«Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында «Қазақ тілі және әдебиеті» әдістемелік бірлестігі 7- сынып оқушылары арасында «Асыл сөздің қайнары – мақал-мәтел» тақырыбында тапқырлар байқауын ұйымдастырды. Байқауда оқушылар «Көкжиек кеңістігі», «Суреттер сөйлейді», «Тапқыр болсаң, тауып көр!» деген үш кезеңмен бақ сынады. Әр сыныптан 4 оқушы қатысты.
Іс-шара мақсаты: мақал-мәтелдің өміріміздегі маңызын арттыру, оқушыларды шешен сөйлеуге, тапқырлыққа баулу, ана тіліміздің бай мұрасын насихаттау, өнерлі оқушыларға қолдау көрсету.
– Алдағы уақытта тапқырлар байқауын барлық сыныптар арасында өткізу жоспарымызда бар, сыныптар жоғарылаған сайын, байқау тапсырмалары күрделене түседі, жеңімпаз сыныптар финалда жарысады – деді «Қазақ тілі және әдебиеті» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Райхан Алмасбекқызы.
Байқау нәтижесі бойынша 7 «С» сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Басқа да қатысушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталды.
Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды. 2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы. Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]
Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]
Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты. Соның ішінде Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды. Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.