ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
06.04.2019
999
700

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Тараздағы Зияткерлік мектеп оқушыларына профилактикалық дәріс өткізді.

Оқушыларды табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету, сондай-ақ олардың алдын алуға үйрету мақсатында облыстық ТЖД мамандары келесі дәрістер оқыды:

– «Өрт қауіпсіздігі және өрт кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері»;

– «Балалардың отпен ойнауы және олардың салдары»;

– «Су айдындарындағы, судағы жүріс-тұрыс ережелері»;

-«Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережесі».

Дәріс барысында оқушылардың негізгі назары өмір қауіпсіздігі негіздеріне аударылды. Департамент қызметкерлері оларды төтенше жағдайлардың пайда болу себептері мен түрлерімен және оларды жою тәсілдерімен таныстырды. Олар өрттің негізгі себептері мен қауіпті факторлары, тұтану мен өртті жою шаралары, сондай-ақ су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын практикалық пайдалану, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мысалдары көрсетілді.

Қорытынды бөлімде балаларға төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы жадынамалар таратылды.

 

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку