2019 жылғы 23 сәуірде Министр Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.
Республикалық комиссия отырысында Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2019-2020 оқу жылында оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды іріктеу конкурсының қорытындысы қарастырылды.
«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына 17 485 үміткер қатысты. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына 9 803 үміткер жіберілді.
Республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша 2019-2020 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 2 552 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, 7 251 үміткер келесі оқу жылына жарамды болатын резервтік тізімге бекітілді.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.