайда, биылғы жылы ол онлайн форматта өткенімен ерекшеленді. Мектептің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары жас зияткерлер мен олардың ата-аналарын MS Teams-те қарсы алып, мектеп өмірі туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, көптеген сұрақтарға жауап берді. Бейімдеу аптасы аясындағы іс-шаралардың соңғы аккорды ата-аналар жиналысы болды.
Тараздағы Зияткерлік мектепте 7-сыныпқа жаңа қабылданған оқушылар үшін онлайн бейімдеу апталығы жүріп жатыр. Апталық 25-28 тамыз аралығын қамтиды. Бірер күн бұрын грант иегерлері мен олардың ата-аналарына апталыққа шақыру қағаздары мен бағдарламасы жіберілді. Алғашқы күні жас зияткерлер интерактивті ойын арқылы сыныптастарымен танысып, мектеп бойынша жасалған виртуалды саяхатқа қатысты. Арнайы сессия кезінде Зияткерлік мектептер тарихына шолу жасалып, […]
Тараз қаласының NIS командасы Enactus Kazakhstan Online National Expo 2020 шеңберінде өткізілген мектеп кәсіпкерлігінің I Республикалық чемпионатының жеңімпазы атанды. Қыркүйек айында жас стартаперлер Enactus әлем кубогында чемпион атағы үшін сайысқа түседі. Республикалық кезеңге команда екі бизнес жобасын ұсынды. Бірі университеттерге түсу процесін жеңілдетуге арналған UnApp қосымшасы. Онда әрбір түлек өзіне қажетті барлық ақпаратты оңай таба […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Сәния Қайнарқызы Халықаралық Балалар өнер қоры (ICAF) ұйымдастырған өнер Олимпиадасына АҚШ астанасына шақырту алды. Санияның «Каратэ – менің жақсылық философиям» атты жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. NIS оқушысы олимпиаданың екінші кезеңінде Қазақстанның атынан қатысатын жалғыз делегат атанды.⠀ – Сурет салумен көптен бері айналысамын. Шығармашылық жұмыс арқылы […]
Биыл хәкім Абайдың 175-жылдығы ел деңгейінде ғана емес, халықаралық дәрежеде аталып өтілуде. Бастаманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, ақын тойының жоғары деңгейде ұйымдастырылуын тапсырды. Осы орайда мерейтойлық іс-шаралар Әулиеата топырағындағы Зияткерлік мектепте де жыл басынан жүзеге асырылып келеді. Оқу ордасындағы той шымылдығы қаңтар айында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атауымен ресми түрде ашылған болатын. […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Мөлдір Айжарық өзінің өнертабысына «Your friend» деген атау берді. Бұл кездейсоқ емес, өйткені білезік баланың адал көмекшісі және досы. Ол импульсті, температураны, сондай-ақ баланың геолокациясын қадағалай алады және бұл туралы ата-анаға хабарлама жібереді. – Мен бұл бизнес-жобаны 11-сыныптан бастап Жусанбаева Әлия Мақтабекқызының жетекшілігімен экономика сабағында жасай бастадым. Қоғамның проблемаларын […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Дана Құрманбек Еуропаның үздік ЖОО-ы саналатын Римдік Ла Сапиенца университетінің оқу грантына ие болды. Оқушы қыздың болашақ мамандығы халықаралық қатынастар және бизнес саласымен байланысты болмақ. – Менің кәсіпкерлікке деген қызығушылығым экономика сабағында пайда болды. Онда біз бизнес-жоспарлар құруды үйрендік. Сондай жобаларымның бірі – қаржылық қолдауға ие болған сүт сарысуын […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2020 жылдың 29 мамырында онлайн режимде «Мұғалімнің іс-тәжірибесін зерттеудің заманауи тенденциялары» атты IV ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты мұғалімнің іс-тәжірибесін зерттеу нәтижелері мен қазіргі заманғы мектеп білімінің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған. Оған жалпы саны 190-ға жуық астам мұғалімдер, психологтар және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Пленарлық сессиясының модераторы Тараз қаласы НЗМ […]
Бүгін, 25 мамырда Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырау алғаш рет қашықтықтан соғылды. Онлайн форматта өткен салтанатты жиын «Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» деп аталды. Жылдағыдан өзгеше форматта өтсе де соңғы қоңыраудың сәні мен сипаты сақталды. Әуезді ән мен күй, жұлдызды шеру, құттықтаулар, марапаттаулар, күмбірлеген қоңырау үні – барлығы да қамтылды. Шара шымылдығы оқушылардың […]
Мамырдың 21-і – елімізде мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі. Халықтың мәдени дамып, рухани жаңғыруы бағытында күш салып келе жатқан өнер иелеріне құрмет қашанда жоғары. Тараз өлкесінде өнердің көкжиегін кеңейтіп жүрген шығармашыл тұлғалар көп. Солардың бірі әрі бірегейі – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, күйші, сазгер Аман Малдыбаев. Сазгердің қоржынында 10-нан астам күй мен 40-қа жуық […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дайана Бестерековаға әлемнің үздік инновациялық жоғарғы оқу орны Минерва университетінен (Minerva Schools at KGI) шақырту келді. Жыл сайын аталған университетке түсу мүмкіндігін құжат тапсырған талапкерлердің 1-2% ғана алады. Солардың бірі – Дайана. Енді зияткердің 4 жыл ішінде 7 мемлекетте білім алып, саяхаттауға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, бірінші курсты Сан-Францискода […]
Мамыр айының алғашқы күндерінен бастап барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» марафоны жүзеге асырылып жатыр. Мектеп қауымдастығының әрбір мүшесі отбасындағы майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі жайлы түрлі бейнесюжеттер мен материалдар әзірлеп, көпшілікпен бөлісіуде. Сұрапыл соғыс жылдарында кеуделерін оққа тосып, елі мен жерін қорғаған майдангерлер қатарында ұстаздар қауымы да аз болмаған. […]
Ұлы жеңістің 75-жылдығы қарсаңында Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ұлы Отан Соғысының тыл ардагері Шәріпхан Жаңабаевпен кездесті. Онлайн форматта өткен кездесу «Даналық бейсенбі» жобасы аясында жүзеге асты. Жасы тоқсанға таяған Шәріпхан қария қиын-қыстау кезең туралы оқушыларға баяндап беріп, сұрапыл соғыстың ауыр жылдарын есіне алды. Тыл ардагері өрімдей жас бола тұра тынымсыз еңбек етіп, майдан даласындағы […]
Тараздық NIS оқушысы Саяжан Жамеледенова Италияның ең әйгілі жоғарғы оқу орындарының бірі – Тор Вергатада оқу грантына ие болды. Мұнда оқушы қыз экономика мен халықаралық бизнестегі басқару бойынша білім алатын болады. Саяжанның экономист-менеджер мамандығын таңдауы бекер емес. Өйткені ол бала кезінен жеке бизнесін ашу мен өз брендін жасап шығаруды армандап келеді. – Мені бұл елдің […]
Тараз NIS жас зерттеушілері оқушы жастар арасында ұйымдастырылған «Қазіргі әлемдегі көркем мәдениет және білім беру» атты Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатарына енді. Байқауға 11-сынып оқушылары Мөлдір Баймахан и Абылай Сыдыков «Ботамойнақ жерінің петроглифтері негізінде қола дәуірінің тарихи-мәдени моделін қайта құру» зерттеу жұмысын ұсынып, 1 дәрежелі дипломант атанды. «2013-2017 жылдардағы археологиялық қазба материалдары […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектепте білім алу қашықтан өту форматына көшкеніне қарамастан, мектеп өмірі қарқынды өтуде. Оқушыларда артық уақыт жоқ. Сабақтар, үйірмелер, қосымша сабақтар, жобалар, кездесулер – бәрі бұрынғыдай, кесте бойынша. Осылайша, оқушылар «Даналық бейсенбі» жобасы аясында Уорик университетінің (Warwick University) түлегі, Ақпараттық жүйелер мен сандық инновацияларды басқару магистрі Бақытжан Қазанғаповпен кездесті. Microsoft Teams платформасында өткен […]
23 сәуірде Жамбыл облысының жалпы білім беретін мектеп педагогтарына арналған «Қашықтықтан оқыту кезінде (Microsoft Teams, Google form, Tini scanner, Epic pen) бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып критериалды бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында Тараз НЗМ мұғалімдерінің онлайн вебинарлар сериясы басталды. Онлайн вебинар қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілуде. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері «Онлайн сабақты […]
Тараздық Зияткерлік мектептің 12 сынып оқушыларына алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарынан білім гранттарын тағайындау бойынша хаттар келіп түсуде. Бірінші болып өз шақыртуларын Ақнұр Қасым мен Нұртөре Амангелді алды. Назарбаев университеті оқушыларға Foundation дайындық бағдарламасынсыз тікелей бакалавриатқа толық грант ұсынды. Оқушылардың таңдауы НУ-нің Инженерия және сандық ғылымдар мектебіне түскен. – Назарбаев Университетіне түсуге […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Аружан Кенешбекова мен Юлия Хан В.Вернадский атындағы жалпыресейлік жасөспірімдер зерттеу жұмыстары байқауының лауреаттары атағына ие болды. Байқауда 12 сынып оқушысы Аружан «Жамбыл металл құрылымдар зауыты – Имсталькон» ЖШС қалдықтарынан жасалған феррит кобальт негізіндегі магнитті ұнтақ өндірісі» атты зерттеу жұмысын ұсынды. – Менің жобам болашақта қатерлі ісікті емдеуде көмекші болатын феррит […]
Бүгін барлық қазақстандық оқушылармен қатар Тараздағы Зияткерлік мектептің 727 оқушысы да қашықтықтан оқытудың алғашқы күнін аяқтады. Оқыту жүйесінің жұмысы туралы ата-аналар өз пікірлерін білдіруде. – Бірінші күн өте сәтті өтті. Интернет байланысына үлкен жүктеме болғанымен, мектеп тарапынан оқу режимінің ұйымдастырылуын жоғары бағаладым. Ұстаздарға да алғысым шексіз. Барлығы түсінікті, әрі тиянақты өтті, – деген ойымен бөлісті […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Аяулым Адилова банан мен апельсин қалдығынан ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш өндіруді ұсынуда. – Күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды, соның ішінде банан мен апельсинді тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы бірқатар аграрлық мәселелерді шешуге болады. Қазір көбіне өсімдік шаруашылығында адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияынды химиялық заттар қолданылады. Оған балама […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары демалыс күндерін пайдалы өткізуде. Наурыз мерекесіне орай олар «Қош келдің, Наурызым!» атты ән айту, сурет салу, Наурыз мейрамына тілек білдіру, эссе жазу, қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын түсіндіру, аспаздық өнерден (наурыз көже, құрт, жент, бауырсақ дайындау) шебер сыныптарын өткізу, қолөнер бұйымдарын жасаудан өз іскерліктерін көрсетіп дистанционды жарысқа түсуде. Байқау талабына […]
Досжан Темирбеков, ученик 12-го класса Назарбаев Интеллектуальной школы г.Тараз отличился своим математическим знанием на Международном конкурсе. Он успешно защитил свой проект на Международном конкурсе математических и механических исследований им. У. Джолдасбекова и получил диплом 3 степени. Досжан предложил новый математический метод расчета, полученный в результате его исследовательской работы. – Найденный метод расчета можно использовать для […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің ғылыми еңбектері ТарМПУ-де өткен Халықаралық педагогикалық оқуларында ерекше аталып өтіп, дәрежелі дипломдармен марапатталған. «ХХІ ғасырда өркениетті Қазақстан жағдайындағы үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: әлемдік руханият және инновациялық тәжірибе» тақырыбындағы педагогтар жиынына тараздық НЗМ-нен 11 мұғалім қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөліскен. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша бірінші орынды Закира Сейдуалиева, Галина Станишевская, […]
Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Арайлым Алтай ел астанасында өткен VII Республикалық өнер фестивалінен бірінші орынмен оралды. Байқауда Арайлым атақты «Титаник» фильмінің саундтрегі «My Heart Will Go On» әнін шырқаған. Естеріңізге сала кетсек, А.Алтай дәл осы байқаудың іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, бас жүлделі болған. Жеңімпаз оқушыны ән жарысына үйірме жетекшісі Бауыржан Баймаханбетов дайындаған. […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының зерттеу жұмыстары Ресей астанасында өткен «Языкознание для всех» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда екі жүлделі орынға ие болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Языковой портрет представителей различных профессий» секциясының үздік жұмысы ретінде Исламбек Сариевтің жобасы танылды. Қазылар алқасының мүшелері оқушының жоғары дайындық деңгейін, кәсіби көзқарасы мен оның жұмысының жаңалығын атап өтті. […]
«Ақ раушан гүлдер күні» деген атаумен Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Алғыс айту күні тойланды. Бұл күні мектеп қауымы өз алғысын техникалық қызметкерлерге, олардың қажырлы еңбегі, мектептің тазалығы мен өркендеуіне деген қамқорлығы үшін білдірді. Мереке құрметіне оқушылар сабақтан кейін мектепте тазалық шараларын жүргізіп, барлық жауапкершілікті өздеріне алды. Балалар өз еңбегі арқылы қызметкерлердің күнделікті жұмысының қаншалықты маңызды […]
Тараздағы НЗМ-де «Би батл» би байқауы өтті. Байқауды «Аллегро» балалар студиясының жас бишілері мен Тараз қаласының «Sarman» бойз-бэнді ашты. «Би батлда» «Sarman» тобының жетекшісі Шыңғыс Есенқұл, «Аллегро» би мектебінің жетекшісі және хореграфы Нұргүл Эдокова мен Милена Мазур, спорттық би хореографы Қуан Байкенов төрелік етті. – Би сайыстарын біз жыл сайын өткіземіз. Осылайша біз талантты және […]
Облыстағы орта мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік орынбасарларының Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі тағылымдамасының кезекті легі өз жұмысын аяқтады. Ағымдағы жылдың 24-28 ақпанында өткен тағылымдамаға Қаратау қаласындағы мектеп лицейі, Тараз қаласы №8, №39 мектеп-гимназиялары, Тараз қаласы №54 орта мектебі, Т.Рысқұлов ауданына қарасты №1 мектеп-лицейінің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Тағылымдама барысында олар мектептің даму жоспарын құру, мұғалімнің кәсіби […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жатақхана Life» атты жатақхананың «Ашық есік күні» өтті. Биылғы жылы семинар-практикум форматында ұйымдастырылған дәстүрлі шараға облыстық білім басқармасына қарасты мектеп-интернаттардың 30-ға жуық тәрбиешілері қатысты. Салтанатты ашылуда Тараздағы НЗМ жатақханасының меңгерушісі Шолпан Кульмахамбетова Зияткерлік мектепте жатақхана қызметінің ұйымдастырылуына шолу жасады. Жиын «Асар» тренингіне ұласып, онда жатақхана тәрбиешілері жағымды орта құруға бағытталған ойындар […]
Тараз мемлекеттік университетінің базасында қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен Абай шығармашылығына арналған облыстық фестиваль өтті. «Білімдіден шыққан сөз» деген ұлы ақынның өлең жолдарымен аталған ауқымды шараға облыстың 10-нан астам мектептерінен келген командалар қатысып, өнер, робототехника салалары бойынша бақ сынады. Шара шымылдығын «Хәкім Абай» театрландырылған қойылымымен ТарМУ студенттері ашты. Салтанатты ашылуда сөз алған ТарМУ ректоры Махметқали […]
Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Жас әл-Фараби» VII Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар байқауында Тараздағы НЗМ-нің 7 сынып оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Аяулым Серікбайдың «Нарша Қашағанов шығармаларындағы Абай Құнанбаевтың мораль философиясы» тақырыбында ұсынған ғылыми зерттеу жүмысы байқауда III дәрежелі дипломға лайық деп танылған. […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің «Нұр» би ансамблі 2020 жылдың 14-17 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен VI халықаралық «Grand premium» өнер байқау-фестивалінде І дәрежелі лауреат атанды. Мектептің би ұжымы сахнада қазақ халық билерімен өнер көрсетіп, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның 20-дан астам би ансамбльдерінің арасында бірінші орынға ие болды. Хореографиялық өнер саласындағы байқау нөмірлерін еліміздің үздік концерттік […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Республикалық ғылыми жобалар байқауынан алтын және күміс медальдармен оралды. «Өлкетану» секциясы бойынша Бауыржан Апил мен Ерсұлтан Тұрсынның жобасы бірінші орын мен алтын медальға ие болды. Байқауға олар «Сандық-Қарақыстақ туристік маршрутының келешегі» тақырыбында зерттеу жұмыстарын ұсынды. Үш жыл бойы оқушылар тарих мұғалім-сарапшысы Любовь Исатаева мен география пәні мұғалім-модераторы Жақсыбек Сүлейменқұловтың […]
Бүгін Таразда Зияткерлік мектептің қатысуымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Облыстың 120-ға жуық мұғалімдері қатысып, орта білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру бойынша өз құзыреттіліктерін арттырды. Семинардың негізгі тыңдаушылары тарих, көркем еңбек және дене шынықтыру пәні мұғалімдері болды. Олар оқытудың заманауи және тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, педагогикалық дағдыларын […]
Бүгін облыстағы жетекші мектеп директорлары орынбасарларының алғашқы легі Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі тағылымдамаларын аяқтады. Тағылымдама барысында Байзақ ауданы №1 мектеп гимназиясы, Жамбыл ауданы В.Чкалов атындағы орта мектебі, Тараз қаласының №30, №46 орта мектептері мен №12 Керімбай атындағы мектеп гимназиясы директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары тәжірибе шыңдады. – Осы апта ішінде біраз жаңа ақпарат алдым. Мектептің […]
Бүгін Таразда Зияткерлік мектептің қатысуымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Облыстың 120-ға жуық мұғалімдері қатысып, орта білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру бойынша өз құзыреттіліктерін арттырды. Семинардың негізгі тыңдаушылары тарих, көркем еңбек және дене шынықтыру пәні мұғалімдері болды. Олар оқытудың заманауи және тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, педагогикалық дағдыларын […]
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қазақ Арланы – 2020» әскери-спорттық байқауы өтті. Сайыстың мақсаты оқушыларды алғашқы әскери дайындық негіздерін үйрету, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, әскери-қолданбалы спорт түрлеріне машықтандыру, серіктестік, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. – Мектебімізде әскери-патриоттық шаралар көп. Солардың бірі дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген – «Қазақ Арланы». Ұл балалар отан […]
Облыстық орта білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары Тараздағы НЗМ-де тағылымдамадан өтуде. Зияткерлік мектептер тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге таратуды мақсат еткен шараға Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қалалық орта білім ордалары басшыларының бес ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары келді. Апталық тағылымдама аясында оқу-тәрбие процесін білім берудің жаңартылған мазмұнын негізге ала отырып тиімді ұйымдастыру мен мұғалімнің сабақтағы […]
Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының жобасы Санкт-Петербургтегі XVI Балтық ғылыми-инженерлік байқауының дипломы мен қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Байқауда 11 сынып оқушылары Маржан Сапарбекова мен Аружан Қалтай «Есту қабілеті шектеулі адамдарға арналған сигналдарды тану және құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесі» жобасын қорғап III дәрежелі диплом мен ғылыми қазылар алқасының арнайы сыйлығын алды. Жоба әлеуметтік мәселені […]
2020 жылдың 8 ақпаны күні Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жастар елдер мен қауымдастықтардың тұрақтылығын қолдайды» тақырыбында БҰҰ Моделінің конференциясы өтті. Конференцияға 40 делегат қатысып, БҰҰ Бас Ассамблеясы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі комитеттеріне бөлінді. – Конференцияны өткізудің мақсаты – оқушыларға көшбасшылық, зерттеу, сондай-ақ дипломатиялық дағдыларын шыңдауға көмектесу, жаһандық мәселелерді шешуде олардың […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Қазақтың жүз күйі» жобасы аясында белгілі күйші, сазгер Өмірғали Ертуғановпен кездесті. «Күйшілік өнердегі халық даналығының дәстүрлі нышандары» деп аталған дөңгелек үстелге мектептің жас домбырашылары жиналды. Өмірғали Ертуғанов – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің домбыра пәні мұғалімі, музыка саласының белді тұлғасы, күйші-сазгер. «Қазақтың мың күйі» күйлер топтамасына үш бірдей туындысы […]
Бүгін Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушылары Абайдың 1, 10, 17 қара сөздеріне негізделген «Абай әлемі» атты әңгіме-қойылымын көрсетті. Шығармашылық шара ақынның 175 жылдығына орай «Өшпес із, өлмес мұра қалдырған» жобасы аясында ұйымдастырылды. Қойылым мектептің драма үйірмесінің жетекшісі Камат Касеновтың жетекшілігімен сахналанып, рөлдері 7-10 сынып оқушыларымен сомдалды. Заманауи форматтағы спектакль ұлы ойшыл философиясының терең астарын өзгеше қырынан […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде TEDx конференциясы өтті, оның аясында оқушылар перфекционизм, ұйқы, К-pop, демалыс және кемсітушілік тақырыптарындағы ойларымен бөлісті. Конференция спикерлері 8, 10 сынып оқушыларынан тұрды. Оларды мұғалімдер мен педагог-кураторлар жаттықтырды. Әрбір сөзге дейін пысықталып, дауыс ырғақтары дұрысталды, түсінуге қиын құрылымдар қысқартылды. TEDx модераторы педагог-куратор Қуат Жұмабаев болды. Оныншы сынып оқушысы Бижан Қадырманов «Перфекционизм» […]
Тараздағы Зияткерлік мектептің «Бэмс» құрама командасы V Жалпықазақстандық «Тенгри-химик» онлайн олимпиадасының кубогына ие болды. Оқушыларды сайысқа химия пәнінің мұғалімі Қазыбек Тортаев дайындаған. – Оқушылар олимпиадаға үлкен қызығушылықпен қатысты. Сұрақтары қызық әрі танымды болды деп отыр. Байқау жоғары бәсекелестік жағдайында өтті. Себебі оған Қазақстанның әр аймағынан білімді оқушылар қатысып жарысады, – дейді жетекшілері. Жастарды қолдау мен […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «тәтті кітаптар» фестивалі өтті. Бұл күні мектеп оқушылары белгілі әдеби шығармалардың тәтті көшірмелерін дайындап, көпшілікке ұсынды. Шығармашылық фестиваль «Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқуына ұсынылған 100 кітап» жобасы аясында өтіп, мектептің 50-ден астам оқушысын қамтыды. Балалар «Алиса в стране чудес», «451 градус по Фаренгейту», «Ромео и Джульетта», «20000 лье под водой» […]
Тараз қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің гуманитарлық пәндер оқытушыларына арнап семинар-практикум өткізді. Жаңартылған білім беру аясында НЗМ тәжірибесін Қазақстанның орта мектептерінде таратуға негізделген іс-шара екі білім беру ордасы арасындағы болашақ ұстаздарды даярлауға бағытталған жұмыс жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Семинар-практикум кезінде Зияткерлік мектеп мұғалімдері тәжірибе жүзінде критериалды бағалауды жүзеге асыру […]
Бүгін 2020 жылдың 31 қаңтарында АҚШ Массачусетс технологиялық институтының студенттері Габриель Каммер мен Руджул Гандидің Тараздағы НЗМ-дегі үш апталық тағылымдамасы аяқталды. Олардың қатысуымен мектепте бірнеше іс-шаралар өткізілді: пәндер бойынша элективті курстар, зерттеу жобалары бойынша кеңестер, ЖОО үшін уәждемелік хат жазу бойынша тренингтер, мұғалімдермен бірлескен сабақтар. Аталған шаралардың маңыздыларының бірі шаңырақтар арасында «The best STEAM idea» […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. М.Мақатаев шығармашылығын дәріптеу мен үздік ән орындаушыларды анықтауға бағытталған шарада мұғалім мен оқушыдан құралған 5 жұп бақ сынады. Байқау шарты бойынша қатысушылар сайыстың бірінші кезеңінде ақын шығармашылығындағы әндерді орындаса, екінші кезеңінде еркін тақырыптағы туындыларды шырқады. – Байқау негізіне ақын Мұқағали Мақатаевтың […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Bookstart» әлемдік акциясына атсалысты. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері кітапхана қызметкерлерінің қолдауымен қаладағы жас аналарға арналған «Ана үйі» дағдарыс орталығында болып, ондағы аналар мен балаларға кітаптар, үстел ойындары мен тәтті сыйлар табыстап қайтты. Акция мақсаты – балаларға кітап сыйлап, отбасын күнделікті кітап оқуға баулу, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Аталған […]
Бүгін First Heartland Jysan Bank Жамбыл облыстық филиалының директоры Ғалымжан Доланбеков мектептің «Даналық бейсенбі» жобасының қонағы болды. Ғалымжан Ануарбекұлы кездесу барысында оқушыларға банкир болу үшін қандай пәндерді жақсы оқу керектігін, өз хоббиі туралы, уақытты тиімді пайдалану жолдары, сүйікті кітабы және жетістікке жету жолы туралы баяндап берді. Сондай ақ, банк басшысы ұйымның болашақтағы стратегиялық жоспарлары мен […]
Тараздағы НЗМ 12 сынып оқушысы Арайлым Алтай VII Республикалық өнер фестивалінің іріктеу кезеңінде бас жүлдені жеңіп алды. Арайлым атақты «Титаник» фильмінің саундтрегі, Селин Дион репертуарындағы «My Heart Will Go On» әнін шырқап Гран-при иегері атанған. – Вокалға он екі жасымнан бері қатысып келемін. Ән айту менің хоббиім. Сүйікті ісіңмен айналысып жүріп, нәтижелерге қол жеткізу үлкен […]
Тараз қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері облыстың 2000-ға жуық педагогы үшін «Жаңартылған білім беру аясында оқу мен оқытудың тиімді жолдары» атты онлайн семинар өткізді. Семинар барысында тыңдаушылар сабақты зерттеу, сабақта ІТ технологияларды пайдалану, пәндік-тілдік интеграцияланған оқытуды іске асыру, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларды сабақта тиімді пайдалану туралы ақпарат алды. Шараға Тараз қалалық, аудандық білім […]
Бүгін Таразық орта білім ұйымдарының 60-тан астам сынып жетекшілері Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен танысты. Семинар қатысушыларын директордың орынбасары Айша Жолдасбекова қарсы алып, сәттілік тіледі: – Семинар бағдарламасын сіздер үшін барынша мазмұнды әрі пайдалы етіп құрастыруға тырыстық. Бүгін алатын тәжірибелеріңіз қызметтеріңізге жарап, өз нәтижесін береді деп сенеміз. Сіздерге методикалық қолдау көрсетуге әрдайым әзірміз, – деді […]
Жаңа жыл қарсаңында Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілер тобы қала тазалығын сақтауда аянбай тер төгіп жүрген коммуналдық қызмет жұмысшыларына азық-түлік себеттерін тарату үшін қала көшелеріне шықты. Мектеп еріктілері оларды қаланың басты көшелерінің бірінде күнделікті жұмыстарымен айналысу барысында, дәлірек айтқанда қар басқан жолдарды тазарту үстінде кездестірді. – Шындығында, ызғарлы аязға да, аптап ыстыққа да қарамастан тынымсыз […]
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» деген атаумен Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлы ақынның 175-жылдығына арналған шара өтті. Оқушылардың орындауында Абай шығармашылығынан сыр шертетін сахналық қойылым көрсетілді. Шара Зияткерлік мектептердің «Өшпес із, өлмес мұра қалдырған» жоба аясында жүзеге асты. Қойылым желісіне сай ақынның балалық шағынан бастап үлкейген шағына дейінгі кезеңі сахналанып, өлеңдерінің шығу тарихына шолу […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нуркешовтің жобасы «Дарын» РҒБО ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты республикалық конкурста бірінші орынды жеңіп алды. – Аталған модельді мектептерде 1 сыныптан бастап, жоғарғы оқу орына түскенге дейінгі аралықта жүзеге асырып, оқушыны жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануға болады. Яғни, оқушының академиялық жетістігінің артуы, кәсіби бағдарлануы, жеке уақытын тиімді пайдалануы, […]
Массачусетс технологиялық институтының (АҚШ) студенттері Тараздың Назарбаев Зияткерлік мектебінде іс-тәжірибеден өтуде. Әлемнің үздік техникалық жоғары оқу орны саналатын MIT студенттері Габриель Каммер мен Руджул Ганди Таразға MISTI Kazakhstan «Global Teaching Labs» жобасы аясында келді. Олар НЗМ оқушыларына жобалармен айналысуда, зерттеулер жүргізуде және ЖОО мен мамандық таңдауда көмектеседі. MISTI Kazakhstan «Global Teaching Labs» жобасы оқушылардың жаратылыстану-математикалық […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш мұғалімі математика, физика және информатика олимпиада резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының II Халықаралық ашық шығармашылық конкурсы – IMPACT Olympiad жүлдегерлері атанды. Олардың барлығы үшінші жүлделі орындарға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына математика пәнінің мұғалімдері Гүлнұр Ахмедиева, Шыңғыс Уәлиханұлы және информатика пәнінің мұғалімі Аңсар Әкім көтерілді. – Байқау тапсырмалары күрделі […]
Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектердің дәстүрлі кездесуі өтті. Кездесуге мектептің 40-тан астам бұрынғы оқушылары, бүгінгі Назарбаев Университеті, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚБТУ, ХАТУ, ҚМЭБИ Университеті, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, сондай-ақ Ресей, Сингапур, Испания, Венгрия, Қырғызстан ЖОО-ларының студенттері келді. Қонақтар мектепке кірген сәтте «Мектепті қаншалықты жақсы білесіз?» квест-ойынын ойнап, естеліктерге кезек берді. Одан […]
Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Т.С. Нуркешовтың және директор орынбасары Н.М.Тұрмаханбетованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында спикер Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсу туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жақында өткен республикалық пәндік олимпиададан жеті медальмен оралды. Жеңіс тұғырынан Аида Чиналиева 1 орынмен (география), Мунира Турсунова 1 орынмен (қазақ тілі), Аружан Қалтай 3 орынмен (қазақ тілі), Сабина Сайдуллаева 3 орынмен (қазақ тілі), Тимур Амангелдиев 3 орынмен (математика), Инабат Амантай 3 орынмен (биология), Абзал Мадиев 3 орынмен (география) көзге түсті. […]
Учителя Назарбаев Интеллектуальной школы Тараза провели онлайн-лекцию для более 1000 педагогов области. На лекции приняли участие учителя, преподающие предметы общественно-гуманитарного направления. Слушатели получили информацию о развитии исследовательской деятельности учащихся, навыков написания эссе, путях оценивания, разработке заданий, обеспечивающих достижение цели обучения, использовании методов дифференциации. Мероприятие на тему «Пути применения различных методов и приемов формативного оценивания на […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Амина Нұрланбекқызының «Бабочка, которая любила встречать рассветы» әдеби шығармасымен «Давай нарисуем сказку!» халықаралық байқауында 2-орынды иеленді. Байқау талабы бойынша Амина өзі жазған ертегіге иллюстрациялар салып, аяқталған жұмысын қазылар алқасының назарына ұсынуы қажет болған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең үздік ертегіге спектакль қойылады. Ондағы басты ролдерді ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндер орындайды. […]
Тараздағы Зияткерлік мектептің HertsCam кәсіби қоғамдастығына мүше 12 мұғалімі жергілікті әріптестеріне іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ұстаздарды өз тәжірибелерімен бөлісуге «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» жобасының жетекші Гүлмира Қанаева №1 Мектепаралық кездесу аясында шақырған. Тараздық Зияткерлік мектеп ұстаздарының халықаралық тәжірибеге көшуі 2016 жылдан бастау алған. 3 жыл ішінде HertsCam-ға мүше мұғалімдер идеялар анықтау, деректер жинау, жоспар құрумен және […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сегіз мұғалімі сертификатталған CLIL сарапшылары мен жаттықтырушылары атанды. Енді олар өз әріптестеріне химия, биология, физика және информатика сабақтарында CLIL әдістемесін қолдануды кәсіби түрде үйрете алады. Биология мұғалімдері Камила Лишанлаева және Дидар Мырзаев, химия пәнінің мұғалімі Станислав Котов, физика мұғалімі Мирлан Джусамбаев, информатика мұғалімдері Балжан Дүйсекеева мен Нұрия Паншаева CLIL сарапшысы […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жылдың үздік мұғалімі» дәстүрлі мектепішілік байқауы өтті. 2019 жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр әдістемелік бірлестік атынан ұсынылған 9 мұғалім қатысып бақ сынады. Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар «Оқушымен сұхбат» немесе «Ата-анамен сұхбат» тақырыбында 5 минуттық бейнетаспа түсіру, «Ғаламшарлар шеруі» атты ашық сабақтар өткізу, «Менің педагогикалық кредом» атты жеке […]
Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үміткерлердің құжатын қабылдау басталды. Биылғы құжат қабылдау науқаны 2019 жылғы 18-желтоқсан мен 2020 жылғы 31-қаңтар аралығына жоспарланған. Үміткерлердің алғашқы легі ата-аналарын ертіп құжат тапсыруға келіп жатыр. Бірі анасына ілессе, екіншісі атасы не апасы, болмаса әпке-ағаларымен келуде. Анасы немесе әкесі келмеген жағдайда, туысының қолында ата-анасынан берілген сенім хаты болуы шарт. – […]
Қытайдағы Цзинаньда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО Wenhui Award сыйақысы табысталды! Бұл Зияткерлік мектептердің үлкен әрі кәсіби ұжымы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттық білім беру жүйесі үшін де маңызды оқиға. NIS білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды. Дипломмен мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған 20 мың доллар «Назарбаев Зияткерлік […]
Тараздағы Зияткерлік мектептің «Сардар» әскери-патриоттық клубы облыстық жарыста топ жарып бас жүлдені иеленді. Облыстық сайыс әскери-патриоттық клубтар арасында өткен. Клубқа мүше қыздар жарыста автоматты бөлшектеу және жинау, пневматикалық мылтықпен оқ ату, страйкбол, лазертаг номинациялары бойынша өнер көрсетіп үздік нәтижеге жеткен. Жеңімпаздарды клуб жетекшісі, АӘД пәні мұғалімі Ғани Аденов дайындаған. – Ұл балалармен қатар, қыздарды да […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің 160-тан астам жетінші сынып оқушылары «Код сағаты» атты жаһандық қозғалысқа қатысты. Бір сағат ішінде оқушылар бағдарламалаумен айналысып, қарапайым әрі қызықты тапсырмаларды орындады. «Код сағаты» – 180 елден бірнеше миллион оқушылар мен студенттерді қамтитын ірі білім беру қозғалысы. Акция информатика мен бағдарламалауды танымал етуге, бүгінгі күні еңбек нарығында сұранысқа ие және жоғары […]
Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ерслан Шәкенов пен Аян Жапсар «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауына қатысып, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Зияткерлер өз білген-түйгендерін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектептің және Дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының оқушыларына баяндады. Естеріңізге сала кетейік, Тараздың НЗМ оқушылары Ерслан Шәкенов пен Аян Жапсар Ұлыбританияның Крэнфилд университетіне […]
Алматы қаласында өткен математика, физика және информатика мұғалімдерінің VII Халықаралық шығармашылық байқауынан Тараздағы Зияткерлік мектептің бірден алты педагогы жеңіспен оралды. Математика мұғалімдері Нариман Қожахметов ІІ дәрежелі, Арайлым Түктібаева ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болса, Наурызбай Серікбаев пен Әділғазы Таласбаев, сонымен қатар физика мұғалімдері Лязат Ауғамбаева мен Айгүл Умиралиева ІV дәрежелі дипломдармен марапатталған. – Байқауда жаратылыстану-математика саласындағы […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Назиля Тұрмаханбетова мен Галина Станишевская Түркиядағы әріптестеріне шеберлік сыныбын өткізді. Орыс тілі ұстаздарының «Қарапайым мәтіндермен жұмыс істеу сөйлеу дағдысын дамытуға қалай көмектеседі» тақырыбындағы шеберлік сыныбы «Әлеуметтік-мәдени және лингвистикалық парадигмаларды ауыстыру жағдайында орыс тілін шет тілі ретінде оқыту» атты ІІІ Халықаралық конференциясы аясында өткізілді. Конференция Түркия […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Тұңғыш Президент күніне арнап «Ұлы Дала мұрагерлері» атты шығармашылық кешін өткізді. Концерттік бағдарламаның негізгі мазмұны Абайдың 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойлары аясында өрбіді. Кешті мыңға жуық көрермен «Баласағұн» мәдениет сарайында тамашалады. Олардың арасында Зияткерлік мектеп қауымы, серіктес ұйымдар, әлеуметтік орталық өкілдері мен басқа […]
2019 жылдың 28 қарашасы күні Тараз қ. Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен ПШО Тараз қ. филиалының әдістемелік ортылығы Сарысу ауданында әдістемелік десант өткізіп қайтты. Іс-шараға 153 мұғалім қатысып, шеберлік-сыныптар мен сабақтардан тәжірибе шыңдады. Десант критериалды бағалау жүйесінің тәжірибеге енгізілу жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылды. Сарысу ауданындағы М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында өткен әдістемелік күнге пән мұғалімдерінен бөлек директордың […]
Мәскеуде өткен «IT-білім беру жүйесіндегі инновациялық ақпараттық-педагогикалық технологиялар» атты IX Халықаралық конференция-байқауында Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің жобалары үздік деп танылды. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті ұйымдастырған байқаудың қорытындысына сай, Зияткерлік мектептің биология мұғалім-сарапшысы Инна Аксенованың жобасы жеңімпаз дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталған. Ізденімпаз ұстаздың «Биология мұғалімдерін технологиялық және пәндік білімнің өзара әрекеттесу тәсілдеріне оқыту» атты […]
Облыстағы жетекші мектеп директорларының НЗМ-дегі апталық тағылымдамасы жалғасуда. Жақында аталған жобаға басшылардың екінші легі қатысты. Зияткерлік мектептердің жұмысымен Байзақтағы Сарыкемер мектеп-гимназиясы, Меркілік №17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясы, Тараздағы №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы мен №24 гимназиясы директорлары жақынырақ танысты. Зияткерлік мектептің даму жоспарынан бастап, оқушының оқу жетістігін бағалау, кітапхана ісі, оқушыға кәсіби бағдар беру, психологиялық қолдау қызметі, мұғалімнің […]
Бүгін Жамбыл облысының 150-ден астам 6-сынып оқушылары Тараздағы Зияткерлік мектебінің жұмысымен танысты. Танысу оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» аясында өтті. Мектеп қонақтарына арналып он бекеттен тұратын шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Әр бекетте Зияткерлік мектептің пән ұстаздары қызықты ғылыми тәжірибелер, ұлттық дәстүрге шолу, робототехника, спорт, ағылшын тілі, кітапхана жобалары, өнер және басқа да бағыттар […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дарынды балаларға арналған облыстық лицейлер мен мектептер арасындағы серіктестік аясында оқушылардың Достық спартакиадасы өтті. Жарыс футбол, шахмат, тоғызқұмалақ,теннис және волейболдан өтіп, оған облыстық үш тілде оқытатын мектеп, «Білім-инновация лицей-интернаты, «Дарын» мектеп-интернаты, ІТ лицей және Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде жалпы командалық есеппен ұлдар арасында 1-орынды «Білім-инновация лицей-интернаты, 2-орынды […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылдың 14-15 қараша күндері «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбында облыстық форум өтті. Мақсаты – білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының кәсіби шеберлігін шыңдау. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының кәсіби шеберлігін жетілдіруді мақсат еткен форумға жалпы саны 250-ге жуық мектеп директорлары қатысты. Алғашқы күннің бағдарламасы Зияткерлік мектептің […]
CIS-тің штаб пәтері Нидерландыдан Астанаға Петропавл және Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Council of International Schools (Халықаралық мектептер кеңесі) аккредитациясын алғаны жөнінде сүйінші хабар жетті. Бұл екі мектеп аккредиттеу процесін аяқтады, енді барлық жиырма Назарбаев Зияткерлік мектебі жоғары білім стандарттарын CIS мойындауымен растады. Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды […]
Бүгін Тараздағы НЗМ жергілікті мектеп педагогтарымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Осымен бесінші рет өткізіліп отырған шараға облыстың 60-тан астам мұғалімі қатысты. Семинар қатысушыларын алдымен Зияткерлік мектеп психологтары «Танысу» тренингімен қарсы алып, қолайлы ортаның қалыптасуына жағдай жасады. Артынша кураторлардың жүргізуімен жазғы әлеуметтік жобалар, «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу жобасы бойынша семинар-практикумдар өтті. Оқушылардың […]
Жақында өткен жалпықазақстандық «Тенгри-географ» олимпиадасында Тараздағы Зияткерлік мектептің бірден алты командасы жүлделі орындарға ие болды. Пәндік байқаудың бас жүлдесін «Денали» командасы жеңіп алса, «Сақтар» командасы – 1 орынды, «Көне Тараз», «Олимп», «Тарлан», «Эльбрус» командалары 2 орындарды иемденген. Мектеп намысын қорғаған жетінші топ «Материктер» «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталған. – Балалар олимпиада сұрақтарының қызықты әрі […]
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы Венгрияның Дьорынан табысты оралды. Белгілі жаттықтырушы Николай Авдюниннің жетекшілігіндегі олар WRO чемпионатының (World Robot Olympiad – Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, елге қола медаль алып келді. NIS құрама командасы «Ақылды білім» секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен […]
Тараздағы зияткерлер атадан қалған қазына – мақал-мәтелдерді күнделікті тұрмыста пайдаланып, олардың мағынасын ашып, мәнін анықтайтын шараларға белсенді қатысуда. Ол үшін мектепте «Менің өмірімде қолданатын мақал-мателдер» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында әр айдың тақырыбы бекітіліп, ай сайын тақырыпқа сай квест ойын, дөңгелек үстел, байқау, бейнебаян түсіру, викторина түріндегі шаралар өткізілуде. Мәселен, қыркүйек айындағы жоспарға сай, […]
Эмоционалды интеллект, заманауи мектептегі мұғалім мен оқушы қатынасы, жоба жұмысын ұйымдастыру, мұғалімнің кәсіби күйреуі – осы және басқа да тақырыптар төңірегінде кешегі өткен мектепішілік жиында сөз қозғалды. XI Халықаралық конференцияға қатысқан Тараздағы Зияткерлік мектеп педагогтары әріптестерімен шарадан алған мазмұнды ақпараттарымен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 24-25 қазан күндері Нұр-Сұлтанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Мектеп […]
Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Айналамыздағы әлемді өзгертетін 80 әрекет» жобасының тұсаукесері өтті. Жоба келер жылы Елбасының 80 жасқа толуына орай қолға алынып, оқу жылы соңына дейінгі сексен игі істі қамтымақ. Салтанатты жиында мектеп директоры Тимур Нуркешов жиналғандарды жобаның негізгі бағыттары және мақсат-міндеттерімен таныстырды. Сондай-ақ, мектеп басшысы өз сөзінде бастама тек Зияткерлік мектеп емес, облыс […]
Қарашаның 4-күні Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері Шу қаласында әдістемелік десант өткізіп қайтты. Шудан және оған көршілес жатқан бірнеше аудандардан 200-ге тарта мұғалімдер қатысып, шеберлік-сыныптар мен семинарларда тәжірибе шыңдады. Десант критериалды бағалау жүйесінің тәжірибеге енгізілу жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылды. Шу ауданындағы «Жібек жолы» мектеп-гимназиясында өткен әдістемелік күнге пән мұғалімдерінен бөлек мектеп директорлары, директор орынбасарлары және үйлестірушілер […]
Бүгін облыстағы бес жетекші оқу орындары директорларының Тараздағы Зияткерлік мектептегі тағылымдамасы мәресіне жетті. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай аудандары мен Тараз қаласындағы мектеп басшыларын бір ортаға жинаған шара аптаны қамтыды. Арнайы жобада атап айтсақ, аудандардағы Ғ.Мұратбаев, Б.Бесбаев, Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиялары, №1 мектеп-гимназиясы, сондай-ақ, қалалық №41 А.Пушкин атындағы мектеп-гимназия директорлары тәжірибе шыңдады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің даму жоспарынан […]
Жақында Түркияның Стамбул қаласында өткен VI Халықаралық EUROKD конференциясында Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері іс-әрекетті зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Биология пәнінің мұғалімдері Түймегүл Убишева мен Серіккүл Құлтасова «STEM пәндерін оқытуда дифференциацияны қолдану арқылы оқушының талдау дағдысын дамыту» тақырыбында таныстырылым жасады. – Конференция мұғалім тәжірибесіндегі зерттеумен айналысудың маңызын тағы бір айқындап бергендей болды. Еуропа елдерінен келген түрлі зерттеушілер, […]
