60-тан астам Тараздық педагог НЗМ тәрбие саласы бойынша тәжірибе шыңдады

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
23.01.2020
999
700

Бүгін Таразық орта білім ұйымдарының 60-тан астам сынып жетекшілері Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен танысты.

Семинар қатысушыларын директордың орынбасары Айша Жолдасбекова қарсы алып, сәттілік тіледі:

– Семинар бағдарламасын сіздер үшін барынша мазмұнды әрі пайдалы етіп құрастыруға тырыстық. Бүгін алатын тәжірибелеріңіз қызметтеріңізге жарап, өз нәтижесін береді деп сенеміз. Сіздерге методикалық қолдау көрсетуге әрдайым әзірміз, – деді Айша Қалдыбайқызы.

Алдын-ала топтастырылған педагогтар Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-кураторлары өткізген «Қоғамға қызмет ету» шебер сыныбы, «Ұлттық тәрбиедегі этикалық құндылықтар» және «Әлемді өзгертетін мейірімді істер» атты куратор сағаттарына қатысып, тәжірибе шыңдады.

Сондай-ақ, НЗМ жатақхана тәрбиешілері «Жақсылық менен басталады», «Жүректі жылытар мейірімділік», «Болашаққа арманмен» атты бірқатар тәрбие сағаттарын өткізді. Аталған тәрбие сағаттарында мектеп қамқорлығындағы қариялар, арнайы түзету орталықтарының балалары, Зияткерлік мектеп оқушылары мен семинар қатысушылары біріге тапсырмалар орындап, шығармашылық жұмыстар жасады.

«Көңілді жаттығулар» деп аталған тренинг барысында Зияткерлік мектептің педагог-психологтары қонақтар арасында қолайлы орта құрып, тәжірибеде қажетті бірқатар психологиялық әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

– Оқушылармен бірлесіп тапсырмалар орындадық. Жергілікті педагогтардың балалармен қарым-қатынасы, қолданған әдістері, дауыс ырғағы бәрі үйлесімді болды. Жас маман ретінде өзіме бірнеше кеңестерді жазып алдым. Әсіресе куратор сағаттарының өтілу форматы көңілімнен шықты, – деген пікірмен бөлісті семинарға қатысушы жас педагог.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку