Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұлы дала ақындары» жобасы аясында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. М.Мақатаев шығармашылығын дәріптеу мен үздік ән орындаушыларды анықтауға бағытталған шарада мұғалім мен оқушыдан құралған 5 жұп бақ сынады.
Байқау шарты бойынша қатысушылар сайыстың бірінші кезеңінде ақын шығармашылығындағы әндерді орындаса, екінші кезеңінде еркін тақырыптағы туындыларды шырқады.
– Байқау негізіне ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер алынды. Жазушының терең ойлы туындылары тыңдарман жүрегіне жетті деген сенімдемін. Қатысушыларымыз барын салды. Әнді тек жанды дауыспен, фонограммасыз орындап шықты, – деді директор орынбасары Айша Жолдасбекова.
Орындаушылар өнерін «Медиа» шығармашылық орталығының директоры, вокалист, балалар продюсері Калипа Боханова, Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, вокалист, концертмейстер Заман Бегімбетов, Тараз қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің АӘД пәнінің педагог-ұйымдастырушысы, өткен жылғы «Екі жұлдыз» ән байқауының жеңімпазы Ғани Аденов бағалады.
Қазылар алқасы сынға түсушілердің ән айту шеберлігін, әнді жанды дауыспен орындауы мен сахналық мәдениетін басшылыққа алды. Тартысқа толы байқауда бас жүлдені мұғалім Ғалия Есжанова мен оқушы Сабыржан Құдиярхан иеленді. Бірінші орынға мұғалім Мария Гочияева мен оқушы Марал Маратованың жұбы лайық деп танылса, екінші орын мұғалім Жанар Абилакимова мен оқушы Зере Есентайға бұйырды. Ал, үшінші орынды мұғалім Богдан Еркебек пен оқушы Нұрдаулет Қамбатыров еншіледі.
Мектепішілік «Екі жұлдыз» ән байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларына алғыс хаттар, дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, «Екі жұлдыз» ән байқауы дәстүрлі түрде мектепте 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Байқау жылдан-жылға мектептің жаңа жұлдыздарын жағуда.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.