«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдары оқушылары арасында желілік «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан спартакиада ұйымдастырылды
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Осы тұста Назарбаев Зияткерлік мектептері де жарыс ұйымдастырып өз үлесін қосуда.
Ойынды оқушылар онлайн ойнады. Әр мектептен төрт оқушы қатысты. Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектептен Қыдырбек Ералы, Аташбек Данара, Нұрланқызы Бибігүл, Демин Вадим өз бақтарын сынады.
Тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Оқушының логикалық ойлауына, есеп шығаруна пайдалы, сонымен қатар шыдамдылық, дәлдік сияқты қасиеттерді дамытады – дейді, Бибігүл Нұрланқызы.
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 «F» сынып оқушысы Вадим Демин – «Тоғызқұмалақ» ойыны есеп шығаруға, санауға жақсы әсер етеді. Кішкентай кезімнен бұл ойынға қызығамын. Мектепішілік жарысқа үш рет қатысып, үшеуінде де желілік жарысқа жолдама алдым, негізі бұл ойын логиканы да жақсы дамытады. Қатысушыларға сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін, – деді.
Ойынды оқушылар үш күн онлайн ойнады.
Ойын маған қатты ұнады, қызықты өтті. Тоғызқұмалақты жақында үйренсем де жақсы дайындалдым, мектепішілік жарыстан желілік жарысқа жолдама алдым. Спартакиадаға қатысқаныма қуаныштымын. Тек, тоғызқұмалақты қарсыласыммен бетпе-бет ойнаған ұнайды, ойын онлайн өткендіктен мен қарсыласымның эмоциясын байқай алмадым, – деді Ералы Қыдырбек.
Спартакиада нәтижесінде орта топ қыздар арасындағы үшінші орынды Тараздағы NIS оқушысы Данара Аташбек иеленді.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.