«Шынықсаң шымыр боласың»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
27.10.2017
999
700

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғылыми – тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен 21, 22 қазан күндері аталмыш білім басқармасына қарасты мекемелер, мектеп-интернаттар және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен оқушылары арасында XI Спартакиада өтті.

Облыстық спартакиаданың ұйымдастырылу мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жүйесін дамыту, оқушылар үшін коллаборативті орта қалыптастыру және спорттан үздік оқу орнын анықтау болды.

Іс-шара Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Н. Тілендиев атындағы мектеп-интернаты ғимараттарында өтті. Жарыс футзал, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, шахмат, волейбол, қол күрес, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты спорт түрлерін қамтыды.

Жарыс нәтижесі бойынша, жалпы командалық есеппен Тараз қаласы Зияткерлік мектеп оқушылары жүлделі бірінші орынға ие болды. Екінші орында Қазақ-түрік лицейі және үшінші орынды жалпы командалық есеппен Дарын мектеп-интернаты жеңіп алды.

IMG_8407 IMG_8950 IMG_8776 IMG_8769 IMG_8586 IMG_8528 IMG_8447 IMG_8442

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку