Мәдениет пен өнер – рухани өмір мәйегі

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
21.05.2020
999
700

Мамырдың 21-і – елімізде мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі. Халықтың мәдени дамып, рухани жаңғыруы бағытында күш салып келе жатқан өнер иелеріне құрмет қашанда жоғары.

Тараз өлкесінде өнердің көкжиегін кеңейтіп жүрген шығармашыл тұлғалар көп. Солардың бірі әрі бірегейі – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, күйші, сазгер Аман Малдыбаев. Сазгердің қоржынында 10-нан астам күй мен 40-қа жуық ән бар. Оның әйгілі «Көне Тараз» күйі Москва мен Париж төрінде ойналып, қалың көрерменнің қошеметіне бөленген.

Ұлттық музыканың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын түсінетін Тараздық Зияткерлік мектеп өнер қайраткерін әрдайым қонақ етеді. Күйші «Туған елге тағзым», «Даналық бейсенбі» жобалары аясында мектеп оқушыларымен жүздесіп, күй өнері туралы бағалы білімімен бөліскен болатын.

Осы орайда, Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектеп қауымы төл өнерімізді дәріптеп жүрген сазгерге ыстық ілтипатын жеткізді.

 

 

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку