Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
25.07.2022
999
700

Тараздағы NIS оқушысы Саят Әбдіқұл «TARTYL FEST» спорт фестиваліне қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды. Турникте 26-рет тартылған Саят, екінші орынға тартысты ойында турникте 30 рет көтерілу көрсеткішімен 18 жасқа дейінгі 55-70 салмақ дәрежесіндегі қарсыласын әділ жеңді.
– Жалпы спортпен шұғылданғанды жақсы көремін, мен үшін алған орнымда, берілетін сыйақы да маңызды емес. Осындай жарыс өткізіліп жатқанын естіп, спорттағы дәрежемді сынап көргім келді. Әрине, гранд финалға барсам керемет болар еді, алайда мен өзіме ризамын,-деді Саят Әбдіқұл.
Бұл спорт фестивалінің негізгі мақсаты мен міндеті – Қазақстан Республикасының атынан әлемдік аренада өнер көрсететін ең мықты және талантты атлеттерді анықтау. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара таланттарды қолдау қоры» қолдауымен алғаш рет өткізіліп отыр.

Тараздағы NIS оқушылары Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай «Асқар тау алыстаған сайын көріне түседі» атты Әуезов ғұмырнамасына қатысты

Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Асқар тау алыстаған сайын көріне түседі» Әуезов ғұмырнамасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Абилакимовамен 10 «Н» сынып оқушылары Ағаділ Бағдәулет, Абдулла Айлара, Амангелді Нұрислам, Охапов […]

Слово учителя

Знание иностранного языка открывает для человека целый новый мир В 2016 году я окончила Назарбаев Интеллектуальную школу города Тараз, а спустя шесть лет вернулась в школу, теперь уже учителем. Мне хорошо давались математика с физикой, чего нельзя было сказать об английском. Однако за 3 года обучения мой уровень значительно повысился, за что спасибо школе и […]

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрге айналған шара – Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының қатарына қосылу іс-шарасы ұйымдастырылды.

  Биылғы жылы 96 оқушы жақсы оқып, жақсы дамуға салтанатты түрде ант берді.  

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Берік отбасы» жобасы басталды

35-тен астам елде өз тиімділігін дәлелдеген «Берік отбасы» халықаралық жобасы 2018 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүзеге асырылуда. Жоба мақсаты – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтарға – отбасы құндылығын сақтауға, ата-аналарға, қамқоршыларға балаларына қолдау көрсете білуді, күн тәртібін бұзбай, бала тәрбиесімен айналысуға икемдеуді, сонымен қатар балалардың болашаққа деген сенімін арттырып, олардың ата-анасымен жақсы қарым-қатынас орнатуына […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку