Ата-аналар университеті: мектеп пен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
17.11.2020
999
700

Оқу жылының басынан бері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Ата-аналар университеттері жұмысын бастады, олардың мақсаты балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық мәдениеті мен құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Университеттің жұмыс кестесіне сәйкес Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары 7-12 сыныптардың ата-аналарына арналған вебинарлар сериясын өткізді.

Вебинарларға ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері және 7-сынып оқушысы Айзере Төлендінің апасы Есенкүл Кохаева, сондай-ақ ТарРУ аға оқытушысы Тойлыбай Маханов спикерлер ретінде шақырылды.

Вебинарлар «Отбасылық құндылықтар – тәрбиенің қайнар көзі», «Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық тәрбиенің маңызы», «Ұлды тәрбиелегенің – елді тәрбиелегенің…», «Қыз тәрбиесі – қоғам ошағы», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Отбасы құндылықтары» тақырыптарында өтті. Жалпы алғанда, оларға 500-ден астам ата-ана қатысты.

– Сабақ тақырыптары ата-аналардың сұранысын, қазіргі проблемалар мен ұсыныстардың өзектілігін зерттеу негізінде қалыптастырылды. Отырыстарда ата-аналардың бала тәрбиесіне психологиялық-педагогикалық дайындығы, балаларды әлеуметтендіру және дамыту, отбасы мен ұжымдағы өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланады, – деді директордың орынбасары Айша Жолдасбекова.

Кері байланыс сауалнамаларына сәйкес, тыңдаушылар көтерілген тақырыптар мен баяндамаларды жоғары бағалады. «Бүгінгі вебинар өте пайдалы болды, бала тәрбиесіндегі әдіс тәсілдермен таныстық. Өзіміздің қате тұстарымызды да тауып жаттық алда осындай вебинарлар жиі болса. Заманауи құндылықтар, дәстүрлер сабақтастығы, ар-ождан тәрбиесі, жеке үлгі туралы мағлұматтардың берері мол. Ұйымдастырушыларға зор алғыс! Ата-аналар мектебінің жұмысына сәттілік!», – деген тілектерімен бөлісті мектептің ата-аналары.

 

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку