Қарашаның 7-8 жұлдыздарында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасындағы тоғызқұмалақ ойыны бойынша жарыс өтті.
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек.Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз – тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.Ойын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды. Қазылар алқасы ойын шарттарың тұсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қызықты және де тартысты өткен ойыннын нәтежиелері келесі:
– ұлдар арасында 1 орын алған – 8 «Е» сыныбынын оқушысы Абілқасымов Мыңжан болды, 2 орынды 7 «А» сыныбынын оқушысы Жұбатханов Бағлан иеленді, ал 9 «D» мен 10 «В» сынып оқушылары Алжанов Арман мен Тұрғұнов Бексултан 3 орын алды.
– қыздар арасында 1 орын – 10 «А» сынып оқушысы Нұрғалиева Асельдікі болса, 2 орын 9 «А» сыныбынын оқушысы Даулетқызы Айшаға берілді. 3 орынды 8 «Е» сыныбында оқитын Ким Юля және 8 «С» сыныбынын оқушысы Даулетова Айдана бөліп алды.
Женімпаздарды құттықтаймыз!!!!
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.