Тараздағы NIS педагог-психологтары қалыптасқан жағдайда өз білімдері мен мүмкіндіктерін қалай пайдалануда

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
12.02.2021
999
700

 

Аталған сұрақтың жауабымен Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологтары аймақтың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтарына арналған вебинар барысында бөлісті.

NIS психологиялық қызметінің өкілдері Наталья Балакина, Нұрбану Байтелиева және Ирина Магай өз әріптестеріне «тәуекел тобындағы» оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Қашықтан оқыту кезеңінде оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарды талқылады.

Сондай-ақ, мектептің психологиялық қызметі әрбір оқушының әл-ауқатын жақсарту бойынша білім беру процесінің қатысушыларымен қарым-қатынас жүйесін түсіндірді. «Тәуекел тобындағы» оқушылармен жұмыстың негізгі сәттері логикалық дәйектілікпен ұсынылды: қауіп-қатер тобындағы балаларды анықтау сұрақтарынан бастап, олармен жұмыс істеу бойынша практикалық ұсынымдарға дейін.

Вебинар спикерлері кеңес беру, түзету, ағарту және диагностика аспектілері бойынша оқушылармен, педагогтармен және ата-аналармен жұмыстың аралас түріне ерекше назар аударды.

«Ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері» тақырыбы бойынша әр түрлі форматтағы жұмыс түрлері мен формалары ұсынылды: ата-аналарға арналған «Табыстылық құпиялары» тренингтер сериясы, «Берік отбасы» бағдарламасы, «Суицидтің алдын-алу», тақырыптық жиналыстар, «Табысты отбасы» мектеп порталы, кеңес беру, «Психологиялық қоршау» стенді.

Оқушының әл-ауқатына қол жеткізу бойынша жұмыстың ең тиімді түрі ретінде мектептің педагог-психологтары психологиялық өзара іс-қимыл арқылы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған, тренинг форматындағы «Берік отбасы» және «Біз – бір отбасымыз» бағдарламаларын атап көрсетті. Отбасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартуға және оқушылар мен ата-аналарды өзара тиімді іс-қимыл құралдарымен қаруландыруға бағытталған «Біз – бір отбасымыз» бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтылды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку