2018-2019 оқу жылында мектеп жанындағы жатақханада 2 (екі) орын босауына байланысты (1 қыз, 1 ұл) жатақханаға орналасу үшін ата-аналар өтініші мен тиісті құжаттар 2019 жылғы 26-30 наурыз аралығында қабылданатынын ескертеміз.
Құжаттар сейсенбі – сенбі күндері сағат 09:00-18:00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00) қабылданады. Жексенбі – демалыс.
Бұл жерде мекен-жай бойынша тіркелген уақыты 1 жылдан кем емес болуы шарт; бұл талаптар төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Назарбаев Зияткерлік мектебінің орналасқан жерінен алыс аймақтарда тұратын азаматтарға қатысты болады:
– оқушының ата-анасының жұмыс бабымен немесе отбасылық жағдайына байланысты мекен-жайы ауысқан болса, ата-анасының басқа жұмыс орнына ауысқандығы туралы бұйрық және келісім-шарт көшірмесін бірге тапсыруы қажет;
– мекен-жайы ауысқан болса, оқушының және оның заңды өкілдерінің мекен-жайы ауысқаны туралы растайтын құжаттар (мекен-жайы туралы анықтама, селолық округ әкімшілігінен мекен-жайы ауысқандығы жөнінде анықтама тапсыруы қажет).
5.1. Арыз беруші мен отбасының тұрмысы қолайсыз отбасы ретінде тіркелгендігін растайтын ішкі істер бөлімінің немесе жергілікті атқарушы органдардың берген анықтамасы (болған жағдайда);
5.2. Оқушының 5 бөлімде көрсетілген жағдайларға жатататындығын растайтын басқа да құжаттар.
P.S. Орын алу құқығы басым деп табылған бірнеше оқушының жағдайы бірдей болса, орын беру барысында арыз берген күні мен уақыты ескеріледі.
Жатақханадан орын алуға құқығы басым оқушылардың қатарына енбеген оқушыларға орын өтініш тапсырған күні мен уақытына сәйкес кезегімен беріледі.
Мектеп директорының бұйрығымен оқушыларға жатақханадан орын беру үшін комиссия жасақталады.
Комиссия жоғарыда көрсетілген құжаттарға, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметін ұйымдастыру туралы Ережесіне сүйене отырып оқушыларға орын береді.
Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері қажетті деректерді, отбасының тұрмыстық ахуалын анықтауға шыға алады.
Оқушыларға мектеп жатақханасынан орын бөлу комиссиясының шешімі сіздердің көрсеткен телефон нөмірлеріңізге хабарланады.
«Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мекен-жайы: Тараз қаласы, Домалақ ана көшесі №266
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.