1-3 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан ІV желілік спартакиадада мектеп намысын қорғаған Данара Аташбек 7-9 сынып оқушылары (қыздар) арасында жеңіске жетіп,1-орын иегері атанды.
Бала кезінен тоғызқұмалақ ойынын қызыға ойнайтын Данара бүгінде талай жетістіктерге жеткен. Облыстық, қалалық жарыстардың жеңімпазы,спорт шеберлігіне үміткер.
Жарыста Назарбаев Зияткерлік мектептерінен жалпы 90 оқушы бақ сынады.
Данараны жеңісімен құттықтаймыз!
Смет Асылхан – 1 орын Рустемова Аяжан – 2 орын Ұлан Аяла – 3 орын Мектеп атын қорғаған үш оқушымыз география және биология пәнінен бағын сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. Барлық жеңімпаздарды және жетекшілерін шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!
Назарбаев Зияткерлік мектептері NIS-тің әлемдік стандарттарын растайтын беделді еуропалық сертификатқа ие болды Германиядағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде Күләш Шәмшидиноваға NIS Педагогикалық шеберлік орталығын жаңа сертификаттау туралы куәлік табысталды. Германияның Байройт қаласындағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жетістігі туралы куәлік табыс етілді. Бұл – мұғалімдердің кәсіби дамуындағы «Мектеп командасы: […]
«Alumni NIS» қағидаттарына айналған OTANYŃDY SUI, ÄLEMDI ÖZGERT, ADAL BOL сөздері Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында өткен кездесуінде айтылды. – NIS-тің мен үшін нағыз әлеуметтік лифтке айналып, үлкен мүмкіндіктер берген мекен екенін мақтанышпен айту үшін осындай тамаша сәтті күттім, – деп мойындады Hochschule Rhein-Waal студенті Амина Бақтиярова: – Мен Өскемен […]
Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін сайтта онлайн-брондау сервисі арқылы талон алу мүмкіндігі болмаған жағдайда Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларына келіп, кезек тәртібімен құжат тапсыруға болады.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.