Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 5 жыл толуына орай өткізілетін мерейтойлық концерт БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2018 жылдың 29 қыркүйегінде Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Бес жылдың белесінде» атты мерейтой кешін «Баласағұн» орталық концерт залында өткізуді жоспарлауда. Мерекелік кеште мектеп оқушылары домбыра бастаған музыкалық аспаптарда қазақтың 100 әнінен попурри орындап, ұлттық би мен күйден шашу шашпақ. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, 5 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерге […]


Білім мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл облысы және Тараз қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 6, 8 сынып мұғалімдеріне арналған тамыз конференциясының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2018 жылдың 27 тамызында ҚР білім беру саласы педагог қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адам капиталы» Республикалық тамыз конференциясы аясында, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептің 6, 8 сынып мұғалімдері  үшін жаңартылған білім мазмұны мәселесі бойынша облыстық секциялық отырыстар өтеді. Секциялық отырыстар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдар мен дене шынықтыру мұғалімдері үшін […]


Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Өнер» әдістемелік бірлестігінің көркемөнер көрмесі

Республикамыздың жалпы білім беретін мектептеріне «Бейнелеу өнері» мен «Көркемөнер еңбегін» оқытудың жаңартылған стандарты бойынша оқу бағдарламасын енгізу мақсатында 2018 жылғы маусымның 5 мен 9 аралығында Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Өнер» әдістемелік бірлестігінің көркемөнер көрмесі өтеді. Облыстық көрме залында мектеп оқушыларының 2017-2018 оқу жылы ішінде «Өнер» сабағынан жасаған шығармашылық жұмыстары қойылады.   Өтетін күні: 2018 […]


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шара

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шара ПРЕСС РЕЛИЗІ          1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің аймақтарында «Нұр Отан» – балаларға» және «Family day» Республикалық акциялары жоспарланған. Аталған акцияларды қолдау мақсатында Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Концерттік бағдарлама аясында оқушылар ән, би […]


“Қолдайық, ауыл мектебін!” республикалық әлеуметтік акциясы

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдарға арналған міндеттерінің бірінде «Туған жер» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Туған жерге, оның дамуына айрықша атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі деп атап айтқан болатын. Яғни аталған жоба жақын болашақта жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналып, халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізі болмақ. Осыған орай, Елбасы ұсынған игі […]


Робототехника бойынша өңірлік олимпиада

Техникалық дарынды, талантты балаларды қолдау және олардың инновация мен жоғары технологиялар саласындағы қызығушылығын арттыру мақсатында, 2018 жылғы 28 сәуір күні Тараз қаласының физика-математика бағытындағы “Назарбаев Зияткерлік мектебі” филиалының базасында World Robot Olympiad-2018 ережелері аясында Робототехника бойынша олимпиаданың өңірлік іріктеу кезеңін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жарыстар бір күн ішінде келесі санаттар бойынша өткізілетін болады: Негізгі – Кіші (12 […]


«Кітап әлемді бағындырады» дәстүрлі акциясы

2 – сәуір Халықаралық балалар кітабы күні және 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай, Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымы жыл сайынғы дәстүрлі «Кітап әлемді бағындырады» акциясын өткізуді жоспарлауда. Жоба мақсаты – мектеп оқушыларын, қызметкерлерін, сондай-ақ ата-аналарды кітап оқуға шақыру, олардың тұлғалық дамуына үлес қосу. Іс-шараға […]


«Пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» облыстық семинар-практикум

Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе отырып, 2018 жылдың 3 ақпанында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 280-ге жуық мұғалімдері үшін  «Пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастыруды жоспарлауда. Облыстық семинар-практикумның мақсаты – жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына сай оқу сауаттылығын дамыту мен бағалау тәсілдерін меңгерту болып табылады. […]