Ауыл ұстаздарының алғысы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
19.05.2021
999
700

Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі озық тәжірибені тарату бағытындағы тұрақты әрі табысты еңбегі үшін Жамбыл облысының ауыл мектептерінің ұжымы атынан алғыс алды.

Кеше, 18 мамыр күні Зияткерлік мектеп ұстаздары «Ауыл мектебі» жобасы аясында семинар мен шеберлік сыныптар ұйымдастырып, ауыл мектептерінің әдістемелік әлеуеті мен кадрларының біліктіліктерін көтеру бағытында өз білімдерімен бөлісті. Іс-шара екі бағытта өрбіді: бірінші бағытта мектепте тәрбие жұмысының тиімді тәсілдерін талқылап, білім мен тәрбие беруде кітапхана қызметімен және мектептің өзін-өзі басқару ұйымының атқаратын рөлімен танысты. Екінші бағытта қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер мұғалімдері сабақ берудегі халықаралық және өзіндік ерекше тәжірибелеріне тоқталып, теориялық білімді практикада қалай көрсететіндеріне тоқталды.

– Біз бір жылдан бері бірлексен шаларлар қйымдастырып келеміз, Зияткерлік мектеп ұстаздары әр ай сайын алдымызға шығып, өз ойлары мен біліктіліктерін жеткізіп отырады және одан шаршаған емес. Біз олардан, яғни Зияткерлік мектептен көп дүние алдық және сол үшін де мың алғыс – деп ақ тілегін жеткізді ауыл мектебі директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бағила Тұрсынәліқызы.

Іс-шараға Н. Ақшабаев және Б. Бесбаев атындағы ауыл мектептерінен 50-ден аса мұғалімдер, оның ішінде орыс тілі, ағылшын тілі және география пәндерінің мамандары, кітапханашылар мен мектеп директорларының орынбасарлары қатысып, Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің тәжірибесіне қызығушылық танытып, алғыстарын білдірді және осы ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына тілек білдірді.

Назарбаев Зияткерлік мектебі, облыстық білім басқармасы мен педагогикалық шеберлік орталығының Тәжірибе таратудың 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес бұл семинар үстіміздегі оқу жылындағы соңғы кездесу болып табылады.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку