Білікті ұстаз – мектеп әлемін өзгертеді

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
24.10.2019
999
700

Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» атты XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының алғашқы күні қортындыланды.

Алқалы жиында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған екі мыңнан астам педагог бас қосты. Олардың қатарында Қазақстанның әр өңірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, білім беру мекемелерінің басшылары, АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Норвегия, Нидерланды, Франция, Жапония, Сингапур, Гонконг, Вьетнам, Австралия, Испания, Ресей, Түркия, Армения сынды тағы басқа шет елдерден білікті сарапшылар келді.

Конференцияның ашылу салтанатына қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мұғалім мамандығының маңыздылығына тоқталды:

–  Жаһандық әлемде болып жатқан өзгерістер өмір бойына білім беру принципін қабылдауды қажет етеді. Мұғалімдеріміз тек жаңарып қана қоймай, балаларды болашаққа дайындау үшін өзгелерден бір қадам алда жүруі керек. Педагог – заманауи әлемде ең маңызды мамандықтардың бірі, – деді Елорда әкімі.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова министрдің атынан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұжымына ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Пленарлық отырыстың екінші бөлімі «Өзгермелі әлемдегі мұғалім» тақырыбына арналды, онда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова және Израиль, Нидерланды мен Францияның жетекші білім беру ұйымдарының ғалымдары сөз сөйледі.

– Айналамыздағы өзгерістердің себепкері жаңа технологиялар цифрлық әлемнен мүлдем алыс салаларға да еніп жатыр. Нарықтардың шекарасы жоғалып, өнімдердің өмірлік ұзақтығы қысқарып, бәсекелестік күшейіп, адамдарға қойылатын талаптар да өзгеруде. Қазір озық ойлап, озық әрекет ететін уақыт, – деді Күләш Ноғатайқызы.

Шара барысында Кембридж университетінің білім беру инновациялары орталығының директоры Коллин МакЛафлин, Израиль Бейт Берл колледжінің аға оқытушысы Йорам Харпаз, KidZania халықаралық білім беру бағдарламаларының директоры, балалар алдындағы еңбегі үшін Британ империясы орденінің құрметті офицері  Гер Граус, Утрехт университетінің профессоры Тео Вуббельс (Нидерланды), Стэнфорд университеті Халықаралық дайындық бағдарламаларының атқарушы директоры (АҚШ) Рик Соммер сияқты белгілі сарапшылар мен ғалымдар және білім саласының басқа да әлемдік өкілдері баяндама жасады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Зияткерлік мектептерге ерекше сый жасалды. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның Алматыдағы кластерлік бюросының білім бөлімінің жетекшісі Лина Бенете пленарлық отырыста «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидиноваға беделді «Wenhui Award 2019» сыйақысының сертификатын табыс етті.

Wenhui Award – университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған сыйлық. ЮНЕСКО сыйлығы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі.

Айта кетейік, NIS ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген Қазақстанның бірінші өкілі болып отыр.

Күн тәртібіне әлемдегі барлық педагогтарды толғандыратын мәселелер шығарылды:  мұғалім – оқушы серіктестігі, жаһандық құзыреттілік, мұғалімдердің үздіксіз білім алуы, білім мазмұны мен бағалау, қолайлы білім беру ортасын құру, эмоционалды зияткерлікті дамыту және басқа да өзекті тақырыптар қамтылды.

Конференция тарихында тұңғыш рет елордалық Зияткерлік мектептердің оқушыларына арналған шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Калифорниялық колледж директоры Дана Шерри ертегілерді талдау арқылы жас тыңдаушылардың ойлау дағдысын арттырды.

Халықаралық конференцияны дәстүлі автограф-сесия жалғастырды. Көпшілікке шет елдерден келген сарапшылар өздерінің авторлық еңбектерін ұсынды. Заманауи білім беру, болашақ ұрпақты оқытуда тиімді тетіктерді пайдалану, педагогика саласының келелі мәселелері тақырыбында жазылған кітаптар лезде өз тұтынушысын тауып жатты. Шетелдік әдебиетке қызығушылар қатары қалың болды. Оқырмандар кезекке тұрып, авторлардан жарыса қолтаңба алды.

Жыл сайын халықаралық конференцияда тәжірибе алмасатын және зерттеу нәтижелерін ұсынатын Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өлшеулер және білім беру орталықтары қызметкерлерінің саны артып келеді. Шараның екінші күні халықаралық қазылар алқасы «Үздік постер» және «Үздік мұғалім» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтап,  марапаттайды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку