Шахматтан турнир Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп базасында үстіміздегі жылдың 13, 14 қазан күні өтті. Турнир жыл сайын “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының бастамасымен ұйымдастырылады.
Турнирді өткізудің мақсаты ежелгі ойынды оқушылар арасында насихаттау, олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар республикалық шахмат турниріне іріктеу болатын.
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің атынан Әлібек Асқар, Шарқиябек Мөлдір, Серікбай Абзал, Кашкунова Аяна қатысып, 9-сынып оқушысы Әлібек Асқар үшінші жүлделі орынды иеленді. Серікбай Абзал және Кашкунова Аяна төртінші орын алса, Шарқиябек Мөлдір бесінші орынды місе тұтты.
Турнир жеңімпаздары атанған Алматы, Атырау, Астана, Павлодар қалаларындағы Зияткерлік мектеп оқушылары 2017 жылдың 28 қазан мен 4 қараша аралығында Қызылорда қаласында өтетін мектеп оқушылары арасында республикалық шахмат турниріне жолдама алды. Ақтық сынға өткен үміткерлерді жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз!
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.