NIS робототехниктерінің WRO-дағы табысы

Full information

Category:
News
Date of publication:
12.11.2019
999
700

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы Венгрияның Дьорынан табысты оралды. Белгілі жаттықтырушы Николай Авдюниннің жетекшілігіндегі олар WRO чемпионатының (World Robot Olympiad – Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, елге қола медаль алып келді.

NIS құрама командасы «Ақылды білім» секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі «Ziggurat» роботын таныстырды.

– Жобаның идеясы Талдықорған Зияткерлік мектебінен Даниил Филимоновке тиесілі, онымен бірге Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектеп оқушысы Любовь Дудченко және Талдықорғандағы NEXTROBOT орталығынан Элина Пак жұмыс істеді. Ал оларға робототехникадан Алматы облысы құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин жетекшілік етті. Финалда біздің балалар әлемнің 73 елінен 400-ден астам командамен кездесті, – дейді бүгінгі күннің қаһармандарын атаған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов.

Николай Авдюнин – еліміздегі робототехника саласындағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі, Талдықорғандағы НЗМ-де ашылған сәттен бастап жұмыс істейді. Венгриядағы жетістік – бұл Николайдың оқушыларының WRO –дағы үшінші жеңісі. Бұған дейін Сочиден қола және Нью-Делиден алтын медаль алып келген болатын.

– Қазір әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, терең және жылдам өзгерістер кезеңіне қадам басты: технологиялық, экономикалық және әлеуметтік. Жыл сайын біз оқушыларымыздың әлеуетін дамыту үшін жобалар жасаймыз, осылайша ақпараттық өндірісті жетілдіруге тырысамыз, ақпараттық өндіріс негізінде ел экономикасы жаңа деңгейге көтеріле алады, – деп атап өтті Николай Авдюнин.

Венгрияның Дьор қаласында өткен WRO – 2019 «Ақылды қалалар» тақырыбына арналды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім

беру ұйымы – 2014 жылдан бастап Бүкіләлемдік робототехника олимпиадасының ұлттық үйлестірушісі.

NIS-тің тағы үш – Көкшетау, Орал, елордадағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептер командасы Бүкіләлемдік олимпиаданың үздік ондығына кірді.

A moment of pride for our school as our dedicated teachers were recognized as winners in the “IMPACT Olympiad” competition.

From January 8 to 13, the VI International Open Creative Competition for teachers of Mathematics, Physics, and Computer Science, along with coaches of the Olympic reserve, took place at the Almaty Republican School of Physics and Mathematics, with the generous support of the Ministry of Education. This prestigious event brought together approximately 400 teachers and […]

999
700
Read more...
An educational triumph for the NIS community!

A moment of pride for NIS as one of its students achieves remarkable success! Anarbek Arsen Mukhamedalyly, an 11th-grade student of Class “A” at the Nazarbayev Intellectual School in Taraz, has secured yet another grant, this time from the prestigious Lomonosov Moscow State University. Lomonosov Moscow State University stands as the premier institution among Russian […]

999
700
Read more...
An educational triumph for the NIS community!

Rakhimov Zarifjon, an 11th-grade student at the Nazarbayev Intellectual School in Taraz, has secured yet another educational grant, this time from the esteemed Lomonosov Moscow State University. Lomonosov Moscow State University, recognized as the premier institution among Russian universities and holding the impressive 97th position globally, is consistently ranked among the top 100 universities in […]

999
700
Read more...
Results of the VXth Eurasian Olympiad in Computer science held among the member countries of the Shanghai Cooperation Organization.

Results of the VXth Eurasian Olympiad in Computer science held among the member countries of the Shanghai Cooperation Organization. From 11 to 12 December on the basis of the International University of Information Technologies in Almaty is held XV Eurasian Olympiad in Computer science among participants from Kazakhstan, Kyrgyzstan, Uzbekistan and Tajikistan. The Olympiad is […]

999
700
Read more...

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку