ЮНЕСКО Клубтары арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
09.03.2019
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Жамбыл облысындағы ЮНЕСКО Клубтары арасында «IQ-game» Зияткерлік ойынын ұйымдастырды.

Қазақстандағы жастар жылы мен Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының 10-жылдық мерейтойына арналған ойынға Сарыкемер ауылдық №1 мектеп-гимназиясы,  Жамбыл-Инновациялық колледжі, Жамбыл облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-Инновация» және Айша бибі атындағы дарынды қыздарға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған мектеп-интернаттары мен ата-аналар командасы қатысты.

Үш күнге созылған зияткерлік ойын нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды «Білім-Инновация» ұлдар мектеп-интернаты иеленсе, ІІ орын ата-аналар құрама командасына тиесілі болды. Ал жарыстың бас жүлдесі Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасына бұйырды.

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы силықтар табысталды.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку