«Бірлік» шаңырағы

Педагог-ұйымдастырушы-куратор: Мойлауова Жазира Абдил-Азизовна

«Бірлік» шаңырағында 8G және 10F сынып оқушыларынан құралған 36 оқушы бар.  10F сыныпта 16 оқушы оның ішінде 7-уі ұл, 9 қыз, 8G сыныбында 20 оқушы, 10 ұл, 10 қыз. Шаңырақ көшбасшысы Өнербек Алмаз. Алмаз жауаркершілігі өте жоғары, зерек, ізденімпаз оқушы. Берілген тапсырмаларды өз уақытында, жоғары деңгейде ұйымдастыра алады.

Шаңырақ оқушылары мектепішілік  және сыныптан тыс іс-шараларға белсене қатысады, бір-бірлеріне қолдау көрсетіп, бірлесіп көптеген жұмыстар атқаруда. Мектепішілік тәртіп ережелерін сақтайды.

Шаңырақ оқушылары сабақ жағынан да белсенді, Облыстық, қалалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар мен байқауларға қатысып жүлделі орындарды иемденгендері де бар.

Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, театрға, саябаққа барады. Кейде куратормен бірге бүкіл сынып Шаңырақ болып қыдырады, Шаңырақ болып ұйымдасып экскурсияға шыққан.