Ақын Абай мерейтойын Тараздағы Зияткерлік мектеп қалай тойлауда

Full information

Category:
News
Date of publication:
10.08.2020
999
700

Биыл хәкім Абайдың 175-жылдығы ел деңгейінде ғана емес, халықаралық дәрежеде аталып өтілуде. Бастаманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, ақын тойының жоғары деңгейде ұйымдастырылуын тапсырды. Осы орайда мерейтойлық іс-шаралар  Әулиеата топырағындағы Зияткерлік мектепте де жыл басынан жүзеге асырылып келеді.

Оқу ордасындағы той шымылдығы қаңтар айында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атауымен ресми түрде ашылған болатын. Оқушылардың орындауында ақынның балалық шағынан бастап үлкейген шағына дейінгі кезеңі сахналанып, өлеңдерінің шығу тарихына шолу жасалды, әкесі Құнанбайдың берген тәлім-тәрбиесі мен өсиеттері айтылды. Арнайы кеште филология ғылымдарының кандидаты, доцент, абайтанушы Саламатова Рахат Маханбетжанқызы сөз алып, өз зерттеулерінің нәтижесін жиналған қауымға баяндады.

Мерейтойлық іс-шаралар тізбегін жалғастыра отырып, тараздық зияткерлер Абайдың 1, 10, 17 қара сөздеріне негізделген «Абай әлемі» атты әңгіме-қойылымын көрерменге ұсынды. Қойылым мектептің драма үйірмесінің педагогы Камат Касеновтың жетекшілігімен сахналанып, рөлдері 7-10 сынып оқушыларымен сомдалды. Заманауи форматтағы спектакль ұлы ойшыл философиясының терең астарын өзгеше қырынан аша білді. Жас актерлардың үйлесімді қимыл-қозғалыстарынан кемеңгердің көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге деген көзқарастары көрініс тапты. Оқиға желісі арқылы көрермен Абай өз заманында атап кеткен түйіткілді мәселелер әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағандығын ұғына алды.

Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен Тараз мемлекеттік университетінің базасында Абай шығармашылығына арналған «Білімдіден шыққан сөз» атты облыстық фестивалі ұйымдастырылды. Шараға аймақтың 10-нан астам мектептері қатысып, өнер мен робототехникадан бақ сынады. Дөңгелек үстел басына жиналған жергілікті мектеп басшылары мен университет ректорлары ақынның тәрбие мен білім жайлы философиясын тереңнен талқылауға тырысты.

Оқушылар құрастырған роботтар қазақтың ұлттық ойын түрлері асық ату, арқан тартыс, қыз қуудан жарысқа түссе, акт залында Абай шығармалары бойынша драмалық қойылымдар көрсетілді. Бір сахнада оқушылармен қатар ата-аналар мен ұстаздар өнер көрсетті. Осылайша, қазақ данасының 175-жылдығына арналған облыстық фестиваль білім мен өнер ұштасқан өзіндік зияткерлік алаңға айналды.

Сондай-ақ оқу жылы ішінде мектептің өнер әдістемелік бірлестігі шығармашыл оқушылар шабытын ояту мақсатында байқау жариялады. Онда Абай портретін үздік сала білген оқушылар жеңімпаз деп танылып түрлі марапаттарға ие болды. Жас өнерпаздардың қолынан шыққан ақынның түрлі портреттері мектеп бұрышын безендіріп тұр.

Оқу ордасының базасында «Абайтану» кабинетінің ашылуын мерейтойға орай атқарылған елеулі істердің бірігейі деуге болады. Арнайы кабинет оқушы жастарға ғұламаның әдеби мұрасы, өмірі мен шығармашылығы, ақындық айналасы туралы ақпарат ұсынып, насихат беруге бағытталған. Оқу бөлмесінің кітап қорын жасақтауға қызметкерлер, оқушылар мен ата-аналар «Bookcrossing» жобасының аясында үлкен үлес қосты. Ал, аудиторияның басты көркін адам бойымен бірдей жасалған Абайдың бедерлі портреті ашып тұр. Сонымен қатар, бөлме арнайы ақылды тақтамен жабдықталып, тіпті сахналық қойылымдар қоюға мүмкіндік беретін жарықтармен жасақталған.

Мерекелеу мұнымен шектелмей ақынның өмірі мен өнері туралы эссе жазу және өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауларына ұласты. Қызметкерлер мен оқушылар поэзия шеберінің өлеңдерін кезектесе айтып, бір-біріне жыр эстафеталарын жолдады. Елде карантин жарияланып, оқу форматы өзгеше күйге енсе де, ғұламаның 175-жылдығын тойлау тоқтаған жоқ. Оған дәлел ретінде онлайн форматта өткен «Әлем таныған ұлы Абай» атты кездесу кешін келтіруге болады. Кеште Тараз педагогикалық университетінің кандидат-абайтанушы ғалымы Асима Жеңісбекқызы қонақ болып, философ ақынды оқушыларға жаңа қырларынан таныта білді.

Тек қазақ халқына емес, жаһан жұртына ғұмыры мен өнері үлгі болған ақын тойына арналған іс-шаралар жыл соңына дейін әлі де жалғасын таппақ. Өткізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты зияткерлер бойында ақын айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпаннан арылуға шақыру болып табылады.

A moment of pride for our school as our dedicated teachers were recognized as winners in the “IMPACT Olympiad” competition.

From January 8 to 13, the VI International Open Creative Competition for teachers of Mathematics, Physics, and Computer Science, along with coaches of the Olympic reserve, took place at the Almaty Republican School of Physics and Mathematics, with the generous support of the Ministry of Education. This prestigious event brought together approximately 400 teachers and […]

999
700
Read more...
An educational triumph for the NIS community!

A moment of pride for NIS as one of its students achieves remarkable success! Anarbek Arsen Mukhamedalyly, an 11th-grade student of Class “A” at the Nazarbayev Intellectual School in Taraz, has secured yet another grant, this time from the prestigious Lomonosov Moscow State University. Lomonosov Moscow State University stands as the premier institution among Russian […]

999
700
Read more...
An educational triumph for the NIS community!

Rakhimov Zarifjon, an 11th-grade student at the Nazarbayev Intellectual School in Taraz, has secured yet another educational grant, this time from the esteemed Lomonosov Moscow State University. Lomonosov Moscow State University, recognized as the premier institution among Russian universities and holding the impressive 97th position globally, is consistently ranked among the top 100 universities in […]

999
700
Read more...
Results of the VXth Eurasian Olympiad in Computer science held among the member countries of the Shanghai Cooperation Organization.

Results of the VXth Eurasian Olympiad in Computer science held among the member countries of the Shanghai Cooperation Organization. From 11 to 12 December on the basis of the International University of Information Technologies in Almaty is held XV Eurasian Olympiad in Computer science among participants from Kazakhstan, Kyrgyzstan, Uzbekistan and Tajikistan. The Olympiad is […]

999
700
Read more...

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку