Astana IT университеті ректорының грантын жеңіп алды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
12.05.2022
999
700
Тараздағы NIS оқушыларына еліміздің іргелі оқу орны Astana IT университетінің өкілдерімен кездеу ұйымдастырылды.
Басқосуда универститет ректоры Қазақстан Республикасының мектеп бітірушілері мен колледж түлектері арасындағы IT-жобалар Республикалық конкурсында 3-орын иеленгені үшін Ильяс Бибарысқа Astana IT университеті ректоры оқу грантының сертификатын табыс етті.
Зияткер аталған байқауға «Су қоймаларын пластик қалдықтарынан тазартуға арналған автономды құрылғы» жобасын ұсынған болатын. Қондырғы адаммен тікелей байланысқа түскенде, оның өміріне қауіп төндіретін қалдықтарды тазартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Жамбыл облысындағы суды ластайтын негізгі көздерді бақылауға болады.
– Су қоймаларын пластик қалдықтарынан тазалайтын құрылғы жасанды интеллект және сенсор көрсеткіштері негізінде жұмыс атқарады. Барлық деректер әзірленген платформадағы пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі,- дейді жоба жетекшісі Мирлан Джусамбаев.
Күрделі жобаның тағы бір жетекшісі Максим Рыбалкинмен бірге 9 ай уақытын сарп еткен өнертапқыштың айтуынша елімізде осындай жарыстардың көптеп ұйымдастырылуы жастардың түрлі инновациялық жобаларды жасауына септігін тигізеді.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку