Білім бәсекесінде 800-ге жуық оқушы бақ сынаған болатын.
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары аталған сайыста үш алтын, үш күміс, екі қола медаль қанжығалады.
Биология пәнінің сарапшы мұғалімі Инна Аксенова жетекшілік еткен үш бірдей оқушы «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша Ақәділ Айту (Создание установки для очистки водохранилища Тасөткел от рыболовных сетей) мен Зарифжон Рахимов (Создание установки для механической очистки городских каналов от пластиковых отходов) , Арсен Жұмағали (Поиск эффективных агротехнических приемов для выращивания сеянцев черного саксаула (Haloxylon aphyllum) в условиях временных питомников Жамбылской области) 1-орын жеңімпаздары атанған.
Ал «Тарих» секциясы бойынша күміс медаль тарих пәнінің сарапшы мұғалімі Любовь Исатаева жетекшілік еткен оқушылар Мерей Марат пен Фариза Курманбаеваға (Деятельность трудармии на территории Коскудукского лесхоза, Таласского района, Жамбылской области в период Великой Отечественной войны), сонымен қатар «Қолданбалы математика» секциясы бойынша Аружан Манарбековаға (Статистикалық есептеулер арқылы алыстан көрмеушілік(миопиаға) әсер ететін факторларды бағалау) жобасына бұйырды. Жетекшісі математика пәнінің модератор мұғалімі Канат Каражигитова.
Жүлделі 3-орынға «Өлкетану» секциясы бойынша Фатима Баймаханова мен Лейла Жазықбай (Гипотезы Амантая Айзахметова опередившие время) жайғасты. Жетекшілері тарих пәнінің сарапшы мұғалімдері Любовь Исатаева мен Камилла Утегенова.
Жаратылыстану-математикалық бағытта 389 жоба таныстырылса, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 208 авторлық еңбек қорғалды. Жас ғалымдар 16 бағыт бойынша төрт секцияда бірегей жобаларды ұсынды.
Жүлделі орын алған жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, мектеп директоры сыйлықтар табыстады.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.