Бүгін облыстың 5 жетекші мектеп директорлары Назарбаев Зияткерлік мектебінің апталық тағылымдамасына қатысуды бастады. Арнайы жобаға Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай аудандары мен Тараз қаласындағы мектеп басшылары қатысты. Алғашқы күнді директорлар Зияткерлік мектептің даму жоспарымен танысу, оқушының оқу жетістіктерін бағалау және кітапхана ісінде қолданылатын заманауи әдістерді саралаудан бастады. Сондай-ақ, түрлі сабақтарға қатысып, соңынан оған Зияткерлік мектеп басшыларымен […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің он екінші сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысуды өндіретін бизнес-жобасын жүзеге асыруға екі миллион теңге ұтып алды. Оның бизнес-бастамасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдады. – Біздің елге құрғақ сүт сарысуы Ресей мен Беларусиядан импортталады. Ал оны өзіміз өндіре бастасақ қосымша шығындардан арылар едік. Құрғақ сарысу […]
Бүгін Тараздағы Зияткерлік мектеп директоры Тимур Нуркешов бір топ оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілерін қабылдады. Олар жақында Алматы қаласында өткен Зияткерлік мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары. Тимур Сейтқажыұлы химия бағыты бойынша 1 орын алған Аружан Кенешбекованы, физика бағыты бойынша 2 орын иеленген Алижан Шолпанбековты, өлкетану ғылымы бойынша 3 орыннан көрінген Бауыржан Апил мен […]
Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының алғашқы күні қортындыланды. Алқалы жиында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған екі мыңнан астам педагог бас қосты. Олардың қатарында Қазақстанның әр өңірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, білім беру мекемелерінің басшылары, АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Норвегия, Нидерланды, Франция, Жапония, Сингапур, Гонконг, Вьетнам, Австралия, […]
Тараздағы Зияткерлік мектепте волейболдан ІІ-аймақтық спартакиада мәресіне жетті. Жүзден жүйріктер анықталып, марапаттар өз иелерін тапты. Дәстүрлі додағаӨскемен, Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Семей, Петропавл және Тараз қалаларындағы Зияткерлік мектептерден 100-ден астам оқушы қатысып өзара сынға түсті. Тартысты ойыннан бөлек спартакиаданың әр күні мәдени-көпшілік іс-шараларға да толы болды. Олардың арасында «Танысу шеңбері» тренингі, «Караоке-батл», «Би-батл», «IQ Game» квест […]
Жамбыл облысының 200-ден астам мұғалімі Зияткерлік мектепте өткен семинарда тәжірибе шыңдады. Шара тақырыбы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту ерекшеліктеріне арналды. Тәжірибелік семинар 6 пәндік секцияға бөлініп, аймақтың 44 жетекші мектебін қамтыды. Тараздағы Зияткерлік мектеп педагогтары қатысушыларға арнап «Жиынтық бағалауда марк-схеманы қолдану. Модерация» атты шеберлік сыныбын, «Математикадан күрделі деңгейдегі есептерді шығару жолдары» практикумын, сондай-ақ, «Сабақ барысында оқушылардың […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет облыстық лицейлер мен мектептердің ата-аналары арасындағы Достық спартакиадасы өтті. Жарыста облыстық үш тілде оқытатын мектеп, «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернаты, «Білім-инновация» қыз балалар лицей-интернаты, «Дарын» мектеп-интернаты, ІТ лицей және Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектептің ата-аналар командасы бақ сынады. – Ата-ана ретінде мұндай спорттық шараларға қатысуға әрдайым дайынбыз. Дарынды балаларды тәрбиелейтін мектептердің […]
Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері жергілікті педагогикалық университет басшыларымен кездесті. Кездесуде оқушыларды робототехника және астрофизика салаларында зерттеулермен айналысуға тарту мәселесі талқыланды. – Олимпиадаларға қатысып, ғылыми-зерттеумен айналысу – өз мүмкіндігіңді өлшеуге арналған жақсы құрал. Оқушы күнімде мен математикалық олимпиадаларға көп қатысатынмын. Ол кезде мынадай тамаша кітапханалар бізде болған жоқ. Осы мүмкіндіктердің барлығын пайдаланыңыздар, […]
Более 100 учащихся вместе с учителями русского языка и литературы Интеллектуальной школы Тараза посетили премьеру спектакля «Гроза», поставленного по произведению А.Н. Островского. Несмотря на то, что «Гроза» – довольно популярное произведение и часто представляется на сцене театров мира, режиссер-дебютант Марина Прославич представила его на суд юным зрителям по-новому. Ученики с особым интересом следили за развитием […]
«Жастар жылындағы жасыл желек!» осындай атаумен бүгін Тараздағы Зияткерлік мектепте ағаш отырғызу акциясы өтті. Акция барысында мектеп аумағына 20-ға жуық қайың, жәңкіш және арша ағаштары отырғызылды. Шара «Қазпочта» акционерлік қоғамының Жамбыл облысындағы филиалы қолдауымен Жастар жылына орай ұйымдастырылды. Алғашқы ағашты мектеп директоры Тимур Нуркешов пен «Қазпочта» ұжымының өкілдері отырғызып, кейінгі тізгінді 7-сынып оқушыларына ұстатты. […]
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Айша бибі» тарихи қойылымын тамашалап қайтты. Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткен қойылымға 150-ге жуық оқушы барды. Мәдени ағарту шарасына қатысу мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бастамасымен қолға алынды. – Тараз жерінің көне тарихынан сыр шертетін спектакльді біздің оқушыларымыз да көргенін қаладық. Балаларды осындай қойылымдарға жиі апарып тұруға тырысамыз. […]
Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қос бірдей қуаныш. Бірі мұғалімдер мерекесі болса, екінші қуаныш биология мұғалімі Инна Аксенованың салтанатты түрде «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталуы. Төсбелгімен қатар Инна Аксеноваға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов екі жарым миллион тенге көлемінде сыйақы табыстады. Естеріңізге сала кетейік, биология мұғалім-эксперті Инна Аксенова «Үздік педагог-2019» байқауына қатысып, оның қалалық, облыстық […]
Мұғалімдер мерекесі Тараздағы Зияткерлік мектепте таңғы құттықтаудан басталды. Мектеп алдына тізілген оқушылар мен ата-аналар ұстаздарды жеке-жеке қарсы алып, құттықтау тілектерін жаудырды. Артынша мұғалімдер қауымы «Голливуд» стилінде безендірілген фотозоналарда суретке түсіп, өздерін жұлдыздай сезінуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ жоғары сынып оқушылары ұстаздарына демалыс сыйлау үшін сабақтарды өздері жүргізіп, тіпті мектепті басқару шаруаларын да өз мойындарына алды. Ал […]
Жазғы демалыста Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары екі апталарын ауылда өткізіп, ондағы кездесетін өзекті мәселелермен танысып қайтты. Ауыл өмірімен танысу Зияткерлік мектептердің «2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибесі аясында жүзеге асты. Жақында оқушылар аталған жоба нәтижелерімен бөлісіп, мектеп ішінде таныстырылым жасады. – Өз тәжірибемді мен нағашыларымның ауылы Құланда өткіздім. Екі апта бойы туыстарыма түрлі шаруаларда көмектестім. […]
Бүгін Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғыз басты қарияларды қолдап, құрметтеуге бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы» әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті. Ашылу салтанатына 50-ге жуық жалғыз басты қарттар мен әлеуметтік орталық өкілдері шақырылды. Мектеп оқушылары мен педагогтары қарияларға арнап қолөнер бойынша түрлі шеберлік сыныптарын өткізді. Соңынан қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалап, астан дәм татты. – Тараз қаласында 20 000 астам зейнеткер […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өткізген Денсаулық күніне 1500-ден астам адам қатысты. Мектеп қызметкерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. Ауқымды жиынды мектеп директоры Тимур Нуркешов ашып, шараның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Мектептің спорт алаңына жиналған қауым таңғы жаттығудан соң топтарға бөлініп, алуан түрлі спорттық жарыстар мен ойындарға белсене қатысты. […]
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Таразда өткен «Бірінші жастар ойындары» облыстық жарысында топ жарды. 300-ден астам мектеп оқушылары қатысқан спорттық сайыста Абылайхан Әбілхан ұзындыққа секіруден екінші орынды еншілесе, Елнұр Абдуалиев 100 метрге жүгіруден үшінші орынды жеңіп алған. Сондай-ақ, мектептің волейболдан қыздар командасы жеңіс тұғырының үшінші орнынан көрінді. Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қазіргі таңда […]
Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп мұғалімі Инна Аксенова «Жыл мұғалімі 2019» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Инна Валериевна Аксенова 2013 жылдан бастап Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология мұғалім-сарапшысы. Педагогтың кәсіби шеберлігі соңғы жылдардағы республикалық және халықаралық байқауларда расталған. Ол «Жаңа идеялар» халықаралық байқауы (2016ж.), «Идеялар фестивалі» республикалық байқауы (2016ж.), «Дарын» РҒП биология пәнінен республикалық […]
Жазда «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында Ақтөбе және Көкшетау қалаларының Зияткерлік мектеп оқушылары Тараз жеріне келген болатын. Апталық өлкетану-экспедициясы кезінде оқушылар аймақтың тарихи, мәдени-ғылыми және индустриялды ерекшеліктерімен танысып, зерттеу жүргізді. Экспедициялық топты алып жүру мақсатында Тараздық Зияткерлік мектебінің оқушылар мен қызметкерлерінен еріктілер тобы жасақталды. Аталған топ осы апта ішінде мектеп қауымдастығы алдында еріктілік қызметтерінің […]
Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрге айналған шара – жетінші сынып оқушыларын НЗМ зияткерлері қатарына қабылдау өтті. Жақсы оқуға және дамуға осы жылы қабылданған 158 оқушы ант берді. Рәсім салтанатты ашылудан бастау алып, мектептің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен, сондай-ақ өткен оқу жылы қорытындысы бойынша жақсы үлгерім көрсеткен оқушыларға мақтау қағазын табыстаумен жалғасын тапты. Дәстүрлі […]
Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары «Білім-Инновация» мектеп-интернатының «Smiling earth day» экологиялық акциясы барысында 50-кг-нан астам қоқыс жинаған. Іс-шараға 60-тан астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Олар топтарға бөлініп, мектепке жақын орналасқан шағын аудандардың аумағын қоқыстан тазартты. Жиналған қоқыстар санына, сондай-ақ оның дұрыс сұрыпталуына сәйкес ұпайлар беріліп, олардың сомасы бойынша жеңімпаздар анықталды. Іс-шараның қорытындысы бойынша […]
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыстың тіл жанашырларымен кездесті. Кездесу Тілдер мерекесіне орай «Маманға жүз сұрақ» жобасы аясында мектептің жатақхана тәрбиешілерімен ұйымдастырылды. «Тілге құрмет – елге құрмет» деп аталған шарада оқушылар Тілдерді оқыту орталығының бас әдіскері Шынар Бахытбекпен, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалының тренері Гүлхан Амановамен, Ардагерлер мен мүгелдектер қоғамдық бірлестігінің саяси бөлім бастығы […]
Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері Инна Аксенова мен Инна Богучарская Германияның Гамбург қаласында өткен ECER 2019 білім саласындағы ең ірі еуропалық конференциясына қатысты. Олар халықаралық ғылыми жұртшылық назарына «Тәуекелдер әлемінде PBL (проблемалық-бағытталған оқыту) қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуына ұйымдастырушылық инновацияларды енгізу» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Педагогтардың айтуынша, ECER 2019 конференциясына қатысу білім беру саласындағы заманауи зерттеу […]
«Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» әлеуметтік жобасына Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де қосылды. Мұғалімдер күні қарсаңында мектеп оқушылары cүйікті ұстаздарына «Бiлiмдi ел – Образованная страна» газетіне жазылым түрінде ерекше сыйлық жасады. Он бірінші сынып оқушысы Айым Жүрсінәлі өзінің орыс тілі мұғалімі Жамал Өмірбаеваның атына жазылым жасады. – Осындай тамаша сыйлықты күтпеген жерден алдым! Ерекше сыйлығы үшін […]
Бүгін Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінде 30-ға жуық үйірменің таныстырылымы өтті. Ракетақұрастыру, ән, би, қолданбалы өнер, құзға өрмелеу, шахмат, футбол, волейбол бір сөзбен айтқанда оқушының жан-жақты дамуына ықпал ететін барлық үйірме түрлері қамтылды. Жәрмеңкенің ашылуында сөз сойлеген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айша Жолдасбекова оқушыларға бос уақтыттарын тиімді жоспарлап, таңдаған үйірмеге жыл соңына дейін қатысудың маңызын […]
Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен жасампаз идеялары» семинар-тренингі өтті. «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында өткен іс-шарада Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов сөз алып, семинар жұмысына сәттілік тіледі: – Біздің кітапхана өз жұмысында әрдайым ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп келеді. Соның бірі Елбасымыздың тәуелсіз Қазақстанды […]
Бүгін, 2019 жыл 4 қыркүйекте Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы бойынша қызметкерлерге түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиынды мектеп директоры Тимур Нуркешов ашып, жолдаудың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзектілігін, халықтың әл-ауқатын көтерудегі маңызын атап өтті. Құжаттағы білім беру бағытына тоқталып, оқушылардың қабілетіне сай кәсіби бағдар беру […]
6 қыркүйекте, сағат 15:00-де Тараз қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасы кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен жасампаз идеялары» семинар-тренингі өтеді. НЗМ мұғалімдері мен оқушылар «Елбасытану» элективті курсы мен «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту» тренингіне қатысады. Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері дайындаған семинар материалдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен […]
Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында Білім күні аталып өтті. Қызыққа толы жазғы маусымнан соң оқушылар жаңа білім мен жаңа жетістіктер жылына қайта аяқ басты. Жаз бойы олар «Екі апта ауылда», «10 күн ата-ана жұмысында» мектеп жобаларына белсене қатысып, ауыл өмірімен танысып, ата-аналарының жұмысы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. […]
Педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясының секциялық отырыстары 2019 жылдың 26-27 тамыз күндері өтті. Алғашқы күннің отырысы Тараз қаласының №41 көпсалалы гимназиясында өтіп, облыстың 750-ге тарта бастауыш сынып және мектепалды даярлық топ мұғалімдерін қамтыды. Отырысқа білім басқарманың мамандары, оқу-әдістемелік кабинеті қызметкерлері, мектеп басшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері де қатысты. Секция отырыстарында Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектеп […]
Бүгін Орал қаласында педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясын енгізу бойынша республикадағы алғашқы жобаны жүзеге асыру басталды. Эксперименталды жобаның ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, Орал жоғары педагогикалық колледжінің директоры Светлана Бахишева, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, «Kazdidac» Ассоциациясының басқарма төрағасы Валерий Лебедев қатысты. […]