Қашықтықтан соғылған «Соңғы қоңырау»

Full information

Category:
News
Date of publication:
25.05.2020
999
700

Бүгін, 25 мамырда Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырау алғаш рет қашықтықтан соғылды. Онлайн форматта өткен салтанатты жиын «Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» деп аталды.

Жылдағыдан өзгеше форматта өтсе де соңғы қоңыраудың сәні мен сипаты сақталды. Әуезді ән мен күй, жұлдызды шеру, құттықтаулар, марапаттаулар, күмбірлеген қоңырау үні – барлығы да қамтылды. Шара шымылдығы оқушылардың түрлі музыкалық аспаптарда «Япурай», «Көзімнің қарасы» әндерін орындауымен ашылды. Ел тарихындағы елеулі оқиғалар мен айтулы мерейтойлар аясында өткен түрлі мектепішілк шараларға да шолу жасалды.

Жұлдызды шеру айдарынтда оқу жылы ішінде түрлі академиялық, спорттық жетістіктерге қол жеткізген оқушылар ұлықталды. Атап айтсақ, Тараздық зияткерлер биылғы жылы халықаралық ғылыми байқаулар мен олимпиадаларда 51 медаль, республикалық жарыстарда 85 медаль таққан. 7 оқушы зерттеу жұмыстары бойынша авторлық құқыққа ие болған.

Мектеп директоры Тимур Нуркешов жиналғандарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Өз сөзінде оқу орнының басшысы ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға онлайн білім беруді жеңілдетуге қосқан зор үлестері үшін алғыс білдірді.

– Бүгінгі күн сіздер үшін – ерекше күн, үлкен өмір жолының бастауы болғалы тұр. Сондықтан, өмірде қанаттарыңыз талмай, озық ойлы, білімді, парасатты азамат болыңыздар. Қиындықтар алдында мойымай, биік мақсат қоюдан жалықпаңыздар. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз! – деп түлектерге сәтті сапар тіледі сөз соңында Тимур Сейітқажыұлы.

Биыл Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 112 түлегі үшін мектеп қоңырауы соңғы рет соғылды. Олардың 6-ы алтын медальға лайық деп танылса, 11-і ерекше аттестатқа үміткер болып отыр. АҚШ, Италия, Чехия, Венгрия сынды елдердің бірнеше беделді оқу орындары мен еліміздегі Назарбаев Университеті зияткерлерге өз  гранттарын ұсынған. Ал, аттестат пен «Алтын белгі» табыстау салтанаты 12-сынып оқушылары үшін маусымның 13-не жоспарланған. Жиын мектептің ауласында ашық аспан астында санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Мерейлі күн тосынсыйларға да толы болды. Мектеп бітірушілердің үйлеріне ішіне кітап, түлектер лентасы, естелік альбомы мен қойын дәптер салынған қорапшалар таратылды. Күтпеген жайттардың бірі әлемге әйгілі қазақ жұлдызы Димаш Құдайберген мен басқа да танымал жұлдыздардан келіп түскен жылы лебізді видеоқұттықтаулар болды.

Мерейлі күн мектеп қауымдастығының түлектерді таңертегнілік құттықтауынан бастау алды. Мектеп бітірушілердің үйлеріне ішіне кітап, түлектер лентасы, фотоальбом мен қойын дәптер салынған естелік қорапшалары таратылды.

WINNERS OF THE REPUBLICAN CONTEST “ZERDE”

NIS students in Taraz won prizes at the XIX Republican competition of research projects and creative works “Zerde”.  In the competition among students of grades 2-7, our intellectuals competed in the natural and mathematical direction. As a result, Danial Akylbekovich took the first place in the Stem engineering section of Computer Science Robotics and Almuhammed […]

999
700
Read more...
NIS students were recognized as winners in the Republican competition of scientific projects “Zhas Al-Farabi”

Recently, within the framework of the “Рухани жаңғыру” program, at the 10th Republican Conference of research work of students “Жас Әл-Фараби”, dedicated to the 90th anniversary of Al-Farabi KazNU, students of the NIS in Taraz were awarded prizes and letters of thanks.  As a result of the conference, Tazhikhan Kanat and Kaldybay Baryskhan took the […]

999
700
Read more...
NIS student triumphantly returned from the project” IT Hub battle”🔥

In the competition organized by the Organization of self-government of students of the Nazarbayev Intellectual School of International Baccalaureate in Astana, the student of our school Tazhikhan Madi won the prize – II place. The competition, which consisted of two stages, was held on the topic “automation of everyday tasks”. The main goal of the […]

999
700
Read more...
🌱NIS students in Taraz turned out to be among the best young geographers and computer scientists in the country.

The final stage of the republican Olympiad in geography and computer science was held in Almaty on the basis of the Haileybury school. All 22 students of Nazarbayev Intellectual Schools took prizes, the NIS piggy bank was replenished with 7 gold, 10 silver, 5 bronze medals.   Including Asylkhan Smet-silver medal in geography; Abdimanap Ermakhan-bronze […]

999
700
Read more...

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку