Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында 2018-2019 жылға деген Мемлекеттік білім тапсырысы жайлы бұйрық жарияланды: http://bit.ly/2xLBcWF. Енді қазақстандық талапкерлер мен студенттер мамандық бойынша бөлінген гранттар тізімімен таныса алады. Құжат жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, оның ішінде қысқартылған оқу формасы бойынша мамандар дайындауды да қамтиды. Министрлік бұйрығының қосымшасында мемлекеттік бюджет есебінен ЖОО-да бакалавр, магистр және PhD дайындауға бөлінген квоталар көрсетілген. Сонымен қатар, жеңілдігі бар үміткерлер мен шеттен келген қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған квоталар жеке берілген.
Алдағы оқу жылына қосымша 20 000 грант бөлінгенін білесіздер. Жалпы алғанда мемлекет жоғары оқу орындарының 53 594 маманы, 12 504 магистр (өткен жылы 9524 болған) және 2 240 докторантының білім алуы үшін қаржы жұмсайды. Әдеттегідей тапсырыстың ең көп бөлігі техникалық мамандықтарға арналған.
Бұл гранттардың Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдарға маман дайындайтын білім беру мекемелеріне қатысы жоқ. Мамандықтарға бөлінген квотаның толық тізімімен мына сілтемелер арқылы танысуға болады:
– 2017-2018 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы(http://bit.ly/2Lrqw1l).
– 2017-2018 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (http://bit.ly/2M06bBg).
– 2017-2018 оқу жылына PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы(http://bit.ly/2sAxH0n).
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.