МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АҢЫЗЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
05.04.2019
999
700

Облыстың жетекші кардиологы Сейтхан Джошыбаев Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті.

«Даналық бейсенбі» мектеп жобасы аясында Зияткерлік мектеп оқушылары медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның жүрек-қан тамырлары хирургтары ассоциациясының президенті, Тараз қаласындағы кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры, академик Сейтхан Джошыбаевпен кездесті.

Оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, профессор өзінің балалық шағын, мектеп жылдары мен студенттік кезеңдерін еске алып, оқушыларға медицина саласын неліктен таңдағаны туралы айтып берді.

– Өз уақытында ұлы философ Сократ былай деген: «Барлық мамандықтар адамдардан, тек үшеуі ғана Құдайдан: мұғалім, дәрігер және сот». Бұл мамандық иелерінің бойында тек кәсіпқойлық ғана емес, ар-ождан да жоғары дәрежеде болуы тиіс. Кейде біз қайғылы оқиғалардың куәсі боламыз және күрделі әрі мәнді шешімдер қабылдауға мәжбүрміз, – деді С. Джошыбайұлы.

Жүргізуші өзінен 80 жаста бола тұра, 50 жас шамасында көрінетінін қызыға сұрағанда, оның жастығының себебі спортпен тұрақты шұғылдануында, соның ішінде гимнастикада екенін айтты. Құрметті жасына қарамастан, ол барлық күрделі операцияларды әлі күнге дейін өзі жүргізеді екен.

Джошыбаев Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында туып-өскен. 1962 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина институтын бітіріп, Нарын және Талас (Қырғызстан) қалаларында жалпы хирург болып жұмыс атқарған. Бүгінгі таңда ол Тараздағы кардиохирургия және трансплантология орталығын 10 жылдан астам уақыт сәтті басқарып келеді.

Сейтхан Джошыбайұлы 9 кандидатты және 1 медицина ғылымдарының докторларын дайындаған. 9 өнертабыс  патенті және 17 рационализаторлық ұсыныстары бар. 210-нан астам ғылыми жұмыс, 2 монография жариялаған. 2014 жылы көптеген адамдардың өмірін аман алып қалғаны үшін С. Джошыбаев Президент қолынан ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алған.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку