Бүгін Жамбыл облысының орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» атты тәжірибелік семинары өз жұмысын аяқтады.
Шараның екінші күнінде Зияткерлік мектептің математика, информатика, химия, орыс және ағылшын тілі пәндері мұғалімдері өңірдің 725 педагогымен тәжірибе бөлісті.
Семинарда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдерге, әсіресе жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету көзделіп, СLIL техникасын мен ІТ технологияларды тиімді қолдану әдістері түсіндірілді. Шара интерактивті пікір алмасулар форматында өрбіді. Тыңдаушылар тақырыптар бойынша сұрақтарын қойып, мәселелерді еркін талқылады, бірлесіп түрлі жағдаяттарды шешті.
Мәселен, Тараздағы Зияткерлік мектептің химия пәні мұғалімдері Станислав Котов пен Сергей Жевницкий қатысушыларды СLIL әдісін сабақта тиімді қолдану бойынша зерттеуді бірлесе жүргізуге шақырса, информатика мұғалімдері Балжан Дүйсекеева мен Ақниет Сәрсенбек ұсынған сабақта қолдануға қолайлы платформалар қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Екі күнге созылған жиында аймақтың жалпы саны 1200-ден астам педагогы тәжірибе шыңдады. Шара қорытындысы бойынша сауалнама өткізіліп, оның барысында қатысушылардың айтылған ұсыныстары мен негізгі мәселелері назарға алынды. Сондай-ақ, кері байланыс барысында өңір мұғалімдері алдағы уақытта осы бағыттағы шаралардың жүйелі өтуі туралы ұсыныстарын білдірді.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.