Республикалық өнер байқауынан бас жүлде

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
27.01.2020
999
700

Тараздағы НЗМ 12 сынып оқушысы Арайлым Алтай VII Республикалық өнер фестивалінің іріктеу кезеңінде бас жүлдені жеңіп алды. Арайлым атақты «Титаник» фильмінің саундтрегі, Селин Дион репертуарындағы «My Heart Will Go On» әнін шырқап Гран-при иегері атанған.

– Вокалға он екі жасымнан бері қатысып келемін. Ән айту менің хоббиім. Сүйікті ісіңмен айналысып жүріп, нәтижелерге қол жеткізу үлкен бақыт. Уақытымның тығыздығына қарамастан, вокал дәрістеріне үзбей қатысамын. Одан бөлек мектебімізде басқа да бағыттарды қамтитын үйірмелер бар. Барлығын сабақпен қатар алып жүруге тырысамын, – дейді Арайлым.

Жеңімпаз оқушының үйірме жетекшісі Бауыржан Баймаханбетов «Үздік жетекші» марапатын алған. Оның айтуынша, байқауға қатысу туралы шешім тез қабылданғандықтан, дайындалуға уақыт аз болған. Қиын туынды бола тұра, «My Heart Will Go On» әнін Арайлым кәсіби орындады деп отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда жеңімпаз оқушы алдағы айда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін үлкен өнер сайысына қызу дайындық үстінде.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку