Тараздағы NIS оқушысы әлемнің үздік инновациялық жоғарғы оқу орнына шақырту алды

Full information

Category:
News
Date of publication:
12.05.2020
999
700

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дайана Бестерековаға әлемнің үздік инновациялық жоғарғы оқу орны Минерва университетінен (Minerva Schools at KGI) шақырту келді.

Жыл сайын аталған университетке түсу мүмкіндігін құжат тапсырған талапкерлердің 1-2% ғана алады. Солардың бірі – Дайана. Енді зияткердің 4 жыл ішінде 7 мемлекетте білім алып, саяхаттауға мүмкіндігі бар. Атап  айтқанда, бірінші курсты Сан-Францискода оқыса, екінші курстан бастап Сеул, Гидробад, Буэнос-Айрес, Берлин, Лондон және Тайпейде оқитын болады. Оқу ордасының басты ерекшелігі осында. Студенттер ел аралап жүріп, білім мен тәжірибе жинақтайды.

– Минерва университеті әлемдегі ең төмен түсу пайызымен танымал. Шақыру қағазы келгенде, қатты таңқалдым. Бала күнімнен әлемді аралап, түрлі мәдениет пен салт-дәстүрдің куәсі болуды армандайтынмын. Сондықтан Минерва мен үшін сапалы біліммен қатар, баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік беретініне сенімім мол, – дейді Д.Бестерекова.

Дайана мектеп қабырғасында оқып жүріп, ерікті ретінде шараларға белсене араласа бастаған. Ол Санкт-Петербург қаласында өткен «Ұрпақтар диалогы», USAID ұйымдастырған халықаралық форумдарының белсенді қатысушысы. Бос уақытында оқушыларды олимпиадаға дайындап, хореграфиямен де айналысып үлгереді. Сурет салып, қолөнер бұйымдарын жасағанды ұнатады.

Сонымен қатар, зияткер америкалық FLEX бағдарламасының түлегі. Бағдарлама аясында 100 еріктілік сағатын орындап, сертификатқа ие болған. Америкалық мектеп атынан жеңіл атлетика жарыстарына да бірнеше рет қатысқан.

Болашағын қоғамдық ғылымдар мен бизнеске арнағысы келетін Дайананың арманы биік. Шетелден оралған соң, елдегі әлеуметтік бизнес саласын дамытуды көздейді. Өзінен кейінгі талапкерлерге:

«Оқуға түсер алдында бір жыл бұрын университеттер тізімін жасап, олардың талаптары мен беретін мүмкіндіктерін зерделеп алу қажет. Бірден бірнеше университеттерге өтінім беруге қорықпаңыздар. Құжаттарды мұқият толтырып, жібермес бұрын бірнеше рет тексеріп алыңыздар. Ең бастысы биік мақсаттар қоя білу қажет», – деген ақыл-кеңесімен бөлісті Дайана.

A moment of pride for our school as our dedicated teachers were recognized as winners in the “IMPACT Olympiad” competition.

From January 8 to 13, the VI International Open Creative Competition for teachers of Mathematics, Physics, and Computer Science, along with coaches of the Olympic reserve, took place at the Almaty Republican School of Physics and Mathematics, with the generous support of the Ministry of Education. This prestigious event brought together approximately 400 teachers and […]

999
700
Read more...
An educational triumph for the NIS community!

A moment of pride for NIS as one of its students achieves remarkable success! Anarbek Arsen Mukhamedalyly, an 11th-grade student of Class “A” at the Nazarbayev Intellectual School in Taraz, has secured yet another grant, this time from the prestigious Lomonosov Moscow State University. Lomonosov Moscow State University stands as the premier institution among Russian […]

999
700
Read more...
An educational triumph for the NIS community!

Rakhimov Zarifjon, an 11th-grade student at the Nazarbayev Intellectual School in Taraz, has secured yet another educational grant, this time from the esteemed Lomonosov Moscow State University. Lomonosov Moscow State University, recognized as the premier institution among Russian universities and holding the impressive 97th position globally, is consistently ranked among the top 100 universities in […]

999
700
Read more...
Results of the VXth Eurasian Olympiad in Computer science held among the member countries of the Shanghai Cooperation Organization.

Results of the VXth Eurasian Olympiad in Computer science held among the member countries of the Shanghai Cooperation Organization. From 11 to 12 December on the basis of the International University of Information Technologies in Almaty is held XV Eurasian Olympiad in Computer science among participants from Kazakhstan, Kyrgyzstan, Uzbekistan and Tajikistan. The Olympiad is […]

999
700
Read more...

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку