28 ақпан 2021

Мұғалім тәжірибесін зерттеу: кәсіби даму мақсаты нәтижелерін рәсімдеу әдістері

Тараздағы NIS-те Назарбаев Университеті қолдауымен мұғалімдерге арналған әдістемелік секциялар сериясы ұйымдастырылды. Мақсаты мұғалімдердің жоғары импакт факторы бар журналдардағы жарияланымдары мен зерттеулерінің сапасын жақсарту болып табылады. Бірінші әдістемелік секция «Ғылыми жарияланымдарға мақала жазу: кейс-стади және әдебиетке жүйелі шолу» тақырыбына арналды. Аталған тақырып аясында Назарбаев Университетінің Жоғарғы мектеп докторанты Лаура Ибраева өз тәжірибесімен бөлісті. Өз баяндамасында Л.Ибраева […]

27 ақпан 2021

Көпшілік алдында қорқынышсыз сөйле: Эльмира Найзабекованың ораторлық шеберлік сағаты

Тараздық NIS оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналары көпшілік алдында еркін сөйлеу мен ораторлық шеберлік бойынша дәріс алды. Дәріс сағатын «Даналық бейсенбіде» Мәскеу риторика және ораторлық шеберлік  университетінің сертификатталған тренері, «NAIZA»  Ораторлық шеберлік және бизнес академиясының тренері Эльмира Найзабекова өткізді. Эльмира Дүйсенбекқызы тыңдаушыларға көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі мен дағдысы болмаса, яғни, материал нашар дайындалса, оның дәлдігіне сенімі […]

26 ақпан 2021

Желілік олимпиада күнделігі 26.02.2021

Ағылшын тіліне деген махаббат үш Аружанды бір ортаға жинады Бүгінгі күннің ерекше жағдайы – Олимпиадаға ағылшыннан тараздық үш Аружан есімді қыздардың қатысуы болды, олар: Аружан Жақсылық, Аружан Досходжаева, Аружан Нұрманова. Есімдерінен бөлек олардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтары да бір. Оған дәлел оқушы қыздардың IELTS емтиханынан жоғары нәтиже көрсетуі – А.Досходжаева мен А.Нұрманова 7,0 баллдан жинаған. […]

25 ақпан 2021

Дневник сетевой олимпиады 25.02.2021

Жанбикемен бірге уақыт саяхаты          11-сынып оқушысы Жанбике Жекешова Нұр-Сұлтандағы Зияткерлік мектепте білім алып жүр, алайда, бүгін ол Олимпиада тапсырмаларын Таразда отырып орындады. Бұл қалай болды дерсіңіз, бәлкім Жанбике уақытта саяхаттау құпияларын меңгерген болар: – Олимпиадаға қатысу бойынша өтінімді Тараздағы  NIS-те оқып жүргенде бердім. Артынша отбасылық жағдайлармен елордаға ауысып кеттім. Ереже бойынша тараздық ретінде қатысуым […]

24 ақпан 2021

Желілік олимпиада күнделігі 24.02.2021

Жангерей Бекболат: «Ата-апамның батасын ала шықтым» Желілік олимпиаданың бүгінгі қатысушысы 8-сынып оқушысы Жангерей Бекболат таңертең жеңіске деген сенімімен қатар ата-апасының батасын ала шыққанын айтады: – Осындай жауапты жарыс алдында үйдегі үлкендердің қолдауы маған үлкен жігер мен сенімділік сыйлайды. Бүгін де олар маған сәттілік тілеп шығарып салды, өзім де бар ынтаммен дайындалдым. Білім додасына Жангерей математикадан […]

24 ақпан 2021

Бірлескен жұмыс шеберлікті шыңдайды

Бүгін тараздық NIS мұғалімдері ауылдық мектеп педагогтарына кезекті онлайн семинар өткізді. «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы негізіндегі шара облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Семинарға Зияткерлік мектепке бекітілген Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің 70-ке жуық педагогы қатысты. Тарих пәнінің мұғалімі Айнұр Құлымбетова сабақ барысында визуалды деректермен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретсе, ағылшын тілі мұғалімдері Балнұр […]

23 ақпан 2021

Желілік олимпиада күнделігі 23.02.2021

– Наурыз айынан бастап жас олимпиадашылар үшін дайындық үйірмесін ашуды жоспарлап отырмын, – деген ойымен бөлісті Желілік олимпиадаға үшінші рет қатысып отырған 11-сынып оқушысы Әміржан Бекбанов. – Оған тәжірибем жеткілікті деп ойлаймын, енді білгендеріммен бөлісетін кез келді, – деп сөзін аяқтады ол. 10-сынып оқушысы Ақбота Кеңесхан – мектептің стартаперлер командасының мүшесі. Олардың Crepiks Academy / […]

22 ақпан 2021

Желілік олимпиада күнделігі 22.02.2021

Бүгін NIS желілік олимпиадасының тараздық қатысушылары химия және биология пәндерінің есептерін шешуге кірісті. Олимпиада екі турдан тұрды, олардың ұзақтығы шамамен 4 сағатты құрады. Бірінші күні аталған пәндер бойынша өз білімдерін Іңкәр Инаятқызы, Бақытжан Ешенқұл, Аяжан Рүстемова, Алтынай Сауранбаева, Мұхамедали Түйтебаев, Қалмұхаммед Жұмабек, Арнат Мұхтарұлы тексерді. – Енді ботаника мен анатомияға көп көңіл бөлетін боламын, себебі […]

19 ақпан 2021

NIS-тің желілік олимпиадасының ашылуы өтті⠀

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында өтетін дәстүрлі желілік олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті.  Олимпиада 22 ақпаннан 3  наурызға дейін жалғасады. Жылдың ең басты білім бәйгесінде Тараздағы NIS-тің 27 оқушысы 11 пәннен өз білімдерін сарапқа салмақ. Қазылар алқасының құрамында әр жылдары республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған NIS түлектері бар. Олар Олимпиаданың республикалық деңгейінде ұйымның намысын […]

22

қаңтар
2021

Счастье творчества. Любимое дело способствует личностному развитию

22 қаңтар, 2021 8:54
Толығырақ

11

қаңтар
2021

НЗМ – Тараз: Үміткерлердің құжатын қабылдау жүріп жатыр

11 қаңтар, 2021 8:50
Толығырақ

11

қаңтар
2021

Үміткерлердің құжатын қабылдау жүріп жатыр

11 қаңтар, 2021 8:44
Толығырақ

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку