TED’x конференциясы өтті

6 қазан күні Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі осы оқу жылына бірінші “TEDx NIS Taraz” конференциясын өткізді. Бізге белгілі болғандай, TED’x – бұл “Таратуға Лайықты Идеялар” (Ideas Worth Spreading) жобасы. TED’x-та қарастырылатын салалар ауқымы өте кең: ол ғылым, бизнес, өнер, білім.

Тараз қаласы НЗМ TED’x конференциясыныңн негізгі мақсаты –  оқушылар мен мұғалімдерге сөйлеу дағдыларын дамытуға, аудитория алдында қорқынышын жеңуге, инновациялық идеялармен бөлісуге, осылайша басқа да спикерлерге үлгі болуға мүмкіндік жасау.

Конференция бағдарламасына сәйкес:

Ауғанбаев Рахымжан, тақырыбы “Неге TEDx спикерлерін тыңдау керек әнді”;

Темірбекова Аяна, ” Сіз – ойыншы немесе көрерменсіз”;

Қуаныш Ақерке, “Сізді кім қоршайды”;

Иса Ильяс “Сенім мақсатқа қол жеткізу тәсілі ретінде”;

Диас Калдыбеков “Жеке бас тиімділігі скриптілері”;

Абжапарова Аида “Кез келген халықаралық оқушы кездестіретін жағдайлар”.

Заурбекова Айнур жастар қауымдастығы кеңесінің төрағасы конференция қонағы ретінде шақырылды және ол өте қызықты “Болашақ өзгерістер агенттеріне: жолдау және қайта іске қосу” тақырыбында сөйледі.

IMG_7685 IMG_7688 IMG_7674 IMG_7660 IMG_7649 IMG_7637 IMG_7655 IMG_7621 IMG_7602 IMG_7715