Білім мазмұнын жаңарту аясында Жамбыл облысы және Тараз қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 6, 8 сынып мұғалімдеріне арналған тамыз конференциясының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2018 жылдың 27 тамызында ҚР білім беру саласы педагог қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адам капиталы» Республикалық тамыз конференциясы аясында, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептің 6, 8 сынып мұғалімдері  үшін жаңартылған білім мазмұны мәселесі бойынша облыстық секциялық отырыстар өтеді.

Секциялық отырыстар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық ғылымдар мен дене шынықтыру мұғалімдері үшін екі бағытта жүргізіледі. Шараға мектеп директорлары мен әдіскерлерін қамтыған облыстың  625 педагог қызметкерлері қатысады деп жоспарлануда.

Секция жұмысы Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру бөлімінің бастығы Тұрмаханбетова Рахия Сейтбекқызының алғы сөзімен басталып, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептебінің директоры  Байназаров Талғат Бейсембекұлының «2018-2019 жылы білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасады. Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы директоры Кохаева Есенкуль Нокрабекқызы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжирибесін  өңірде  тарату бойынша қорытындылармен» бөліседі.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдері пәндер бойынша «Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламалары және критериалды бағалау ерекшеліктері» атты шеберлік-сыныптарын өткізеді. Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары тиімді сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент, мұғалім тәжірибесіндегі рефлексивті хат, оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін сапалық және сандық зерттеу деректерін қолдану бойынша семинар-практикумдар сериясын ұйымдастырады. Сонымен қатар, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері ағылшын тілінде сабақ беретін әріптестерін CLIL технологиясын қолданудың жолдарымен жақынырақ таныстырады. Мектеп үйлестірушілері үшін ұйымдастырылатын диалог алаңында критериалды бағалау жүйесі туралы көкейде жүрген сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі туады.

Арнайы жабдықталған бөлмеде отырыс қатысушылары үшін әдістемелік өнімдердің көрме-сатылымы мен қажетті материалдарды жүктеп алу аймағы  жұмыс жасайтын болады.

 

Өтетін күні: 2018 жылдың 27 тамызы

Өтетін орны: Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Домалақ ана көшесі, 266

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Токбергенова Меруерт Бахтияровна

Баспасөз хатшы

Байланыс номері: 8 705 112 61 01

Электрондық пошта: tokbergenova_m@trz.nis.edu.kz

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку