МЕКТЕПТЕГІ СОҢҒЫ КӨКТЕМ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
25.05.2019
999
700

Мамырдың жұмасында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 88 түлегі үшін мектеп қоңырауы соңғы рет соғылды. Қоңырау үні он екі жылдық оқу марафонындағы барлық сабақтар мен үзілістер, бақылау жұмыстары мен үй тапсырмаларына нүкте қойғандай.

– Баршаңызға осы күні тек қуаныш тілегім келеді. Осы жылдар ішінде бойымызға тек жақсыны сіңірген мектеп қауымдастығының әрбір мүшесіне алғысым шексіз, – деді биылғы түлек Салтанат Тұрарова.

Оқушыларға туған анасындай болып кеткен 12 «H» сыныбының кураторы Гауһар Абдикаликова да қимастық сезімін жасыра алмады.

– Бүгінгі түлектерім туралы мен тек мақтанышпен айта аламын. Оларды алда жарқын және асқақ болашақ күтіп тұрғанына сенімім мол, – деді куратор.

Мерекелік күннің сәнін ұрпақ сабақтастығы мен жарқын болашақты бейнелейтін,  Жастар жылы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған «Жастар» театрландырылған композициясы кіргізді.

Мектеп бітірушілерді салтанатты оқиғамен құттықтауға тек мұғалімдер мен ата-аналар ғана емес, аймақтың ресми тұлғалары да келді. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов өз құттықтауында:

– Сіздердің бүгінгі күнге дейін неге қол жеткізгендеріңіз маңызды емес, арман-мақсатқа жету жолында қаншалықты еңбек етіп, тер төктіңіздер, маңыздысы сол, – деді.

Биыл Тараздағы Зияткерлік мектебін 88 оқушы аяқтады. Бірі экономист боламын десе, екіншісі заңгерлік мансабын армандайды, кейбірі ақпараттық технологияларды таңдап үлгерген. Бүгінде олардың 13-і АҚШ, Венгрия, Германия, Қытай, Ресей және Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар мен жеңілдіктерге ие.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку